Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет83/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні. Бұл күні әр үйдің дастарханында 
ұлттық  тағамдар  самсап  тұрады.  Қазақ  ас 
мәзіріндегі 
көптеген 
тағам 
түрлері 
әзірленеді. Ал, этнографтардың айтуынша, 
қазақта тағамның 200-ден аса түрі болған. 
Ұмыт  бола  бастаған,  кең  таралмаған 
тағамдарды жасаудың әдістері үйретіледі.  
22  наурыз  –  Бұқара  күні.  Таңмен 
таласа барлығы күн шапағын қарсы алады, 
одан  әрі  бұқаралық  мерекелік  шеруге 
ұласады.  Бұл  күні  арнайы  орындарда 
мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.  
Бұқаралық іс-шаралар 
Жалпыхалықтық  тойлау  жиындары  Қыдыр  атаның  келіп,  ізгі  тілек 
айтып, ақ батасын беруімен басталуы керек.  
 
 
 
 
 


58 
 
«Қыдыр атаның» батасы: 
Егемен менің еліме,
 
Арайлап атып таң күлсін!
 
Отанын сүйіп ұл мен қыз,
 
Жұрт рухани жаңғырсын!
 
Білім шырағы алаулап,
 
Ғаламдық бәсекелерде,
 
Ғылым қамалын алдырсын!
 
Отаншылдары ел сүйген,
 
Қанжығасына Қазақтың,
 
Молынан жүлде салдырсын!
 
Мәдениеті Алаштың,
 
Жоғын жұрттың бар қылсын!
 
Тарихқа тұнған даламыз,
 
Жеті кереметіндей дүниенің,
 
Шартарапты таң қылсын!
 
Қазақтың ту, әнұраны,
 
Рухымды көтеретұғын,
 
Мәртебелі, мәңгі үнсің! 
 
1.  Қазақ  халқының  дәстүрлеріне  деген  қызығушылықты  дамыту 
мақсатында ұлттық нақышта безендірілген музейдің жылжымалы киіз үйі іске 
қосылады.  Экскурсовод  жұмысының  мүмкіндігін  қарастыру  ұсынылады,  ол 
киіз үйдің дәстүрлі құрастырылуы туралы айтып бере алады.   
2.  Жергілікті  және  республикалық  телеарналарда  Наурыз  мерекесін 
тойлау бойынша жобалар іске қосылады. 
3.  Барлық  деңгейде  ұлттық  ойындар  бойынша  мектеп,  университет, 
спорттық  секцияларда  іс-шаралар  өткізу.  Наурыз  мерекесін  тойлау  күндері 
аудандық,  қалалық,  облыстық,  республикалық  турнирлердің  жеңімпаздарын 
марапаттау.  
4.  Үздік  ұйым  ауласы  мен  үздік 
мектеп  ауласы  сынды  конкурстар 
өткізу  (сенбілік  өткізу,  ағаштар  мен 
гүлдер отырғызу). 
5. Орталық және басқа да шағын 
аудандар  мен  аулалардың  қатысуымен 
Қазақстанның  өзге  этностары  өкілдері 
арасында Наурыз мерекесін тойлаудың 
ұлттық қойылымын өткізу (конкурстар 
өткізу,  дәм  ауыз  тигізу).  Осылайша, 
қаланың барлық алаңдары (ҚХА) іске қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет