Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет91/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   221
Іске асыру мерзімі: 
2020 жылдың ішінде 
Күтілетін нәтижелер: 
-  балалар арасында халық тарихына деген қызығушылықты арттыру;  
-  патриоттық және дұрыс құндылықтарды тәрбиелеу;  
-  одан әрі даму мүмкінділігі бар сапалы өнім өндіру және шығару;  
-  отандық балалар бағдарламалары арасында қазақ контентін ұлғайту. 
Көрсеткіштер: 
Шығарылған мультипликациялық сериялардың саны - кемінде 6 
Трансляцияланатын телеарналар саны- 2 кем емес 
Интернет - алаңдарда көру саны - жүз мыңнан кем емес. 
 
 
 «Ұлағатты жырлар – ұрпаққа мұра» республикалық 
фестивалін өткізу бойынша ұсынымдар 
 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру»  атты  мақаласында  «Ұлттық  салт-дәстүрлеріміз,  тіліміз  бен 
музыкамыз,  әдебиетіміз,  жоралғыларымыз,  бір  сөзбен  айтқанда  ұлттық 
рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс»  деді. Сондай-ақ, «Ұлы даланың жеті 
қыры» мақаласында дала фольклорын жаңғыртып, ұлы даланың ұлы есімдерін 


63 
 
насихаттау айтылған. Осы бағдарламалық мақалаларда айтылған міндеттерді 
орындау  контекстінде  «Ұлағатты  жырлар  –  ұрпаққа  мұра»  республикалық 
фестивалін ұйымдастыру өзекті.  
Жыршылық өнердің қазақ мәдениетіндегі алар орны ерекше. Тоныкөк, 
Күлтегін  кезеңінде-ақ  жырлар  тасқа  қашалынып  жазылған.  Түрік  қағанаты, 
Ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңдерінде жыршылар қоғамда маңызды рөл 
атқарып, мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосқан.  
Ұлы Дала елінің қай өлкесінде болсын жыршылардың мектебі,  өзіндік 
жыршылық  дәстүрі  бар.  Сыр  бойында  Кете  Жүсіп,  Жиенбей,  Базар, 
Тұрмағамбет,  Тасберген,  Нартуған  т.б.  ұлы  жыршылардың  мектептері 
қалыптасса,  Жетісу  мен  Қаратау  өңірінде  Жамбыл,  Кенен,  Әсімхан, 
Майлықожа,  Молда  Мұса,  Қазанғап  сынды  жыр  дүлділдерінің  жырлары 
сақталған. Сарыарқа өңірінде  Арыстанбай, Жанақ, Шашубай, Майасар сынды 
қазақтың  ұлы  жыршылары  салған  дәстүр  бар.  Қазақ  жыраулары  қисса-
дастандарды, эпостық жырларды 7-10 тәулік бойы жырлаған.  
Бүгінде жыршылық өнерді жалғастырып жүрген жас буынның мектебі 
дамып келеді. Дәстүрлі жыр кештерін өткізіп, жыраулық өнердің насихатын 
көбейту,  халықаралық  жыр  фестивальдерін  өткізу  жыршылық  өнерге  жаңа 
сипат,  жаңа  тыныс  әкеледі  және  оның  тыңдармены  мен  аудиториясын 
ұлғайтуға көмектеседі.  
«Ұлағатты жырлар – ұрпаққа мұра» республикалық фестивалі еліміздегі 
барлық  жыршылық  мектептердің  басын  қосып,  жыршылық  орта 
қалыптастырып,  жастар  мен  аға  буын  өкілдерінің  тәжірибе  алмасуына 
мүмкіндіктер  береді.  Фестиваль  аясында  жыршылық  өнердің  бүгінгі 
қордаланған  мәселелері  талқыланып,  жаңа  туындылардың  дүниеге  келуіне 
септігін тигізеді.  
Мақсаты:  қазақ  даласындағы  сан  ғасырлық  тарихы  бар  жыршылық 
өнерді  ұлықтау  және  жыраулар  мектептерінің  одан  әрі  дамуына  үлес  қосу 
арқылы  дала  фольклорының  аудиториясын  кеңейтіп,  халыққа  терең 
насихаттау.  
Міндеттері: 
–  ұлттың рухани және мәдени құндылықтарын жаңғырту; 
–  жыраулар  поэзиясының  үзілмеуіне,  бұл  дәстүрдің  келесі  буынға 
берілуіне атсалысу; 
–  дала фольклорының бүгінгі үлгісін қалыптастыру және дамыту; 
–  жыраулық шығармалар  арқылы  қазақтың  тарихын,  салт-дәстүрлерін 
насихаттау; 
–  жастардың мәдени танымын кеңейту; 
–  ұлттық музыканы тыңдап, бағалайтын аудитория көлемін ұлғайту; 
–  белгісіз болып келген жырауларды, жырларды насихаттау; 
–  заманауи  құрылғылардың  көмегімен  жырларды  импровизациялау 
арқылы, оның аудиториясын кеңейту; 
–  ұлттық  музыка  арқылы  салт-дәстүрімізді  насихаттайтын  жастар 
санын көбейту.  


64 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет