Күтілетін нәтижелер: – есімі елге танылмаған жыраулардың еңбектері зерттелінеді, олардың
еңбектері көпшілікке танылады;
– ұлттық бірегейлікті қалыптастырып, дала фольклорының кең ауқымда
насихатталуына жағдай жасалады;
– жыраулық дәстүр жаңғырып, жастардың жыраулық өнерге деген
қызығушылығы артады;
– жыраулық өнер жайлы жаңа ғылыми еңбектер жарық көреді;
– БАҚ-та дала фольклоры туралы мақалалар, сюжеттер жарық көреді;
– эпостық жырлар мен дастандарды жатқа оқитын үздік оқушылар
анықталады;
– жыраулық өнердің тарихы жазылған монография жарық көреді;
– дала фольклорының заманауи үлгісі дамитын болады және заманауи
құрылғылардың
көмегімен
импровизацияланған
жырлардың
таралу
аудиториясы кеңейеді;
– жастардың мәдени, тарихи-этнографиялық білімі тереңдейтін болады.