Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет94/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

 
 
«Аналар форумы» республикалық форумын өткізу 
бойынша ұсынымдар 
 
Шығыс  ғұламасы  Әл-Фараби:  «Адамға  ең  бірінші 
білім  емес,  тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім-адамзаттың  қас 
жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп атап өткен.
 
Ұрпақ 
тәрбиесі – ұлт болашағы.  Ал ұрпақты тәрбиелеп, ұлағатын беріп отырған ол – 


65 
 
ана, ол – әйел. Қазақ қоғамында ананың рөліне ежелден ерекше мән берген. 
Елбасы  «Рухани  жаңғыру»  мақаласында  ұлттық  дәстүріміз,  тарихымыз, 
мәдениетіміз, рухани құндылықтарымыз бойына сіңген жаңа заманның білімді 
ұрпағын  қалыптастыру  керектігін  атап  өткен.  Ал  бұл  қасиеттің  барлығы 
ананың сүтімен, өнеге-тәрбиесімен жас ұрпаққа даритыны белгілі. 
 
Қоғамның жаңғыруы әуелі отбасы-ошақ қасынан басталады. Бұл ретте 
аналардың рөлі жоғары. Бүгінгі таңда қоғамға да, отбасына да еңбегін сіңіріп, 
әр салада табысты еңбек етіп қана қоймай, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп отырған 
аналар өте көп. 
Еліміз  ана  мен  балаға  әрқашан  көңіл  бөліп,  ана  денсаулығы,  ананың 
қажеттіліктері мен мәртебесіне баса назар аударып келеді. Бүгінгі таңда әйел 
қоғамдағы алып күш. Ал, аналардың түйіткілді мәселелері де қоғам тарапынан 
ашық  талқылануы  тиіс.  Сол  арқылы  аналардың  мәртебесін  көтеріп,  ұрпаққа 
толыққанды тәрбие беретін абзал жандарды жасақтай аламыз. Республикалық 
«Аналар»  форумы еліміздегі қыз-келіншектер арасындағы өзекті мәселелерді 
көтеріп,  ұрпақ  тәрбиесі,  ұлт  тәрбиесіне  қатысты  маңызды  сұрақтардың 
жауабын іздейді.   
Мақсаты:  
1.  Қоғам  өмірінде  аналардың  бүгінгі  образын  жаңғыртып,  ұлттық 
құндылықтарды аналардың өнегесімен ұрпақ бойына сіңіру; 
2. Қоғамда ана денсаулығы, ұлт тәрбиесі, аналардың өзекті мәселелерін 
талқылап, әр салада жетістікке жетіп, ұлттық тәрбиеге де, ел өміріне де етене 
араласып жүрген аналарды көрсету.  
Міндеттері: 

 
ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлін көрсету;  

 
аналардың мәртебесін арттыру; 

 
аналардың  білім  алуы,  денсаулығы,  жұмыспен  қамтылуы,  бизнеске 
араласуына мүмкіндіктер ашу;  

 
аналарға  салт-дәстүр,  ұлттық  өнер,  мәдениет,  тіл  мен  тарих  арқылы 
әжелер өнегесін дәріптеу; 

 
қоғамдағы  қыз  бала  тәрбиесіне  қатысты  маңызды  сұрақтарды 
талқылау; 

 
қыз  баланы  жастайынан  қолөнерге,  ас  үй  жұмыстарына,  еңбекке 
баулып, отбасы құндылықтарын үйрету; 

 
жастарды  отбасылық  өмірге  тәрбиелеу,  қоғамда  бәсекеге  қабілетті, 
ұлттық рухы бойына сіңген, толыққанды отбасы құру жолдарын түсіндіру; 

 
жастарға  отбасын  сақтау,  берекесін  арттырып,  өнегелі  шаңырақ 
құруға үлгілі аналардың ақыл-кеңестерін жеткізу; 

 
қыз-келіншектерге қосымша табыс көздерін тауып, кәсіпке баулу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет