Іске асыру механизімдері: – фестиваль аясында әдебиетші, музыкатанушы ғалымдармен «Бүгінгі
жыраулық өнердің дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастыру керек; – баспасөз беттерінде әдебиет зерттеушілерінің қазақ жыраулары
жайындағы ғылыми зерттеулері жүйелі жариялануы тиіс; – мектеп оқушыларының арасында жыраулар поэзиясын, эпостық
жырлар мен қисса дастандарды жатқа оқудан байқауларлар ұйымдастыру; – өңірлерден жиналған әртүрлі жыраулық мектептер шәкірттерінің
концерттерін ұйымдастыру; – телеарналарда «Ұлы дала жырауы» атты концерттік-шоулар өткізу; – қазақ даласындағы жыраулардың шығармаларын жинақтап, зерттеп
«Жыраулар монографиясын»шығару; – жас жырауларға шеберлік сағаттарын өткізу; – Қазақ радиосының «Алтын қорына» енген жырларды тыңдарманға
ұсыну; – есімдері халыққа танылмаған, әр өңірдегі жырауларды зерттеп,
шығармаларын жариялап, еңбектерін көпшілікке таныту жұмыстарын
жүргізу.