80
тердің өзіндік ерекше адресі (
IP-адрес)
болуы тиіс. Осы адреске қарай
TCP пакеттері керекті компьютерге тез жеткізіледі. Адрес нүктемен
бөлінген төрт саннан тұрады. Соларға байланысты желі тораптары
арасында қажетті байланыс орнатылады да, мәлімет «жақын»
немесе
«алыс» орналысқан бір компьютерге жөнелтіледі. Бұл тырнақшадағы
сөздер ара қашықтықты емес, мәліметті жылдам жеткізуге болатын
нүктелер мүмкіндігін көрсетеді. Қай компьютердің «жақын» немесе
«алыс» екендігін арнайы құралдар
маршрутизаторлар
анықтайды.
Ашық жүйелердің әрекеттесу моделі.
ISO/OSI
моделінде компью-
терлер арасындағы байланыстың жеті деңгей арқылы орындалатыны
айтылған болатын. Енді әр түрлі құрылықтарда орналасқан компьютер
арасында қалай мәлімет тасымалданатынын қарастырайық.
1. Тұтынушы алғашқы
қолданбалы деңгейде
өз компьютеріндегі
бағдарламалар көмегімен жіберілетін құжатын даярлайды.
2.
Ұсынылу деңгейінде
тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе
мәліметтің қайда жазылып тұрғанын анықтап, оның келесі деңгеймен
әрекеттесуін қадағалайды.
3. Келесі
сеанстық деңгейде
тұтынушы компьютері жергілікті немесе
ауқымды желімен байланысады.
4.
Тасымалдау (транспорт) деңгейінде
жөнелтілетін құжат қолданы-
латын желі хаттамалары талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы
форматқа (пакеттерге) түрлендіріледі.
5.
Желілік деңгейде
мәліметтің тасымалдану маршруты анықталып, ол
адреспен толықтырылады.
6.
Байланысу деңгейінде
желілік деңгейден алынған мәлімет модем
көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп,
оны модульдеу ісі атқарылады.
7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы
физикалық деңгейде
орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымал-
данады. Мәліметті қабылдап алу тағы да
екінші тұтынушы компью-
терінде осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқылы биттерді
қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жолымен атқарылады.
Байланыс моделінің деңгейлері
Достарыңызбен бөлісу: