Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет37/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
Молдабекова-Б.Қ.Ақпараттық-коммуникациялық-технологиялар.

Интернеттегі қызмет түрлері.
 
Интернетте қызмет түрлері 
(баптары) өте көп, олардың әрқайсысының өз хаттамасы болады. Олар 
қолданбалы хаттамалар 
деп аталады

Қолданбалы хаттамаларға сәйкес 
мәлімет алмасу арнайы 
клиенттік 
бағдарламалар «немесе жай 
клиент

арқылы орындалады. 
Терминалдық режим.
 
Интернетті алдыңғы кезде алыстағы компью-
терді басқару үшін қолданған болатын, мұны 
Telnet 
қызмет бабы деп 
атаған еді. Алыстағы компьютерге осы жұмысқа сәйкес хаттама арқылы 
қосылып, оның жұмысын басқаруға болады. Мұндай басқару түрін 
консолды 
немесе 
терминалды 
басқару деп де атайды. Көбінесе 
Telnet 
қызмет бабы техникалық объектілерді алыстан басқару мақсатында 
қолданылады. 
Электрондық пошта (E-Mail)
 
қызметімен интернетте арнайы 
пошта 
серверлері 
айналысады. 
Сервер 
ролін компьютер немесе арнайы 
бағдарламалық 
жабдықтама 
атқарады. 
Пошта 
серверлері 
әр 
тұтынушыдан (клиенттерден) мәлімет алып, оларды адрестеріне ссәйкес 
алушыларға жақын орналасқан пошта серверлеріне жөнелтеді. Сондай 
серверлерді келген мәліметтер жиналып тұрады да, адресат серверімен 
байланысқан кезде олар өзіне арналған мәліметтерді қабылдап алады. 
Пошта қызметі SMTP және POP3 сияқты екі хаттама арқылы жұмыс 
атқарады. Алғашқысы - мәліметті компьютерден жақын жердегі серверге 
жөнелтеді де ал екіншісі - адресатқа жақын маңдағы серверге келіп 
түскен мәліметті керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді. 
Тарату тізімдері (Mail List).
 
Әдетте электрондық пошта екі 
компьютер арасында мәлімет тасымалдайды. Ал көптеген мәліметтер бір 
адамға емес, көпшілікке арналады да, олар алдын ала жазылған 
тізім 
бойынша 
таратылады. Мұндай тізімдер серверлерде жиналып тұрады, 
сол серверлерге арнайы тақырыптық мәліметтер де тұрақты түрде келіп 
түседі, сонан соң олар жазылған тізім бойынша газет-журналдар тәрізді 
таратылады. 
Телеконференция қызметі (Usenet).
 
Телеконференция қызметі келіп 
түскен мәліметті осы тақырыптағы конференцияға қатысушылардың 
бәріне, яғни белгілі бір топқа жөнелтеді. Мұндай топтар 
жаңалықтар 
тобы 
деп те аталады. 
Көптеген мамандар өз мамандықтарына қатысты тақырыптар 
аймағында өтіп жатқан телеконференциялар мәліметтерін тұрақты түрде 
қарап отырады. Мәліметтерді осындай тәсілмен шолып өту 
информация 
мониторингі 
деп те аталады.. 
Кейбір топтарда конференция тақырыбына келіп түскен мәліметтерді 
алдын-ала қарап шығып сұрыптау ісі жүргізіледі. Тақырыпқа сәйкес 
келмейтіндері (көбінесе жарнамалар) алып тасталынады. Мұндай 


83 
конференциялар 
модельденетін 
топтарға 
жатады. 
Модельдеуді 
жүргізуші 
модератор 
ролін адам немесе алдын ала белгіленген өзекті 
сөздерге байланысты мәліметті сұрыптаудан өткізетін бағдарлама да 
атқара алады. Егер бағдарлама қолданылса, онда 
автоматты модерация 
жүргізілді деп айтылады. 
World Wide Web
 
- бұл 
Web-серверлерде 
сақталатын, өзара байланыс-
тағы миллиондаған электрондық құжаттардан тұратын біртұтас 
информациялық кеңістік. 
Web кеңістігін 
құрайтын жеке құжаттардың бір 
беті 
Web-парақ 
деп аталады. Белгілі бір тақырып бойынша біріктірілген 
Web-парақтар жиыны 
Web-тораптарды 
немесе 
Web-сайттарды 
құрайды. 
Web-парақтарды көруге арналған бағдарламалар 
броузерлер 
болып 
аталады. Кейде броузер сөзін 
броузер, көрсеткі 
деп те айта береді. 
Броузер құжатты оны жасаған автордың мәтін ішіне енгізілген арнайы 
командаларына сәйкес экранда бейнелеп көрсетеді. Сондай командалар 
тәгтер 
деп аталады. Тәгтер құжатты броузер арқылы қарағанда, мәтінді 
безендіріп форматтап береді, бірақ өздері көрінбейді.
Құжат авторы тәгтерді алғаш жазған кезде оларды латын әріптерімен 
теріп бұрыштық жақшаларға () алып отырады. Күрделі тәгтердің 
бұрыштық жақшаларға алынған түйінді сөздерге қосымша 
атрибут-
тары 
(анықтауыш, сипаттама) немесе 
параметрлері 
болады. Осындай 
тәртіппен құжаттың алғашқы нұсқасы тәгтермен біріктіріліп 
HTLM 
тілінің 
ережелеріне сәйкес жазылады, ал құжат экранға шыққанда 
тәгтерсіз тек мәтін ғана көрініп тұрады. Құжат 
HTLM (Hyper Text Markup 
Language) - 
гипермәтінді белгілеу тілінде жазылатындықтан, 
Web-
құжат 
немесе 
HTLM форматындағы құжат 
деп айтылады. 
Сонымен 
HTLM 
тәгтері арқылы жазылатын 
Web-
парақтардың ең 
маңызды ерекшелігі - олардың 
гипермәтіндік сілтемелері 
болуында. 
Мәтіннің бір сөзімен немесе суретімен басқа 
Web-
құжатты гиперсілтеме 
арқылы байланыстырып қоюға болады. Осылай бір құжаттан екінші 
құжатқа гиперсілтеме көмегімен ауысып отыру мүмкіндігін 
Web-серфинг 
Web-навигация деп атайды. 
Дүниежүзілік 
Web 
кеңістігіндегі кез келген файл адресі 
ресурстың 
ықшамдалған көрсеткіші - URL 
арқылы анықталады. Сонымен, Интер-
неттегі әрбір мәліметтің 
IP-адресі 
және 
URL 
көрсеткіші арқылы берілген 
домендік адресі болады. Соңғы адрес белгілі бір мағынасы бар сөз 
тіркесімен - символдармен беріледі. 
Домен аттары қызметі (DNS).
 
Файлдарды тасымалдау жұмысы желі 
арқылы бағдарламалық файлдарды алу кезінде, көлемді құжаттарды 
немесе солардың сығылған архивтік файлдарын тасымалдауда жиі қажет 
болады. FTP қызметінің дүниежүзілік желіде өз серверлері бар, оларда 
мәліметтер архиві орналасқан. 
IRC қызметі.
IRC (Internet Relay Chat) қызметі нақты уақыт кезеңінде 
бірнеше кісі тікелей әңгімелесіп қарым-қатынас жасауы үшін қажет. 


84 
Кейде IRC қызметін 
чат-конференция 
немесе жай 
чат 
деп атайды. IRC 
жүйесінде қатынасып сөйлесу тек бір канал аралығында және бұл 
жұмысқа бірнеше адам ғана қатынасады. 
ICQ қызметі

Бұл қызмет осы сәтте Интернетке қосылып отырған 
кісінің желілік 
IP-адресін 
іздеуге арналған. Бұл қызметті пайдалану үшін 
оның орталық серверінде тіркеліп, жеке идентификациялық нөмер алу 
қажет. 
Интернетке әрбір қосылған сайын сіздің компьютеріңізде тұрған ICQ 
бағдарламасы сіздің ағымдағы IP-адресіңізді анықтап, оны қызмет 
орталығына жібереді де және ол адресті сіздің әріптестеріңізге жібереді. 
Байланыс орнатылғаннан кейін ары қарай қатынасу IRC қызметі сияқты 
жалғаса береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет