Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет38/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
Молдабекова-Б.Қ.Ақпараттық-коммуникациялық-технологиялар.

7.4
 
 Телекоммуникациялық технологиялар 
Телекоммуникация сөзінің өзі латын тілінен сөзбе-сөз аударғанда 
қашықтықтағы байланыс дегенді білдіреді. Жалпы байланыс ортасына 
өзара ақпарат алмасуға қабілетті техникалық құралдар жиыны 
телекоммуникациялық жүйені құрады. Телекоммуникациялық жүйелер 
өз кезегінде мамандандырылған хаттамалар бойынша өзара ақпарат 
алмасуды қамтамасыз ететін және абоненттік құрылғылардың 
қатынауына қызмет көрсететін серверлерден тұрады.
Телекоммуникация
(Telecommunications) - компьютерлік жүйелер мен 
қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде 
телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді 
қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы 
байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер 
алмастыруға арналған қатынас.
Телекоммуникациялық жүйелерді құрастыруды екі топқа жіктеуге 
болады:

байланыс жүйелері 

деректерді жіберу жүйелері.
Байланыс жүйелері
 
көпфункционалды телефон станциялары (сым 
телефон), микроұялы байланыс (сымсыз телефония), транктік байланыс 
және радиоіздеуші ұялы байланыс (пэйджер, байланыстық басқа да 
түрлерінің интеграциясы) жүйелерін қамтиды. 
Деректерді жіберу
 
жүйелері жергілікті есептеуіш желілерін
корпоративті байланыс, көпхаттамалы және көп-сегментті желілердің 
интеграциясынан тұрады.
Қорытындылай келе, телекоммуникациялық жүйелерді құрастыруды 
басқару қазіргі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың 
қоғам өмірі қызметінің кез келген салаларында сапалы және кең көлемде 
қолдануға, шаруашылық қызметін автоматтандыру үрдісін кешенді түрде 
жүзеге асырудың маңызды шарты екенін атауға болады.
 


85 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет