Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет64/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72
 

1 цифрдан тұрады: бақылау цифры. 
Электронды үкімет порталын пайдалану қызметтері (сурет 19,20,21) 
көрсетілген. 
19- сурет. Порталға кіру 
 
20-сурет. Жеке кабинетпен жұмыс 
 
Электрондық Үкіметтің іс-әрекетінің қызмет ету тетігі ақпараттық 
технологияларды кеңінен қолдануға негізделген және азаматтар мен 
ұйымдарға барынша қызмет көрсетуге бағытталған. Қысқаша айтқанда, 
Электрондық Үкімет дегеніміз мемлекет атқаратын барлық қызметтер 
мен функциялардың электронды түрі. 


137 
 
 
21-сурет. Виртуалды кеңесші сайты 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Электронды коммерция түсінігі. 
2.
Электрондық коммерцияның негізгі неше түрі бар? 
3.
Бизнес процесс дегеніміз? 
4.
Жаңа бизнес-процеске көшу нені жүзеге асырады? 
5.
Реинжинирингтің қандай қасиеттерін ерекшелеуге болады? 
6.
Электронды оқытудың негізгі мақсаты? 
7.
Электронды оқытудың негізгі компененттері? 
8.
Электрондық үкімет дегеніміз? 
9.
Электронды үкіметтің жетістіктері? 
10.
Электрондық Үкіметтің көмегі? 
 
ТАҚЫРЫП 14. Кәсіби саладағы ақпараттық технологиялар. 
Индустриялық АКТ 
14.1 Мамандандырылған кәсіби саланың міндеттерін шешудегі 
бағдарламалық қамтамасыз ету 
14.2 Кәсіби салалардағы заманауи АТ-трендтер: медицина, 
энергетика және т.б. 
14.3 Индустриялық ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың қауіпсіздігі 
Бақылау сұрақтары 
 
14.1 Мамандандырылған кәсіби саланың міндеттерін шешудегі 
бағдарламалық қамтамасыз ету 
Қолданушы бағдарламалауға жүгінбей-ақ, өзінің ақпараттық 
есептерін шеше алатын бағдарламалар қолданбалы бағдарламалар деп 
аталады. 
Қолданбалы бағдарламалық қаматамасыз етудің жіктелуі: 


138 

Кәсіпорын мен ұйымның қолданбалы бағдарламалық қаматамасыз 
етуі. Мысалы, қаржылық басқару, тұтынушылармен қатынас жүйесі, 
жабдықтау желісі. Бұл типке сондай-ақ кіші бизнес кәсіпорындарының 
ведомстволық бағдарламалық қаматамасыздандырулары, сонымен қатар 
үлкен кәсіпорындардың ішіндегі жаңа бөлімшелердің бағдарламалық 
қаматамасыздандырулары жатады; 

Кәсіпорын инфрақұрылымының бағдарламалық қаматамасыз етуі. 
Кәсіпорынның бағдарламалық қаматамасыздандыруын қолдау үшін 
жалпы мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Бұл деректер базалары, 
электрондық пошта серверлері, желіні және қауіпсіздікті басқару және 
т.б. 

Ақпараттық қызметкердің бағдарламалық қаматамасыз етуі. 
Ақпаратты құруда және басқаруда жеке қолданушылардың тұтыну-
шылығына қызмет етеді. Бұл, әдетте, уақытты, ресурстарды, құжат-
таманы басқару, мысалы, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, 
электрондық пошталар мен блоктарға арналған бағдарламалар-
клиенттер, дербес ақпараттық жүйелер мен медиа редакторлар. 

Имитациялық 
бағдарламалық 
қаматамасыз 
етуі. 
Ғылыми 
зерттеулер, оқыту немесе көңіл көтеру мақсатында физикалық немесе 
абстрактілі жүйелерді симуляциялау үшін қолданылады. 

Жобалауға 
және 
контрукциялауға 
арналған 
қолданбалы 
бағдарламалар. Аппараттық және бағдарламалық жабдықтауларды 
құрастыру кезінде қолданылады. Мұндай бағдарламаларға мыналар 
жатады: автоматтандырылған дизайн (computer aided design – CAD), 
автоматтандырылған жобалау (computer aided engineering – CAE), 
бағдарламалау тілдерін редакциялау және компиляциялау, құрастырудың 
интегралданған 
жүйе 
бағдарламалары 
(Integrated 
Development 
Environments), қолданбалы бағдарламалауға арналған интерфейстер 
(Application Programmer Interfaces). 
Әдетте, барлық қолданушылар әрқайсысына қажетті қолданбалы 
бағдарламалар жиынына ие болуды қалайды. Мұндай бағдарламалар 
жалпы тағайындаудағы бағдарламалар
деп аталады. Оларға мыналар 
кіреді: 

мәтіндік және графикалық редакторлар, олардың көмегімен әр 
түрлі мәтіндерді дайындауға, суреттерді құруға, сызбаларды жасауға 
болады; 

деректер базаларын басқару жүйелері (ДББЖ), олар компьютерді 
кез келген тақырып бойынша анықтамалыққа айналдыруға мүмкіндік 
береді; 

кестелік процессорлар, олар тәжірибеде кең таралған кестелік 
есептеулерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді; 

коммуникациялық (желілік) бағдарламалар, олар компьютерлік 
желіге біріккен басқа компьютерлермен ақпарат алмасу үшін арналған. 
Бұдан басқа, кәсіби қызметке арналған көптеген 
арнайы


139 
тағайындаудағы
қолданбалы бағдарламалар
да бар. Оларды жиі 
қолданбалы пакеттер жиыны деп атайды. Бұл, мысалы, бухгалтерияда 
жасалатын еңбекақының және т.б. төлемдердің түсуін жүргізетін 
бухгалтерлік бағдарламалар; конструкторларға әр түрлі техникалық 
құрылғылар жобаларын құрастыруға көмектесетін автоматтандырылған 
жобалау жүйелері; бағдарламаларды құрастыруынсыз-ақ күрделі 
математикалық есептерді шешуге мүмкіндік беретін пакеттер; әр түрлі 
мектеп пәндері бойынша оқытатын бағдарламалар және т.б. 
Қазіргі уақытта офисті автоматтандырудың ақпараттық техноло-
ияларын қамтамасыз ететін көптеген қолданбалы бағдарламалық өнімдер 
бар. Оларға мыналар жатады: мәтіндік процессорлар, кестелік 
процессорлар, деректер базасын басқару жүйелері, электрондық пошта, 
электрондық күнтізбе, компьютерлік конференциялар, бейнемәтін, 
сонымен қатар басқару қызметінің мамандандырылған бағдарламалары: 
құжаттарды енгізу, бұйрықтардың орындалуын қадағалау және т.б. 
Мәтіндік процессорлар
мәтіндік құжаттарды құру және өңдеу үшін 
арналған. Дайындалған мәтіндік құжаттар баспаға шығарыла алады
сонымен қатар компьютерлік желі бойынша жіберіле алады. Сонымен, 
менеджердің билігінде жазбаша коммуникацияның тиімді түрі болады. 
Кестелік процессорлар
кесте түрінде берілген деректермен көптеген 
амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Қолданушы кестелік деректерді 
енгізу, оларды өңдеу, қажетті есептеулерді жүргізу, автоматты түрде 
нәтижелерді қалыптастыру, баспа түрінде және файлдардың басқа 
жүйелеріне импортталатын түрде ақпаратты шығару, кестелік деректерді 
сапалы түрде рәсімдеу, соның ішінде графиктер мен диаграммалар 
түрінде, инженерлік, қаржылық, статистикалық есептеулерді жүргізу, 
математикалық модельдеуді жүргізу және т.б. мүмкіндіктеріне ие 
болады. 
Деректер базасын басқару жүйелері
фирманың басқару жүйесі мен 
өндірістік қызметі туралы әр түрлі мәліметтері бар белсенді күйдегі 
деректер базасын құру және қолдау үшін арналған. 
Электрондық пошта
қолданушыға хабарламаны алуға, сақтауға, желі 
бойынша өзіңіздің әріптестеріне хабарламаларды жіберуге мүмкіндік 
береді. Қолданушыға электрондық поштамен ұсынылатын мүмкіндіктер 
қолданып отырған Бағдарламалық қамтамасыз етуға да байланысты 
болып келеді. 
Электрондық күнтізбе
кәсіпорынның менеджерлеріне және т.б. 
жұмыскерлеріне жұмыс тізімін сақтауға және басқаруға арналған 
құралдарды ұсынады. Бұл жүйе кездесудің немесе басқа шараның 
уақытын және орнын (аудиториясын) оған қатысатын барлық 
менеджерлерінің кестесімен қиыстыра отырып орнатуға мүмкіндік 
береді. 
Бейнемәтін
монитор экранында мәтіндік және графикалық деректерді 
алу және кескіндеу үшін компьютерді қолдануға негізделген. Қазіргі 


140 
уақытта компаниялар арасында каталогтармен немесе прайс-беттермен 
алмасу, сонымен қатар бейнемәтін түрінде газет, журнал және т.б. баспа 
өнімдеріне тапсырыс кең қолданысқа ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет