Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Индустриялық ақпараттық-коммуникациялық технология-



Pdf көрінісі
бет67/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
14.3 Индустриялық ақпараттық-коммуникациялық технология-
лардың қауіпсіздігі 
Интернеттің кең таралуы мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін сақтау 
мәселесінің жаңа міндеттерін тудырып отыр. Интернет технологиялары 
мен қосымша құны жоғары болып табылатын телекоммуникациялық 
индустрия үлкен қарқынмен өсіп келеді де оларды пайдаланушылар саны 
көбейген сайын жаңа ақпараттық ортаның әлеуметтік әсерлері де 
күшеймек.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаңалығы оларға 
байланысты қауіп-қатерлер туралы қоғамдағы білімнің аздығы, 
жауапкершілік пен қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттігін түсіну, 
ақпаратты қорғау шараларының әлсіздігіне байланысты көптеген 


145 
мәселелерді күн тәртібіне қойып отыр. Веб-сайттарды шабуылдау, 
пайдаланушылардың жеке ақпаратын ұрлау секілді оқиғалар өмірдің 
үйреншікті көріністеріне айналып барады. 
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз 
етудегі ақпараттану индустриясында қауіптер бар, оған сеп болған 
отандық электронды өнеркәсіптің жоқтығы және оны қалыптастыруда 
мемлекеттің тиімсіз қызмет атқаруында.
Мемлекетті ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуде кедергі 
болатын себептер келесі тізімде: ҚР Ата заңында азаматтардың жеке 
өмірі мен отбасылық құпиялары, құпиялы хат алмасуы туралы азаматтық 
құқықтық қол сұқпаушылығы нақты құқықтық, ұйымдастырушылық 
және техникалық қамтамасыз етпеген соң жүзеге аспайды. Үкімет пен 
жергілікті басқару органдарының тарапынан, азаматтар мен заң 
тұлғаларының құқығын тиісті қорғай алмаушылық ақпараттық қоғам 
субъектілерін қанағаттандырмайды. Алайда, төніп тұрған қатердің 
адамға әсер ететін шексіз мүмкіншілігі біздің қоғамымыздың санасына 
толық жеткен жоқ. Жаңаша ақпараттық технологияның қандай да бір 
адамның жұмысын бақылауға, коммерциялық операциялардын ізіне 
түсуге, сатып алу, т.с.с жеке адам өмірінде болып жатқан құбылыстарға, 
кез-келген ақпараттық құралы не болмаса ақпараттарды жеткізу 
құралдары арқылы, әлеуметтік қызмет процессіне белсенді қатысып 
отырғандардың барлығын «қоса алатын» не «ажырата алатын» 
мүмкіншілігі бар. Әрине бұл гипотезалық тұжырым емес, шынайы 
ақиқат.
Потенциалды қатерге қарсы тұру мемлекет тарапынан кешенді түрде 
өту керек. Бір жағынан, отандық замануи ақпараттық технологияларды 
дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, қандай да бір оқиғалар туралы 
толық және нақты ақпаратты азаматтарға бұлжытпай жеткізу, еліміздегі 
ашық және ашылғалы тұрған ақпараттық технологиялар қызметін 
белсендіру 
керек. 
Екінші 
жағынан, 
еліміздің 
ақпараттық 
инфрақұрылымы мен ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамды 
келеңсіз ақпараттық-психологиялық теріс әсерлерден сақтандыру тиіс. 
Қазақстан 
Республикасының 
ақпараттану 
саласында 
мемлекет 
саясатының негізгі стратегиялық бағытының бірі - тұлғалық жекешелікке 
оралу, оның қажеттіліктері мен қызығушылығын, қадір-қасиеті мен 
мұратын, берекелігі мен рухани жағдайын қамтамасыз ету болып 
саналады.
 
Ақпараттық қауiпсiздiк - елдің орнықты дамуы және ақпараттық 
тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін, ақпарат саласындағы нақты және 
ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық 
кеңістігінің, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен 
мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет