Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Кәсіби салалардағы заманауи АТ-трендтер: медицина



Pdf көрінісі
бет65/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
14.2 Кәсіби салалардағы заманауи АТ-трендтер: медицина, 
энергетика және т.б. 
Қазіргі таңда бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда жаңа 
тренд
– 
әлеуметтік кәсіпкерлік деген ұғым пайда болды. Дәл осы сала не үкімет, 
не бизнес орындай алмай отырған кейбір түйткілді мәселелерді шешуге 
қауқарлы. 
Әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуметтік іс-шараларды қолға алатын 
және әрқилы қызмет түрлерін ұсынатын басқа да коммерциялық не 
коммерциялық емес ұйымдардан айырмашылығы – оның жұмыс істеу 
мәнерінде. Мұндағы оның негізгі өзегі – инновациялар мен кәсіпкерлік 
ұғымдары. 
Ең бастысы, мұндай кәсіпкердің әлеуметтік миссиясы коммерциялық 
мүддеден жоғары тұрады. Мұндай кәсіпорындар, ең алдымен, әлеуметтік 
мәселелерді шешу үшін құрылады. Мәселен, жаңадан жұмыс орнын 
ашып, онда мүгедектерді жұмыспен қамту дегендей мақсаттары болады. 
Екіншіден, бұл кәсіпорын өзін-өзі ақтап, нарық заңдылықтарымен өмір 
сүруі керек. Бірақ түпкі мақсат – табыс емес. Үшіншіден, инновациялық 
ұстаным. Кейбір азаматтар инновация десе, жаңалық ашу деп біледі. Бұл 
олай емес. Инновация – осы мәселелерді шешуде жаңадан жол табу, 
іздену деген сөз. Төртіншіден, адам тұлға болуы керек. Әлеуметтік 
бизнес – ең алдымен креативті идея. Сондықтан кәсіпкерліктің бұл түрін 
корпорациялар емес, тұлғалар жасайды. Бір тұлғаның идеясы әлемді 
өзгерте алады. Кейде оларды «өзгеріс агенттері» деп те атайды. 
Заманауи медицина дегеніміз не? Бұл жаңа және заманауи 
медициналық құралдармен жабдықталған медициналық мекеме және 
әрбір құралдың «ескіру» қасиеті бар, демек құрал заманауи 
диагностиканы, жөндеуді мерзімді талап етеді және т.с.с. Мұндай 
аспаптардың дәлсіздігі (төлқұжат деректерінен айырмашылығы) қате 
талдауға, қате диагноз жасауға әкеледі, ал осыдан барып қате емдеуге 
әкеледі, адамның өмірі мен денсаулығы – бұл ең бастысы емес пе. Және 
бұнда дәрігерлерге медицинада қолданылатын өлшем техникалары 
құралдарының көмегімен алынған аурудың жағдайы туралы дәл және 
дұрыс деректер көмектесуі тиіс. Медицинада қолданылатын өлшемдерге 
мемлекеттік метрологиялық бақылау саласы таралатыны жай емес.
Физиотерапиялық процедуралар үшін пайдаланылатын медициналық 
аппараттар (гальвандау, УВЧ, УЗТ, магнит терапиясы және басқалар) 
мерзімдік метрологиялық бақылауға мәжбүр. Сынақ жабдықтары 
(кептіргіш шкафтар, елеуіштер, термостаттар, пештер және басқалар) – 
аттестаттаудан міндетті өтулері және тиісті әрекет ететін сертификаты 
болуы тиіс. Аурудың жағдайы туралы деректер алу үшін 


141 
пайдаланылатын өлшем техникалары құралдары (диагностикалық 
жабдықтар, таразылар, тонометрлер және басқалар) салыстырып 
тексеруден (метрологиялық аттестаттаудан) міндетті өтулері тиіс.
Соңғы жылдары медициналық аспаптарды салыстырып тексеруге 
тапсырыстар ұлғайғаны қуантады. Көптеген емдеу мекемелерінің 
басшылары олардың мекемелеріндегі өлшем құралдарын салыстырып 
тексеруден өткізу қажеттігін түсінеді – бұл осы мекемемен ұсынылатын 
медициналық қызметтің сапасын растайтын және кепіл беретін 
құраушылардың 
бірі. 
Әрине, 
бұған 
пайдаланылатын 
өлшем 
құралдарының келісілген тізімінің, оларды салыстырып тексеру 
кестесінің барлығы және оларды дер кезінде орындау, емдеу 
мекемелерінің метрологиялық қамтамасыз етуге жауапты тұлғаларды 
тағайындауы – медициналық мекемелерді лицензиялаудың маңызды 
шарты. 
Медицина мекемелерінде мемлекеттік метрологиялық бақылауды 
жүзеге асырған кезде, ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология 
Комитетінің 
Қарағанды 
облысы 
бойынша 
Департаментінің 
қызметкерлері өлшем құралдарын дер кезінде салыстырып тексеру 
қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ ҚР 
МӨЖ тізіміне енгізу процедураларын, ҚР МӨЖ тізімі бойынша 
ақпараттық ВЕБ-сервисімен жұмыс істеу ережелерін түсіндіреді. 
ҚР Президентінің 2018 ж жолдауында былай делінген:

Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық 
технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге 
деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. 

Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге 
емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. 

Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсау-
лықты басқару ісін күшейту керек. 

Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға 
ерекше назар аудару керек. 

Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем 
қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап
сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу 
қажет. 
Бұл тәжірибе әлемде бұрыннан бар. 

Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс 
берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік 
медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады.
 
Осы және басқа да шараларды іске асыру үшін «Халық денсаулығы 
және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясын 
әзірлеу қажет.
 
Е-денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын құрудың жалпы 
тәсілі пәндік саланың қажеттіліктеріне (бұл жағдайда – денсаулық 


142 
сақтау) 
АКТ 
қажеттіліктерін 
теңдестіру 
арқылы 
(alignment) 
жобаларды/бағдарламаларды жоспарлау идеясын бірлестіреді. Осы 
әсерді нұсқаға алу үшін әсер етуден (Impact) қажетті кірулерге (Inputs) 
дейін жоспарлау процесі екі деңгейде – денсаулық сақтау деңгейінде 
және е-денсаулық сақтау (АКТ) деңгейінде қарастырылады. Денсаулық 
сақтау деңгейінде (22-сурет) денсаулық сақтауды дамытудың негізгі 
бағыттары мен мақсаттары қарастырылады және е- денсаулық сақтаудың 
көмегімен қанағанттандырылуы немесе сүйемелденуі мүмкін денсаулық 
сақтаудың қажеттіліктері айқындалады. 
22-сурет. Е-денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын құру 
тәртібі 
Е-денсаулық сақтау деңгейінде денсаулық сақтау қажеттіліктерін 
қанағанттарндыуға мүмкіндік беретін жетістіктер (Outcomes), сондай-ақ 
күтілетін нәтижелер (Outputs) қарастырылады. 
Жаһандану, Қазақстанның интеграциялық процестерге белсенді 
қатысуы, Қазақстанның алдында тұрған кедергілер мен мүмкіндіктер 
таңдау жасауды талап етеді. Әлем сипатының өзгеруі мемлекет пен 
қоғам дамуының жаңа заңдылықтарын талап етеді. Қазіргі уақытта біз 
жаһандық он проблемаға кезігіп отырмыз. 
1.
Экономика мен демографияда ерекше байқалатын тарихи 
уақыттың жылдамдауы. Осылайша, соңғы 60 жыл ішінде әлемдік 
жалпы ішкі өнім 11 есеге өсті, Жер шарының халқы үш еселенді және 
2050 жылға қарай 9 млрд. адамға дейін жетеді. 
Осыған байланысты, жаңа технологияларды енгізу процесін тездету, 
зияткерлік меншікті қорғау тетіктерін бекіту және ғалымдарды өз 
әзірлемелерін іске асыруға ынталандыру бағытында жұмыс істеу керек. 


143 
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономиканың бәсекеге 
қабілетті жоғары технологиялық секторларын құру міндетін - 10-15 
жыл шегінде шешуге болады. 
2. Жаһандық демографиялық теңгерімсіздіктер күшейді. Жалпы 
әлемдік тренд - адамзаттың қартаюы. 40 жылдан кейін алпыс және одан 
үлкен жастағы адамдардың саны 15 жастан кіші адамдардың санынан 
асып түседі. Көптеген елдердегі туу деңгейінің төмендігі еңбек 
ресурстарының жетіспеушілігіне әкеп соқтырады, бұл көші-қон 
ағымына әсер етеді және жастары көп қоғамдарда әлеуметтік 
шиеленісті арттыруы мүмкін. Осыған байланысты, ұлтты сақтау
медицинаның 
сапасын 
арттыру, 
аурулар 
профилактикасының 
технологияларын қолдану, инновациялық өнім жасауға қабілетті 
жоғары деңгейдегі мамандарды тарту үшін жұмыс істеу қажет. 
3. Әлем халқы өсуінің жоғары қарқыны азық-түлікпен қамтамасыз 
ету мәселесін шиеленістіреді. Қазірдің өзінде шамамен миллиардтаған 
адам тамақтың жетіспеушілігін бастан кешіріп отыр, бұл тамақ 
өнімдерін өндіруде түбегейлі өзгерістерді талап етеді. Азық-түліктің 
жетіспеушілігі климат өзгеруінің әсерінен одан сайын шиеленісе түседі. 
Жаһандық жылыну салдарынан әлемде жыл сайын, салыстырсақ, 
еуропалық елдің аумағының орташа көлеміне сай келетін аумақта егіс 
алқаптары азаюда. 
Қазақстан халықаралық процестердің жауапты қатысушысы ретінде 
әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуға бірегей 
мүмкіндіктерге ие. 
4. Әлемдік су ресурстарына үлкен қысым көрсетілуде. Соңғы 60 жыл 
ішінде ауыз суды тұтыну 8 есеге өсті. Жүзжылдықтың ортасына қарай 
көптеген елдер суды импорттауға мәжбүр болады. Су ресурстары үшін 
күрес ғаламшардағы шиеленіс пен қақтығыстар себептерінің бірі 
болады. Осыған байланысты, ауыл және тұрғын үй-коммуналдық 
шаруашылығында да су үнемдеу технологияларын дамыту, сондай-ақ 
жалпы тұтынушылық мәдениетті дамыту қажет. 
5.Энергетикалық қауіпсіздік проблемасы. Жердің табиғи ресурстары 
шектеулі және олар үшін күрес түрлі-түрлі елдердегі ішкі, сол сияқты 
сыртқы саяси процестерді шиеленістіре түседі. 
Бүгінгі күні әлемнің барлық дамыған елдері баламалы және «жасыл» 
энергетикалық технологияларға инвестицияларды арттырды. 2050 
жылға қарай оларды пайдалану әлемдегі барлық энергияның 50 % -на 
дейін өндіруге мүмкіндік береді. Сондықтан, аса маңызды міндет 2030 
жылға дейін энергияны тұтынудағы ахуалды өзгерту және жалпы ішкі 
өнімдегі энергия сыйымдылығын 35% - ға төмендету болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет