Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет66/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
Таза энергияны тұтынудағы көшбасшы
 
EPA (АҚШ Қоршаған ортаны қорғау басқармасы) мәліметінше
бесінші жыл қатарынан Intel компаниясы АҚШ нарығында «таза» 
электрді пайдалану бойынша көшбасшы болып отыр. Қазіргі таңда 


144 
компания тұтынатын 100% энергия жаңартылатын энергия көздеріне 
(биогаз, биомасса, шағын су электр стансалары, күн және жел 
фермалары) тиесілі. 
2020 жылы әлемдегі ең ірі жиһаз жасаушы IKEA компаниясы 
жаңартылған энергия ресурстарына көшуді жоспарлап отыр. Жақында 
аталмыш компания Шотландияның солтүстік-шығысында қуаты 12,3 
МВт болатын жел фермасын сатып алды. Бұл ферма IKEA-ның 
Ұлыбританиядағы энергия қажеттілігін 30% - ға дейін азайтатын болады. 
Сондай-ақ компанияның Англия, Дания, Германия және Франция 
елдерінде электр орталықтары бар. Жаңартылатын энергия көздеріне 
сүйене отырып, компания электр қуатының бағасына да алаңдамайтын 
болады. 
Еуроодақ алдағы 15 жылда жаңартылатын энергия көздерін пайда-
лануды 27% - ға дейін арттырады. Қазіргі уақытта жаңартылған энергия 
көздері еуропалық экономикаға жылына 130 миллиард және 35 млрд 
еуро экспорттық түсім әкелуде. 
Соңғы жылдары Қытай болашақ ірі дамушы ел бола отырып, 
қоршаған орта, энергия үнемдеу, парник газдарын дамыту
энергетикалық таза және төмен көміртекті технологияларды қолдануда 
көзге түсіп келеді. 2015 жылғы климаттық өзгерістерге байланысты 
Қытай БҰҰ-ға Үндістан, Бразилия, ЕО, АҚШ және Франциямен бірлесіп, 
климаттық өзгерістермен күресу жөнінде құжат ұсынған болатын. 
Осыған орай Қытай өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеп, «жасыл» 
энергияға көшу нәтижесінде әлем елдеріне көміртекті аз қолданудың 
нақты үлгісін көрсетуде. Бүгінгі таңда энергия көздерін үнемді 
пайдалану мәселесінде Қытай әлем бойынша алғашқы орынға ие. 
Мәселен, елдегі энергия шығыны 2014 жылы 29,9%-ға төмендеген. 
Аталып отырған мәселелердің барлығы - әлемдік деңгейдегі өзекті 
мәселе. Мұндай энергия көздері 
әлемдік тренд
болуға даңғыл жол 
ашады. Бұл тұрғыдан алғанда, болашақтың энергиясы тақырыбы 
өзектілігі уақыт өткен сайын еселей түспек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет