Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет13/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72
Бақылау сұрақтары: 
1.
Компьютерлік жүйелердің эволюциясы? 
2.
Компьютер жүйелеріне шолу. 
3.
Қазіргі компьютерлер архитектурасының анықталу принциптері? 
4.
Компьютерлерді жіктеу тәсілдері? 
5.
Жүйелік блокта не орналасады? 
6.
Компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен компоненттері?


37 
7.
Компьютерлік жүйелерді қолдану 
8.
Перифериялық құрылғылар компьютерге не арқылы қосылады? 
9.
Деректердің компьютерлік жүйелерде бейнеленуі? 
10.
Ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгерту процесін не
 
деп 
атайды. 
 
ТАҚЫРЫП 3. Бағдарламалық қамтамасыз ету. Операциялық 
жүйелер 
3.1
Бағдарламалық қамтамасыз ету. Бағдарламалық қамтамасыз 
етудің түрлері, мақсаттары және сипаттамалары 
3.2 Операциялық жүйелердің дамуы 
3.3 Операциялық жүйелердің жіктелуі, оның ішінде мобильды 
құрылғылар үшін 
3.4 Үстелдік қосымшалардың жіктелуі 
Бақылау сұрақтары 
3.1 Бағдарламалық қамтамасыз ету. Бағдарламалық қамтамасыз 
етудің түрлері, мақсаттары және сипаттамалары 
Бағдарлама - магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып
әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадында жүктеліп, 
орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген 
мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жұмыс істейтін 
бағдарламалар кешендерінің көмегімен шешіледі.
ЭЕМ бағдарламалары екі топқа бөлінеді, олар: 

жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру

қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру. 
Жүйелік бағдарламалар
ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын 
басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы бағдарламалармен 
байланыстырады. Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы 2-
суретте берілген. 
2-сурет. Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы 
Бағдарламалық қамтамасыз ету 
Қолданбалы 
Жүйелік 
Аспаптық 
Операциялық 
жүйелер 
Драйверлер 
Утилиттер 


38 
Жүйелік бағдарламаларды келесі топқа жіктеуге болады: 

операциялық жүйелер; 

утилиттер; 

драйверлер; 

сервистік бағдарламалар. 
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру
- пайдалану міндет-
терін шешуді қамтамасыз етеді. Мұндағы шешуші ұғым қолданбалы 
бағдарламалардың пакеті болып табылады. 
Қолданбалы бағдарламалардың пакеті (ҚБП)
- белгілі бір тақырып 
немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарлама-
лар жиынтығы. ҚБП мына төмендегі түрлерге бөлінеді: 

жалпы мақсаттағы; 

әдістемелік бағдарламалау

проблемалық- бағдарламалау. 
Жалпы мақсаттағы ҚБП міндеттердің кең тобын автоматтандыруға 
бағдарланған. 
ҚБП- нің тобына: 

мәтіндік процессорлар (мысалы, Microsoft (MS)Word); 

кестелік процессорлар (MS Excel); 

деректер базаларын басқару жүйелері (MS Access); 

серпінді тұсау кесерлер жүйелері (MS Power Point); 

графикалық процессорлар (Corel Draw); 

баспа жүйелері (Page Maket, Quark XPress) 

жобалауды автоматтандыру жүйелері (CASE технология) 

сараптау жүйелерінің, шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің 
және басқаларының қоршауы. 
ҚБП-нің әдістемелік-бағдарламалау негізіне: 

математикалық бағдарламалау(линиялық, серпінді, статистикалық 
және басқа да); 

желілік жоспарлау мен басқару; 

жаппай қызмет көрсету теориясы

математикалық статистика есептерін шешудің әртүрлі экономика-
лық математикалық әдістерін жүзеге асыру жатады. 
Проблемалық-бағдарланған ҚБП -
нақты мәселе саласындағы белгілі 
бір міндеттерді (проблемаларды) шешуге бағытталған. Бұл қолданбалы 
бағдарламалар дестелерінің ең кең тобы. 
Олардан мыналарды: банктік пакеттерді, бухгалтерлік есеп пакет-
терін, қаржы менеджментін, құқықтық анықтамалық жүйелерді және 
басқаларын бөліп атаған жөн. Қолданбалы БҚ-ға сервистік қызметтің 
бағдарламалық құралдары жатады, олар пайдаланушының қолайлы 
жұмыс ортасын ұйымдастыру үшін (мысалы, ақпараттық менеджерлер, 
аудармашылар және басқалары) қызмет атқарады. 
 
 


39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет