Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет17/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Бағдарламалық қамтамасыз ету дегеніміз? 
2.
Бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлері, мақсаттары және 
сипаттамалары? 
3.
Жүйелік бағдарламаларды қандай топтарға жіктеуге болады?
4.
Операциялық жүйелердің дамуы? 
5.
Операциялық жүйелердің жіктелуі, оның ішінде мобильды 
құрылғылар үшін? 
6.
Android құрылғысына арналған Outlook бағдарламасын пайдалану? 
7.
Телефон және планшет операциялық жүйелері? 
8.
Үстелдік қосымшалардың жіктелуі? 
9.
Windows-те қолданбалы программалар не деп аталады
10.
Windows ортасында мұндай объектілер қалай аталады.
 
 


48 
ТАҚЫРЫП 4. Адам-компьютер өзара әрекеттестігі 
 
4.1 Адам-компьютер өзара әрекеттестігінің құралы ретіндегі 
пайдаланушы интерфейсі 
4.2
 
 Интерфейс түрлері 
4.3
 
Пайдаланушы интерфейсін өңдеу кезеңдері. Интерфейстерді 
тестілеу түрлері 
4.4
 
 Интерфейстердің даму перспективалары 
Бақылау сұрақтары 
 
4.1
 
Адам-компьютер өзара әрекеттестігінің құралы ретіндегі 
пайдаланушы интерфейсі 
Интерфейс
(inter - өзара, face - бет жағы) 1) бағдарламалаушылар-
дың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен 
компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен 
компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-
бағдарламалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғы-
ларының не (немесе) бағдарламалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын 
құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды 
үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын 
үйлестіргіш техникалық және бағдарламалық құралдар жиынтығы; 
жүйелердің, құрылғылардың немесе бағдарламалардың екі арасын бөлу 
шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу 
сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі 
бағдарламаға басқаруды беру мен бастапқы бағдарламаға қайту 
процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы
Пайдаланушы интерфейсі
(Интерфейс пользователя (пользователь-
ский интерфейс); user interface) - пайдаланушының жүйемен 
әрекеттестігін 
жасақтайтын 
бағдарламалық 
құралдар 
кешені; 
пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы. Мұндай 
стандарттар бағдарлама қызметтерімен операцияларын қолайлы түрде 
пайдалануды қамтамасыз ететін экран пішімі мен орындалатын 
командалардың меню құрылымын тағайындайды.
Пайдаланушыға арналған компьютермен (бағдарламамен) жылдам 
әрекеттесу тәсілдері, оның мынадай ерекшеліктерін атауға болады: 
жүйелік объектілерді (файлдар, құрылғылар, терезелер), меню және 
мәліметтерді бейнелеу үшін пиктограммаларды (белгішелер) пайдалану; 
объектілерді тандау, белгілі бір іс-әрекетті бастау, терезені ашу және 
объектілерді жылжыту үшін сілтеуіш құрылғыларды, мысалы, тышқанды 
пайдалану; экранды жұмыс үстелі немесе басқару тақтасы ретінде 
пайдалану. 
Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты 
себептерінің бірі пайдаланушы мен бағдарламалық қосымшаның өзара 
қарым-қатынас интерфейстерінің ролі зор. Жалпы алғанда, интерфейс 


49 
түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр түрлі 
салаларында қолданылады. Тақырып бойынша қарастырылатын негізгі 
мәселе - пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша 
деңгейінің 
бағдарламалы-аппараттық 
интерфейстері 
арасындағы 
байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу 
техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономисттердің, 
психологтардың, 
социологтардың 
және 
графикалық 
жүйелерді 
жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет