Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет25/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72
...
Код Иванов
... ...
Инженер Ставка
... 


61 
Егер иерархиялық құрылымдарда ұрпақ-жазбаның бір ғана ата тегі –
жазбасы болса, ал деректердің желілік моделінде ұрпақ-жазба ата тегі-
жазбалардың (өгей ата-аналар) кез келген санына ие бола алады. 
Келесі 11-суретте инженер лауазымына сәйкес келетін жазбаға екі 
жазба сілтеме жасайды. 
Иерархиялық модельді желілік модельдің дербес жағдайы ретінде 
қарастыруға болады. 
Деректердің желілік моделінің артықшылығы жадының шығындалуы 
мен жеделдік көрсеткіштері бойынша тиімді түрде жүзеге асыру 
мүмкіндігі болып табылады. Желілік модель иерархиялық модельмен 
салыстырғанда еркін түрдегі байланыстардың құрылу тұрғысынан үлкен 
мүмкіндіктер ұсынады.
11-сурет. Желілік модельдегі жазбаларды байланыстыру 
Деректердің желілік моделінің кемшілігі - оның негізінде құрылған 
ДБ сұлбасының жоғары дәрежедегі күрделілігі мен қатқылдығы, сондай-
ақ қарапайым пайдаланушы үшін ДБ-дағы ақпаратты өңдеуді түсіну мен 
орындаудың қиындығы. Бұған қоса, деректердің желілік моделінде 
жазбалардың 
арасында 
еркін 
түрдегі 
байланыстардың 
орнау 
мүмкіндігінің салдарынан байланыстардың біртұтастығына қатысты 
бақылау әлсірейді.
Деректер базасының иерархиялық және желілік модельдерінде 
физикалық 
көрсеткіштерді 
пайдалану, 
деректерді 
өңдеудің 
жылдамдығын едәуір арттыра түсті. Сонымен бірге, бұл модельдерде 
деректердің өзара байланыстарының біртұтастығын сақтауға қатысты 
елеулі кемшіліктер анықталды. Байланыстардың біртұтастығының 
сақталуын бақылау ата-тегсіз ұрпақ болмайды деген ұстанымды сақтауға 
негізделген. Деректер базасына өзгертулер енгізген жағдайда 
байланыстарды, физикалық көрсеткіштерді қайтадан анықтау қажеттігі 
туындайды, бұл үлкен қиындықтармен, пайдаланушының уақыты мен 
күш-жігерінің шығындарымен байланысты болады.
Деректердің реляциялық моделі 
Иерархиялық және желілік модельдерде жазбаларды байланыстыру 
үшін физикалық көрсеткіштерді пайдалану деректерді манипуляциялау 
мүмкіндіктерін едәуір шектейді және осы модельдердің деректер 
Код Иванов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет