Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


- ң негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады.   Деректерді анықтау  (Data definition)  –



Pdf көрінісі
бет24/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72
Байланысты:
Молдабекова-Б.Қ.Ақпараттық-коммуникациялық-технологиялар.

-
ң негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады. 

Деректерді анықтау 
(Data definition) 

сіз өзіңіздің деректер 
базаңызда қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, деректер 
құрылымын және типін, сонымен қатар бұл деректер бір-бірімен қалай 
байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, 
деректерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз; 

Деректерді өңдеу

деректерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге 
болады. Деректерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен 
байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;


58 

Деректерді басқаруда
– сiз деректермен кім танысуына болатынын 
көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен 
қатар, деректерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады. 
5.2
 
Деректер моделі. Қалыпқа келтіру (нормализация) 
Деректер базаларының модельдері 
Деректер базасын пайдалану файлдық құрылым деректерінде болған 
шектеулер мен кемшіліктерді жоюға мүмкіндік берді. Деректер 
базасының көмегімен шешілетін әралуан есептер деректер базасын 
құрылымдау мен деректердің арасындағы байланыстарды ұйымдас-
тырудың түрлі әдістерін қалыптастыруға әкеледі. Соның нәтижесінде 
деректер базасының бірнеше моделі пайда болды. Деректер базасының 
моделі деп деректер базасының логикалық кейіптеуін атаймыз. 
Алғашқыда деректер базасының моделдері: 

иерархиялық; 

желілік; 

реляциялық модельдері пайда болды, олар кейіннен классикалық, 
негізгі модельдерге айналды.
Соңғы уақытта осылардың негізінде жаңа модельдер пайда болды 
және барынша дами отыра, қолданысқа енгізіле бастады. Олар: 

постреляциялық; 

көпөлшемдік; 

объектілі-бағытталған. 
Сонымен қатар деректердің өзге модельдеріне негізделген белгілі 
модельдерді кеңейтетін алуан түрлі жүйелер жасалынуда. Олардың 
қатарында объектілі-реляциялық, дедуктивтік-объектілі-бағытталған, 
семантикалық, тұғырнамалық және бағытталған модельдерді атап кетуге 
болады. Бұл модельдердің кейбіреулері деректер базасын, білім базасы 
мен бағдарламалау тілдерін интеграциялауға арналған. Кейбір ДББЖ-лар 
бір мезгілде бірнеше деректер модельдерімен жұмыс істейді.
Иерархиялық модель 
Алғашқыда деректер базасының иерархиялық модельдері пайда 
болды. Иерархиялық модельде деректер арасындағы байланыстар рет-
телген граф (немесе бұтақ) түрінде берілген.
Иерархиялық ДБ-ның құрылымын (сұлбасын) сипаттау үшін кейбір 
бағдарламалау тілінде «бұтақ» деректер типі қолданылады.
«Бұтақ» типі PL/1 және Си бағдарламалау тілдерінің «құрылым» атты 
деректер типімен және Паскаль тілінің «жазба» типімен ұқсас. Оларда 
типтердің бір-біріне салынуына жол беріледі, олардың әрқайсысы белгілі 
бір деңгейде орналасқан.
«Бұтақ» типі құрамдас болып келеді. Оған ішкі типтер («кіші 
бұтақтар») кіреді, олардың әрқайсысы өз кезегінде «бұтақ» типі болып 
табылады. «Бұтақ» типінің әрқайсысы бір «түбірлік» типтен және 


59 
бағыныңқы типтердің реттелген жиынтығынан (бос болуы да мүмкін) 
тұрады.
«Бұтақ» типіне енгізілген қарапайым типтердің әрқайсысы «жазба» 
атты жай немесе құрама тип болып табылады. Қарапайым «жазба» бір 
типтен тұрады, мысалы, сандық типтегі, ал құрама «жазба» типтердің 
белгілі бір жиынтығын, мысалы, бүтін, символдар жолы және 
көрсеткіштерді (сілтеме) біріктіреді.
Түбірлік деп бағыныңқы типтері бар және өзі ішкі тип болмайтын тип 
аталады. Бағыныңқы тип (ішкі тип) өзі үшін ата тегі (ата-ана) рөлін 
атқаратын типке қатысты ұрпақ болып табылады. Бір типтің ұрпақтары 
бір-біріне қатысты егіздер болып табылады.
Тұтастай алғанда «бұтақ» типі «жазба» типтерінің иерархиялық 
тұрғыдан ұйымдастырылған жиынтығын сипаттайды.
Иерархиялық ДБ құрамында «жазба» (жазбалар) типіндегі деректер 
даналарын (экземплярын) қамтитын «бұтақ» типіндегі деректер 
даналарының реттелген жиынтығы болып табылады. Көп жағдайда 
типтердің арасындағы туыстық қатынастарды жазбалардың арасындағы 
қатынастарға көшіреді. Жазбалар өрістері шындығында ДБ-ның негізгі 
мазмұнын құрайтын сандық немесе символдық мәндерді сақтайды. 
Иерархиялық ДБ-ғы барлық элементтерді қарап шығу әдетте жоғарыдан 
төмен қарай және солдан оңға қарай жүргізіледі. 
Иерархиялық модельдің деректер базалары бұтақ түріндегі 
құрылымы бар нысандарды сипаттауға ыңғайлы. Мысалы, белгілі бір 
кәсіпорынның құрылымын келесі түрде келітруге болады 9-суретте 
көрсетілген. 
Өзінен басқа жазбаға сілтеме жасалатын жазба «ата тегі» немесе 
бағындыратын жазба деп аталады. Сілтеме жасалатын жазба «ұрпақ» 
немесе бағыныңқы жазба деп аталады. Иерархиялық модельде әрбір 
ұрпақтың тек бір ғана ата тегі болады, басқаша айтқанда бір ұрпаққа екі 
және екіден артық ата тегі сілтеме жасай алмайды. 
9-сурет. Кәсіпорынның иерархиялық құрылымы 
Кәсіпорын 
Әкімшілік 
Бухгалтерия 
Бөлімдер 
Кадрлар 
бөлімі 
Өндірістік 
цехтар 
Шаруашылық 
бөлімі 
Жұмысшыла
р 
Лауазымдар 


60 
Сілтемені нұсқау үшін ата тегі-жазбаның өрісі болуы тиіс, ол жерге 
тасымалдағыштағы ұрпақ-жазбаның физикалық мекен-жайы жазылады. 
Ұрпақ-жазба сақталатын тасымалдағыштағы осы физикалық мекен-жай 
көрсеткіш деп аталады. Жазбаларды байланыстырудың мысалы 10-
суретте берілген. 
Сонымен, иерархиялық модельдегі деректер арасындағы байланысты 
ұйымдастыру үшін физикалық мекен-жайлардың көрсеткіштері 
қолданылады. 
10-сурет. Жазбаларды байланыстыру 
Деректердің иерархиялық моделінің артықшылықтарына ЭЕМ жадын 
тиімді пайдалану мен деректермен негізгі амалдарды орындау 
уақытының көрсеткіштері жатады. Деректердің иерархиялық моделі 
иерархиялық тұрғыдан реттелген ақпаратпен жұмыс істеу үшін ыңғайлы. 
Иерархиялық 
модельдің 
кемшілігіне 
күрделі 
логикалық 
байланыстары бар ақпаратты өңдеу үшін оның көлемінің тым орасан 
үлкен болуы, сондай-ақ қарапайым пайдаланушы үшін түсінуге 
қиындығы жатады.
Желілік модель 
Желілік модельдерде деректердің арасындағы өзара байланыстар 
еркін граф түрінде болады, ондағы әрбір ұрпақтың екі және одан да көп 
ата тегі болуы мүмкін.
Желілік модельдің деректер базасы жазбалар жинағы мен 
байланыстар жинағынан құралады. Байланыстардың жинағы физикалық 
көрсеткіштері бар өрістен тұрады.
Осылайша, желілік ДБ сұлбасын сипаттау үшін типтердің екі тобы: 
«жазба» және «байланыс» қолданылады. «Байланыс» типі «жазба» 
типінің ата тегі және ұрпақ типтері үшін анықталады. «Байланыс» 
типінің айнымалылары байланыстардың даналары болып табылады.
Желілік ДБ жазбалар жинағы мен сәйкес байланыстар жинағынан 
тұрады. Байланыстарды қалыптастыруға ерекше шектеулер қойылмайды. 
Бөлім нөміріЦех№1
...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет