Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет21/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72
 
 
8-сурет. Есептеу жүйелеріндегі интерфейстер 


55 
Қолданушы интерфейстерінің қазіргі көп тарағаны- графиктік 
интерфейс. Мысалы, Windows операциялық жүйесінің көп таралуының 
бір себебі, оның қолданушыға ыңғайлы графиктік интерфейсінің болуы 
деп айтылып жүр. Қолданушының графиктік интерфейсі (Graphical User 
Interface, GUI) 1970-ші жылдардың ортасында, Xerox Palo Alto Research 
Center-де (PARC), Smalltalk ортасында жұмыс істейтін Alto және Star 
машиналары үшін жасалған алғашқы жұмыстардан басталды. Кейде оны 
«визуальды интерфейс» немесе «терезелі графикалық орта» деп атайды. 
Қазіргі заманауи жүйелердің көпшілігінде, мысалы, Microsoft Windows, 
Mac OS, Solaris, GNU/Linux, NeXTSTEP, OS/2, BeOS, Android, iOS, Bada, 
MeeGo 
жүйелерінде 
қолданушының 
графиктік 
интерфейстері 
пайдаланылған. 
Қолданушының графиктік интерфейсі графиканы растрлық экран 
дисплейінде қолдануға мүмкіндік береді. Графика экранда элементтердің 
нақты орнын көрсетеді, ақпаратты берудің визуальды ортасы және 
көрнекі графика және форматталған мәтіндер барлығы бірігіп «не көрсең 
соны аласың» (WYSIWYG - What you see is what you get) мүмкіндігін 
береді. 
Қазіргі 
қолданушылар 
компьютерді 
үйрену 
және 
жаңа 
бағдарламаларды меңгеру үшін көп уақыт шығындамайды. Windows 
үшін жазылған бағдарламалық жабдықтардың көбінде дерлік бір типтес 
қолданушы интерфейстері пайдаланылатындықтан, олар қолданушы 
үшін бір мағынада қабылданады. Windows жүйесі осыған көмектеседі. 
Windows үшін жазылған бағдарламалық жабдықтардың қолданушыға 
арналған интерфейсінің негізгі элементтері: терезелер, мәзірлер, сұхбат 
терезелері, суретті батырмалар және т.б. болып табылады. 
Қолданушының интерфейсін құру кезеңдері бағдарламалық жабдықты 
құзу кезеңдерімен сәйкес келеді және есептің қойылуы, талаптар мен 
спецификацияларды анықтау, жобалау, жүзеге асыру, тестілеу мен 
жөндеу секілді кезеңдерді қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет