9
Бір - бірімен байланыс жасау чат арқылы жүреді. Әрбір қатысушы
тек өз жауабын көре алады, бірақ серіктесінің қандай жауап бергенін
білмейді. Мұндай форматтағы тапсырмалар мәселені шешудегі бірігіп
әрекет етуді ұйымдастыру, өзара түсінісу
және бір - бірінен қолдау
көрсете білу қызметі компоненттеріне диагностика жүргізеді.
ЭЫДҰ ұсынып отырған тағы бір бағыт -
«PISA негізінде
әзірленген мектептер үшін тест»*
.
Бұл - жеке білім беру ұйымдарына
арналған опци. Тест - PISA зерттеуінің аналогы және компьютерлік
форматта өткізіледі. Тестілеу уақыты 2 сағатқа созылады.
Тапсырмалар
математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы
бағытындағы сұрақтарды қамтиды. Зерттеу нәтижесі бойынша
қатысушы мектептер жеке есеп алады. Бұл опциге қатысу ақылы.
Алғаш рет PISA-2018 кезеңінде жаңа төртінші бағалау -
«Жаһандақ құзыреттілік»**
енгізіледі.
PISA
технологиясы зерттеуге қатысудың екі форматын ұсынады:
қағаз
(Paper-
based
assessment,
РВА)
және
компьютерлік
(Computer-
based assessment, СВА). PISA-2015 кезеңінде СВА-ді
71 елдің арасынан 57 ел қолданды. Компьютерлік форматқа өту
зерттеуді ұйымдастыру және өткізу, мәліметтерді
деректер базасына
енгізу мен өңдеу жұмыстарын жеңілдетеді. Қатысушылардың
электрондық материалдар құрылымын танып-білу қабілеттері мен
біліктерінің артуына оң әсер етеді. Сондай-ақ СВА форматы негізгі
(математикалық, жаратылыстану, оқу)
және қосымша опцилерге
(қаржы сауаттылығы, жаһандық құзыреттілік, т.б.)
қатысуға
мүмкіндік береді.
*https://www.oecd.org/pisa/aboutpisa/pisa-based-test-for-schools.htm
**Бұл бағыттың бірінші рет енгізілуіне байланысты жинақта тест тапсырмаларының үлгісі
берілмейді.