Ақпараттық Технологиялар Факультеті



бет17/18
Дата06.01.2022
өлшемі344 Kb.
#12373
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Ыңғайлы жұмыс


Шексіз тарифтер кеңседегі қызметті қамтамасыз ету мәселелерін шешуді оптималды шешім қабылдауға және айлық шығынды реттеп отыруға мүмкіндік береді.

Қызмет жинақтылығы – жабдықтың бір жинағы телефон қызметтерін, Интернетке рұқсатты және корпоративті желілерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мобильділік – компания жаңа орынға көшкен кезде (Синтерра WiMax әсер ету зонасында) барлық баптаулар және қосымша сервистер сақталады және байланыс бұрынғыдай жұмыс істей береді.

Ал енді WiMax технологиясының қауіпсіздігіне келетін болсақ, бұл технологияда DES 3 алгоритмі бойынша мәліметтерді үштік шифрлеу қарастырылған. Қауіпсіздігі физикалық деңгейде арнайы шығарылған ASIC чиптарымен қамтамасыз етіледі, олар сымсыз желі құрылғылрының ішінде орнатылған және радиоарна арқылы мәліметтерді жіберу процесін басқарады:



  • Жасырындылықты бұзу әрекетінен қорғайды;

  • Мәліметтер бүтіндігінің бұзылуын жояды;

  • Фалсификацияны жояды (көздің – пайдаланушының аутентификациясының бұзылуы);

  • Қызмет көрсетуді шектейді.



ҚОРЫТЫНДЫ
Сымсыз жергілікті желілер (WLAN – wireless LAN) мобильді қызметкерлерді (ноутбуктар, тасушы терминалдар) пайдаланушылар жиналған ортада- аэропорттарда, бизнес-орталықтарда, қонақүйлерде және т.б. жерлерде байланыстыру үшін офистерде пайдалана алады.

Мобильді Интернет және мобильдіжергілікті желілер корпоративті және үйдің пайдаланушыларына қалталық дербес компьютер, ноутбуктерді пайдаланудың жаңа сферасын береді. Осымен біруақытта Wi-Fi сымсыз құралдарының бағасы төмендейді және оның қолданысы кеңейеді. Сонымен қатар Wi-Fi қызметіне байланысты ғимарат ішінде орын ауыстыруға міндетті қызметкерлер үшін өте ыңғайлы, мысалға, дүкенде немесе қоймада. Бұл жағдайда тауарларды есептеу үшін Wi-Fi хаттамасымен жұмыс жасайтын корпоративті желімен тұрақты байланысқан тасушы терминалдар пайдаланылады және барлық өзгерістер орталық мәліметтер базасында көрінеді. WLAN сымды ұзақ уақыт бойы салып, оны бөліктеу жүргізілгендегі уақытша желілерді ұйымдастыру аумағында да кең қолданыста болады.

Пайдаланудың тағы бір нұсқасы – сымдырды өткізу мүмкін емес және тиым салынған тарихи құрылыстарда пайдалану. Кейде ғимараттың сыртқы көрінісін сымдармен немесе оларды өткізудің жәшіктерімен бүлдіргісі келмейтін жағдайлар да болады. Сонымен бірге, Wi-Fi хаттамасы сым өткізуге ыңғайсыз тұрмыстық жағдайларда да пайдалануға ыңғайлы болып келеді.

Мобильді компьютерлерге келетін болсақ, Intel корпорациясы мобильді дербес компьютерлер үшін Intel Centrino технологиясын ұсынды, ол корпоративті және үйде жұмыс жасайтын пайдаланушылар үшін компьютерлік желілерге қосылудың жаңа мүмкіндіктері мен бостандығын беретін іштей орнатылған сымсыз байланыс функциялары бар мобильді компьютерлерге негізделіп шығарылған жаңа, озық моделі болды. Мобильді ДК үшін Intel Centrino саудалық маркасы ұсынған технология өзіне Intel Pentium M процессорын, Intel 855 тобының микросхемаларын және Intel Pro/Wireless 2100 желілік интерфейсін қосады. Технологияның барлық компоненттері оптимизацияланған, тексерілген және мобильді жүйенің үйлесімді жұмысы үшін тесттелген.



Intel Pro/Wireless 2100 желілік интерфейсі Wi-Fi стандартымен сертификатталған 802.11b рұқсат нүктесімен толық үйлесімділікке тексеріліп шығарылған. Ол жергілікті сымсыз желі үшін іштей орнатылған қуатты қауіпсіздік құралдарымен және WPA қолдайтын бағдарламалық жаңартулары бар WEP, VPN және 802.1X технологияларымен жабдықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет