Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет21/22
Дата25.07.2023
өлшемі229 Kb.
#104757
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ҚТОӘ ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ 2021-2022

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. 1.Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері.

  2. 2.Пунктуация оқытудың мазмұны, кезеңдері, ұстанымдары.

  3. 3.Орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы орфографиялық сөздіктердің маңызы.




1

14
дәріс

14 дәріс Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу.
Жоспар:
1.Сабақтан тыс жұмыстар (факультатив сабақтар)
2.Сыныптан тыс жұмыс жоспарын дайындау
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Оқушының оқу әрекеті сабақтан тыс кезде де жалғасуы керек. Сондықтан қазақ тілі бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізіледі. Ол жұмыстар негізінен оқушылардың тілдің құрылысына байланысты сабақ кезінде меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіру, тереңдету мақсатын көздейді. Сондай-ақ сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар оқушылардың өз бетімен ізденіп, білімін толықтыруына ауызша, жазбаша сөйлеу шеберліктерінің, емле және тыныс белгілері жайындағы білімдерінің тиянақты болуына мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыстар ретінде оқушылардың тілдік фактілерді топтап, жинақтап талдай білу дағдыларын жетілдіру жұмыстары да қамтылады. Бірақ сыныптан тыс жұмыстарды «үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс» деп түсінуге болмайды.
Сабақтан тыс жұмыстар оқушылардың ана тіліне деген қызығушылығын арттырып, олардың өз беттерімен қосымша әдебиеттермен жұмыс істеулеріне, материалдарды таңдап, талдай білуге үйретеді. Сондықтан, бағдарламада көрсетілген оқушылардың логикалық ойлауын, қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін арттыру; тіл фактілері арқылы оқушының рухани дүниесін жетілдіру, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу міндеттері сынытан тыс жұмыстар арқылы толықтырылады.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар түрлі әдіс-тәсілдер, көрнекі, техникалық құралдарды пайдаланып, тапсырмаларды түрлендіріп беру арқылы оқушыларды қызықтыратындай болуы тиіс. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуде қызықтыру ұстанымы ескерілгенде дұрыс нәтижеге қол жетеді.
Қазақ тілі пәні бойынша сабақтан тыс кезде өткізілетін жұмыстарға қабілетті оқушылармен қатар сабаққа ынтасы төмен, нашар оқитын оқушыларды да қатыстыру қажет. Ол үшін жұмыс түрлері оқушылардың білім деңгейіне қарай таңдалуы тиіс. Сонда сыныптан тыс жұмыстарға оқушылар білім деңгейіне қарамай, бәрі де бірдей қатыса алады. Сөйтіп, тең дәрежелік ұстанымына сәйкес таңдалған тапсырмалар сыныптан тыс жұмыстарға оқушылардың көп қамтылуына мүмкіндік береді.
Қазақ тілі сабақтарында ғана емес, сабақтан тыс жұмыстардың да бірізді, жүйелі жүргізілуі оқушыларды тілдік норманы сақтап сөйлеуге дағдыландырады. Өйткені «тілдік бірліктердің ерекшеліктерін әр оқушының терең түсіне білуі әдеби тіл нормасының бұзылмауына ықпал етеді» . Сондықтан сөйлеу процесінде де, жазба жұмыстарда да тіл нормаларын сақтау – оқушының сөздік қорының толығып, сөйлеу мәдениетінің жетілуінде үлкен рөл атқарады. Олай болса, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда тілдік норманы қалыптастыру ұстанымы басшылыққа алынуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет