Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты –



бет2/22
Дата25.07.2023
өлшемі229 Kb.
#104757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ҚТОӘ ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ 2021-2022

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты – болашақ мамандарды олардың кәсіби педагогикалық қызметіне қажет тілді әдістемелік тұрғыдан оқытуға тірек болатын теориялық және әдіснамалық даярлықпен қамтамасыз ету; теориялық білімдерін қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін кәсіби білік, дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің міндеттері:

  • қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі мазмұны мен категорияларын аша отырып, оның қолданбалы ғылым ретіндегі маңызын түсіндіру;

  • қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген ғалымдардың еңбектерімен таныстыру;

  • қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша жеткен жетістіктер және тәжірибелерді оқыту үрдісінде қолданудың жолдарын меңгерту;

  • қазақ тілін оқыту әдістемесі саласының қазіргі таңдағы жаңа бағыттары мен өзекті мәселелерімен таныстыру;

  • қазақ тілінің ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері туралы білімдерін толықтыру;

  • түпкі нәтижеге бағдарланған құзіреттілік жайлы түсініктерін кеңейту;

  • студенттерді мектепте оқытылатын қазақ тілінің нысаны және міндеттерімен таныстыру;

  • мектептегі қазақ тілі курсының әдістемелік мәселелерін қарастыру;

  • студенттердің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру (күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарын дайындау, сабақ түрлерімен таныстыру, оны қолданудың жолдарын үйрету т.б.);

  • өздігінен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді игеру дағдыларын жетілдіру;

  • қазақ тіл білімі салаларын меңгертудің әдістемелік жолдарын игерту;

  • оқушылардың білім деңгейін бағалауға үйрету.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1 Т Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының мақсаттары:
А Мектепте қазақ тілін оқытудың ерекшеліктерін теориялық тұрғыда меңгерту
В Ұлттық менталитеті жоғары маман даярлау
С Қазақ тілін оқыту үдерісін практикалық тұрғыда меңгерту
D Cөз мағынасын ажыратуға үйрету
E Сөйлем мүшелерін оқытуды меңгерту
F Қазақ тілін өзге тілдермен салыстыруға үйрету
G Оқушының жазбаша тілін дамыту
H Сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет