Қарақалпақ әдебиеті. Фольклоры. Қарақалпақ әдебиетіндегі жыраулық поэзия кезеңі. Бердақ шайыр. Кейінгі дәуір әдебиеті. Жолмырза Аймырзаев, Төлепберген Қайыпбергенов шығармашылығы



бет2/3
Дата17.10.2023
өлшемі23,87 Kb.
#117111
1   2   3
Байланысты:
77577135185 лит тюркс нар

Ақын Бердақ Қарғабайұлы. Бердақ (Бердімұрат) Қарғабайұлы (1827-1900) Қарақалпақстанның Мойнақ ауданында дүниеге келген. Діни медіреседе оқып, Ислам дінін, Көне түркі тарихы мен әдебиетін жетік меңгерген. Рудаки, Фирдауси, Низами және Мақтымұлы сияқты шайырлар поэзиясын өзіне үлгі - өнеге тұтқан. Бердақ өз заманының көкейкесті мәселелерін терең пайымдап, оны сан қырынан алып жырлады. Ақын өзінің алғашқы өлеңдерінде-ақ әділетті өмірді армандады («Жаз келер ме»). Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке наразылық білдірді («Іздер едім»). Елді әділ әкім басқару қажеттігін насихаттады («Керек»). Бердақ гуманистік ой-пікірлері әсіресе оның «Жасырақ», «Болған емес», «Көрінді» және «Заманда» атты өлеңдерінде айқын көрініс тапқан. Бердақ тарихи тақырыпқа да бірқатар көлемді дастандар жазған. Мәселен ақынның түркі тектас халықтардың ежелгі шежіресін тарихи деректер мен генеологиялық аңыздар негізінде жыр еткен «Шежіре» атты дастаны бар. Қарақалпақтардың Қоқан езгісіне қарсы 18-ғасырда ерлікпен жүргізген күресін «Аманкелді» дастанында тарихи деректер негізінде шеберлікпен берілсе, «Айдос би» және «Ерназар» атты тарихи дастандарында қарақалпақ елінің 1827-1828, 1856 жылдардағы Хиуа хандығының отаршылдық саясатына қарсы бағытталған қаһармандық күресін жырлаған. Бердақ ақынның өлеңдері дидактикалық сарындағы «аталық сөз, ағалық ақыл, өсиет, уағыз» түрінде айтылады. Бұған ақынның «Балам», «Надан болма» т.б. өлеңдері дәлел. Бердақ поэзиясы өзінен кейінгі кезеңдегі қарақалпақ әдебиетінің көркемдік тұрғыдан дами түсуіне зор әсер етті.
Абай мен Әжінияз шығармаларының үндестігі. Қазақ-қарақалпақ, қарақалпақ-қазақ тілдері - түркі тілдес халықтар арасында ең жақын тілдердің бірі. Абайдың сөз өнері, туындылары қазақ халқына қандай ардақты болса, «сұрасқанда түбі бір, көріскенде түрі бір» қарақалпақ халқына «Қарақалпақ классикалық әдебиетінің биік шыңы Бердақ» шығармалары сондай бағалы, әрі қадірлі, әрі таныс. Екі халықтың сөз өнерін жасаушы қайраткерлері сөз өнерлерін жасау жолынды бірімен-бірі қоян қолтық араласып жүрді. «Түркістан уәлаяты» газетінің 1978 жылғы № 11, 12 сандарында Күнқожа Шернияз ақынмен дос болып хабарласып тұрғаны, Күнқожаның қазақ ақындары Күдерімен, Ұлбикемен, Құлымбет шайырдың Әбубәкірмен, Әжінияз қожаның Торғай облысындағы кіші жүз Тама руының Менеш атты ақын қызымен айтысқаны туралы мақалалар басылған. Бердақ өзінің көлемді «Айдос би» дастанын қазақша жазды. Қарақалпақ поэзиясының лирик ақыны Әжінияз да өлең жырларын қазақша жазған. Қарақалпақ ақындарының қазақтың суырып-салма ақындарымен өнер сайысына түсуі, Бердақ пен Әжінияз секілді қарақалпақ әдебиеті саңлақтарының шығармаларын қазақша шығаруы қарақалпақтардың Абайды түпнұсқада оқитындығын білдіреді. Абай шығармалары қарақалпақ халқы арасында алғашында кеңінен насихатталды.1899 жылы Т.Ізтілеуов Бұхарадағы әйгілі оқу орны Мир-Арабтың Көкелташ медресесінде оқыған. Жас ақын медресе сабағынан қолы босаған кездерде қарақалпақ еліндегі қазақтар мен қарақалпақтар арасында болып, соларға шығыс әдебиеті маржандарын, қазақ жырларын, Абай шығармаларын насихаттап ел арасына таратумен айналысқан. Ол:
«Хорезм жұрты хабарлы,
Шорахан, Төрткүл, Шымбайды
Киіз үйлі қазақтың
Есіткен жері сөзімді
Аяқ асты қылмайды....»- дейді.
Шорахан, Төрткүл, Шымбай - Қарқалпақстандағы жер аттары. Төрткүл, Шымбай - елдің Нүкістен бұрынғы астанасы. Тұрмағанбет-Абай шығармаларын қарақалпақ еліне тұңғыш таныстырушы болса, Бердақ шығармаларында Сыр бойындағы қазақтарға жыл құсындай алғаш жеткізуші.
«Келдің-дағы Жайхун бойын аралап,
Қазақтарға жырлап бердің Бердақты...»
деген ақын З.Дәулетбаевтың өлең тармақтары пікіріміздің дәлелі болмақ. Т.Ізтілеуов пен жиын тойда талай бас қосқан, сырлас, сапарлас, дос болған ақын Қ.Баймағанбатов; «Ол Бердақ шығармаларын жаттап қарақалпақ әнімен Садриддин Айниге жырлап берген», -дейді. Демек, Т.Ізтілеуов - Бердақ жырларын қазақтарға тұңғыш таныстырушы болса, әрі Бердақ шығармалары арқылы қарқалпақ әдебиетін С.Айни арқылы тәжік халқына, тәжік әдебиетіне бірінші жеткізуші. Абай шығармаларының қарақалпақ халқына таралуына әдебиетші ғалымдар елеулі еңбек сіңірді. Әдебиетшілер қарақалпақ әдеиеті тарихын зерттеу кезеңдерінде Абай есімін, шығармаларын атап отырды. Қарақалпақ халқының алғашқы академигі М.К.Нұрмұхамедов Бердақтың қарақалпақ әдебиетіндегі алатын орнын «Пушкин-орыс, Шевченко-украин, Руставели-грузин, Науаи-өзбек, Абай-қазақ, Мақтымқұл-түркімен халықтары үшін қандай болса, Бердақ та қарақалпақ халқы үшін сондай», - деп бағалағанда, Абайдың дара ақын екенін мойындау, Бердақты тану үшін осы ұлы ақындарды тану қажеттігін нұсқағандығы. Қарақалпақ әдебиеті тарихының білікті зертеушісі Баекеш Қалымбетов «Әжінияздың лирикасы» еңбегін жазғанда Абайдың Әжіниязбен, Әжінияздың айырым шығармаларын Абай сатираларымен салыстырып, образ жасау шеберліктерінен үндестік табады. Ғалым Әжінияздың «Ала құс» сатирасын былай талдайды:
«Аспанда жүр ала-ала көрініп,
Жерге түссе құйрығынан сүрініп.
Балақ тепкірінен түріліп,
Тарландай тітіренер біздің ала құс.
Ала құстың бүркіт кебі тырнағы ,
Хасла жаздырылмас ұрса қармағы,
Елге ауыр түссе керек салмағы,
Соныңдай бимаза біздің ала құс». Халқымыз көбінесе тұрақсыз сатқын адамдарды сауысқанға теңейді. Ал сұм адамдарды түлкіге, аңқау адамдарды түйеге теңеп, тағылымды сөздерменен көпшілікті дұрыс болуға уағыздайды. Көп ұнамсыз адамдарға «хақ кедей шық-шықтап» дейді. Міне, Әжінияз бұл жерде «Ала құс» арқылы өзі жасаған дәуірлердегі ел билеген алаяқтарды хәккеге теңеп, көркем образды сөзбен әжуә етіп, түйреп отыр. Ал, Абай шығармаларында бұл образ былай берілген:
«Болыс болдым, мінекей,
Бар малымды шығындап...
Сөйтсе-дағы елімді,
Ұстай алмадым мығымдап,
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап..
Сыртқыларға сыр бермей,
Құр күлемін жымыңдап..» Абай сол дәуірдегі болыстардың барлық сырын астарламай-ақ сол табиғи қалпында беріп отыр. Бұдан тақырып бір болғанымен, көркем образбен баяндау әдісінде әрбір өлеңнің өз стилі мен өз тәсілі бар екендігін көреміз. Абай пікірін болыстың монологі арқылы берсе, Әжінияз сол дәуірдегі билерді астарлы мәнде беріп, сынға алады, ал шайырдың дидактик өлеңдерінен басқа әзірге табылған 195 қатардан тұратын 10 мұхаммесі бар. Оның «Шықты жан» мұхаммесі ешқандай шайырлардың ғазелдеріне ұқсамайды. Шығарма сюжеттік мазмұнда құрылған .
«Дарбадар болып гезибан, бұл алаште нешше ай,
Тапмадым хуш бир хабар кимди сорасаң пазнеи,
Қалмақы хәш бир Алаш, мен гезмеген мәғәр адай,
Бұл пәлекнин гәрдейшийдип басымда бардус ақ,уай,
Ах дарийға, уақ, дарийға мын санлы әрмән шықты жан» -
деген қатарларда шайыр лирикалық қаһарман ретінде әрекет етіп, сол дәуірдің заман аламатын өзінің заман қысымын, көрген азабын суреттейді. Әжінияздың мұхаммесіндегі бұл жолдары Абайдың:
«Жартасқа бардым,
Күнде айғай салдым,
Онан да шықты жаңғырық ,
Есітсем үнін.
Білсем деп жөнін,
Көп іздендім қаңғырып,
Баяғы жартас-бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас...»-деген шумағымен үндес. Абайда өз дәуірінде қазақ халқын мәдениетке, азаматтыққа ұмытылуын арман еткен ақын. Міне, бұл жоғарыдағы жолдардан екі ақынның халық деп соққан жүрегінің дүрсілі естіледі. Әжінияз сол дәуірде қазақ халқының мәдени жақтан артта қалғанына налып :
«Бұл қазақтың жоқдырханы муфты, рәийс қазысы,
Ләхсе саат қарары жоқ, гүз, қысы, бахар, жазысы,
Озини суупы тутар ,харамы ишип-жеп базысы,
Қазан аяқ, табағын аралап жүрер тазысы,
Ах,дарийға ,уах дарийға мын саны әрмән шықты жан...»- десе, Абай да өз үнін:
«Қалың елім, қазағым, қайран жүртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың...
Бас-басыңа би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?...» және де:
«Жарлы емеспін, зарлымын,
Оны да ойла толғанып,
Жұртым деуге арланып,
Өзге жұртым ұялып...»- деп Әжіниязға үн қосады.Екі өлеңінде халықты жоғарғы мәдениетке, озық идеяға шақырғаны көрініп-ақ тұр. Әжінияздың «Керек» мұхаммесі мен Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...» өлеңі мен ғақияларының «Екінші сөзін» салыстырсақ, екі ақынның туған халқының ғылымнан кенже қалғандығына өкінгенін, күйінгенін, надандығына жиренгенін байқаймыз. Халықты білімге, мәдениетке жеткізбей тұрып, ел ішінен халық қамын ойлайтын жақсы азамат шығары мүмкін еместігі ақындар ойының түп қазығы. Омар шайырдың өмірі мен шығармашылығын Айымқұл Пірназаров «Омар шығармаларының суреттеу құралдары хақында» деген таралымда теңеу, адам портретін жасауда феодалдық патрихалдық замандағы қыздардың ауыр тағдырын көрсетуде қарақалпақ қазақ ақыны мен Абайдың бір-біріне өте жақындығын дәлелдейді. «Алиф, дал әріптерін қыз мүшелеріне теңеп, сол арқылы өзінің ішкі сезімін беруге ұмытушылық Молланепес, Алтынсарин, Абай, Әжінияз шығармашылығынан да табылады»-дейді. Қарақалпақ әдебиетшілерінің Абай есімін әркез атап, ғылыми еңбектерінде сүйсіне баяндауы - Абайды қазақтың ғана емес, қарақалпақ халқына да ортақ, өлең өлкесінде шекараны білмейтін ұлы тұлға екіндігін дәлелдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет