Қарағанды Болашақ-Баспа 2019 ббк – Әож – с


«Bolashaq» академиясына докторантураға қабылдау және түсу емтихандарын өткізу



бет3/56
Дата14.12.2022
өлшемі348,27 Kb.
#57344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Сборник-ОПО-магистратура-каз-яз

4. «Bolashaq» академиясына докторантураға қабылдау және түсу емтихандарын өткізу

4.1. Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.


4.2. Докторантураға түсуші тұлғалар Академияға және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы келесідей құжаттарды тапсырады:
1) өтінішті (еркін түрде);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);
4) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын;
5) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
6) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
7) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты;
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болған жағдайда).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
16. Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мақсатты даярлау аясында тұлғалардың өтініштерін (еркін түрде) қабылдау Академияда жүргізіледі.
4.3. Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынады:
ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm - Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 138 балл),
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 32),
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 400,
Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл – кемінде 47),
International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 4.5);
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);
француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 400 балл).
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы және жарамдылық мерзімі Академияның қабылдау комиссиясымен тексеріледі.
4.4. Академияның осы қабылдау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын Академия дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар докторантура білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын тек Академияда ғана тапсырады.
Түсу емтихандары басталғанға дейін 3 (үш) күн бұрын түсушілердің назарына жеткізіледі.
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.
Түсу емтиханын өткізу қорытындысының баға ведомосы еркін түрде комиссия хаттамасымен рәсімделеді және нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.
Академия беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханы аяқталғаннан кейін, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда түсу емтихандарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ түсу емтихандарының қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша түсуші тұлғалар осы қабылдау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес балдармен Graduate Record Examinations ( грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда докторантураға түсу емтиханынан босатылады.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы және жарамдылық мерзімі Академияның қабылдау комиссиясымен тексеріледі.
Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
4.5. Магистратураға, докторантураға түсуші тұлға апелляцияға берілетін өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептері бойынша өтініштер КТ, түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
4.6. Апелляциялық комиссия жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханының немесе КТ нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балл қосу туралы шешім қабылдайды.
Апелляциялық комиссия магистратурада білім алу үшін КТ бойынша апелляцияны қарау нәтижелерін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
4.7. Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
4.8. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
4.9. Түсу емтихандарын және КТ өткізу кезінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ЖЖОКБҰ-ларға ҚР БҒМ өкілдері жіберіледі.


5. Магистратураға және PhD докторантураға оқуға қабылдау реті


5.1. Магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы қабылдау қағидаларының 6-қосымшасына сәйкес оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 75 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 15 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 20 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 15 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.


Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
5.2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін КТ және (немесе) түсу емтиханының жиынтығы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратура үшін білім беру бағдарламаларының тобы үшін 6-қосымшаға сәйкес – кемінде 100 балл.
Осы қабылдау қағидаларының12-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар тұлғаларға 50 балл есептеледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.
5.3. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда докторантураға қабылдау кезінде басым құқық білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған білім беру бағдарламалары тобының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.
5.4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар ЖЖОКБҰ арасында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тобы бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік жылғы 5 қыркүйекке дейін қайтарылады.
Бұл ретте, ең алдымен тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары нәтижелерінің неғұрлым жоғары балл алған үміткерлері бар ЖЖОКБҰ-ның өтінімдері қанағаттандырылады. Аталған білім беру бағдарламасының тобы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, қайта бөлу тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары топтарының ішінде жүзеге асырылады. Дайындық бағыты бойынша үміткерлер болмаған жағдайда қайта бөлу білім саласының ішінде жүргізіледі. Игерілмеген орындарды қайта бөлу күнтізбелік жылғы 30 қыркүйекке дейін уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
5.5. Академия білім беру саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға, докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.


6. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Академияға оқуға қабылдау


6.1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін түсушілер Академияға күнтізбелік жылғы 25 тамызға дейін:


1) өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) КТ және шет тілі бойынша түсу емтихандарының сертификатын немесе осы қабылдау қағидаларының 12-тармағында көрсетілген бағдарламаларға тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесін (бар болған жағдайда);
4) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын және білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (докторантура үшін);
6) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болған жағдайда);
7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
6.2. Мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс КТ және/немесе білім беру бағдарламасының топтары бойынша түсу емтиханының балына сәйкес жүргізіледі.
Академияға оқуға қабылданушылар құжаттарын Қарағанды қаласы, Ленин көшесі,17 мекен-жайы бойынша тапсырады.
«Bolashaq» академиясының қабылдау комиссиясы. Анықтама үшін телефондар: 8(7212) 42-04-25, 42-04-35.
1.1-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет