Қарағанды Болашақ-Баспа 2019 ббк – Әож – с


Магистранттардың педагогикалық практикасының күнтізбелік-тақырыптық жоспары



бет8/56
Дата14.12.2022
өлшемі348,27 Kb.
#57344
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Байланысты:
Сборник-ОПО-магистратура-каз-яз

2.1 Магистранттардың педагогикалық практикасының күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Орындау мерзімі

Қызмет мазмұны

1-апта

Практика базасымен, академия бөлімдерімен, педагогикалық процесті ұйымдастырудың жағдайымен танысу. Магистранттардың академиялық топтарға бөлінуі, эдвайзерлермен және кураторлық топтармен танысу. Оқу-әдістемелік құжаттармен танысу: бағдарламалар, оқу жоспарлары, практикалық сабақтардың әдістемелік әзірлемелері, оқытушылардың жеке жоспарлары, кураторлық жұмыс жоспарлары және т.б. Бекітілген академиялық топтарда педагогика және психология бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға қатысу және оларды талдауға қатысу.
Оқу-тәрбие жұмысының нақты түрлерін, оқу жұмысы мен ҒЗЖ бойынша жеке тапсырмаларды көрсете отырып, практиканың барлық кезеңіне жеке жұмыс кестесін дайындау.
Оқытушы ретінде өзіндік жұмысқа дайындалу (педагогика және психология бойынша оқу және ғылыми-әдістемелік әдебиеттердің тізімін жасау, дәрістер мен практикалық сабақтардың жоспарын құру (А қосымшасы), оларды педагогика және психология кафедрасының оқытушыларымен талқылау, практика жетекшісі (Б қосымшасы), екі дәріс және екі практикалық сабақ (педагогика мен психология бойынша), СОӨЖ-нің бір сабағы әзірлемесін дайындау.
Бекітілген академиялық топтардағы тәрбиелік шараларды жоспарлауға қатысу (В қосымшасы).
1-аптадағы магистрант-практиканттардың жұмысын қорытындылау, магистранттардың ауызша есебі, практиканың барлық кезеңіндегі практиканттардың жеке жұмыс жоспарларын тексеру және бекіту, дәрістердің, практикалық сабақтардың және СОӨЖ-дің әдістемелік әзірлемелерін тексеру және бекіту.

2-апта

Бекітілген академиялық топтарда өз бетінше дәрістер мен семинарлар, оларды талдау және бағалау. Тәлімгерлік жасайтын топтарда тәрбие жұмыстарын жүргізу. Өзге магистранттардың сабақтарына қатысу, олардың сабақтарына психологиялық-педагогикалық талдау жасау. Педагогика мен психологияның жеке бөлімдері бойынша студенттердің білімін межелік бақылауға арналған тест тапсырмаларын дайындау (оқытушының нұсқауы бойынша).
Магистранттардың 2 аптадағы жұмысын қорытындылау: магистранттардың ауызша есебі, оқылатын пәндер бойынша тест тапсырмаларын тексеру және бекіту.

3-апта

Зерттеу жұмыстарын жүргізу: Педагогикалық қызметтің құрылымын зерттеу. Магистранттың педагогикалық қызметке деген қызығушылығы жөнінде өзін-өзі бағалауы.
Педагогикалық шеберлік бағалау шкаласын толтыру (Г қосымшасы). Бекітілген топтың студенттік ұжым мен студенттің жеке басы туралы психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын құрастыру (Д-қосымшасы).
3-аптадағы жұмысты қорытындылау: магистранттардың ауызша есебі, жеке практикалық жоспарлардың орындалуын тексеру, күнделік жазбалары, зерттеу жұмысының нәтижелері.
Есеп беру құжаттарын дайындау (Ж, З қосымшалары). Магистранттардың білім беру қызметінің нәтижелерін талқылауға арналған қорытынды конференцияға қатысу

1. Академиямен және кафедрамен танысу: жетекші және куратор-эдвайзерлермен тәжірибе және оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы әңгімелесу; құжаттамамен танысу (студенттердің сабақ кестесі, студенттердің корпоративті мәдениеті, оқу бағдарламалары, ПОӘК (Пәннің оқу-әдістемелік кешені, студенттерге арналған тапсырмалар), Platonus жүйесінде студенттерді балл жинау ережелері, дидактикалық материалдар мен техникалық құралдар.


2. Парактика жетекшісінің қызметімен, пәнді оқыту әдістемесімен танысу (практика жетекшісі мен басқа оқытушылардың сабақтарын бақылау және талдау, дәрістерді оқу, практикалық және зертханалық сабақтар).
3. Эдвайзер-куратордың қызметімен танысу, жұмыс жоспарын оқу; сабақтан тыс тәрбие жұмыстарына қатысу.
4. Кафедраның оқу-әдістемелік құжаттарын зерделеу және талдау - мамандықтың жұмыс оқу жоспары, пәндердің жұмыс бағдарламалары (силлабустар).
5. Студенттердің, сондай-ақ студенттер ұжымының жас ерекшеліктерін зерттеу.
6. Оқытушының оқыту жүйесін, кафедраның әдістемелік тәжірибесін зерттеу және талдау.
7. Студенттердің қызығушылығы мен бейімділігін анықтау және практика кезеңінде тәрбие жұмысының жоспарын құру мақсатында диагностика жасау.
8. Дәріс конспектілері мен зертханалық сабақтарды, слайдылар мен әр түрлі сабақтарды өткізу, Platonus жүйесінде баға қою, дидактикалық материалдар мен техникалық оқыту құралдарын қолдану.
9. Бекітілген топтардағы сабақтан тыс жұмыстардың сценарийлерін, кафедраның жоспарына сәйкес әлеуметтік-ағарту шараларының сценарийлерін, студенттер тобының жас ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі мен әдістерді таңдау.
10. Студенттермен сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу, топ белсенділерімен жұмыс, жатақханадағы кезекшілік.
Магистрант-практиканттар педагогикалық практика кезінде мына жұмыс түрлерін орындауы керек:
1. Педагогикалық тәжірибені зерделеу және жинақтау және оларды талдау үшін оқытушылар (профессорлар) сабақтарына қатысу;
2. Басқа магистранттардың сабақтарына қатысу, оларды талдауға қатысу;
3. Курсты жүргізетін оқытушының (ғылыми жетекшінің) жетекшілігімен оқылатын пәндік оқу-әдістемелік кешені материалдары негізінде СОӨЖ, дәріс, семинар сабақтарын дайындау;
4. 2 СОӨЖ, 2 дәріс, 2 семинар сабақтарын өткізу;
5. Тәрбие шараларын өткізу үшін сценарийлер әзірлеу;
6. Оқу тобының психологиялық сипаттамасын құрастыру;
7. Есеп беру құжаттамасын дайындап, тапсыру;
8. Педагогикалық практиканың нәтижелері туралы қорытынды конференцияда баяндама жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет