Кәрез балын сараптауға тек жабық (оралған) күйінде және кристаллданбаған түрінде қабылдайды. Кәрездердің түсі ақ, не сары болуы керек.
Ветсансараптаудың ережелері бойынша әрбір тексерілетін ыдыстан - 100г бал, ал құрамындағы су мөлшерін анықтағанда – 200 г бал алынады. Кәрез балының сынама көлемі 25 см3 болады да, әрбір бесінші кәрездің торжақтаушаларынан (рамаларынан) алынады. Зерттеулерден артылған бал қалдығы иесіне қайтарылмайды, оны техникалық өтелдеуге жібереді.
Балды зерттеу гүл балын шіре балынан ажырату және оның сапасы мен әртүрлі жасанды қоспаларды анықтау мақсатында жүргізіледі. Балды тексеру 2001 жылы бекітілген МС-19792-2001 табиғи бал ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Сезімдік зерттеу кезінде балдың түсі консистенциясы, әдемі хош иісі анықталады. Сонымен қатар балдағы әртүрлі қоспаларға және балдың ашығанын көрсететін белгілерге назар аударады.