Вирустық салдану – ересек аралардың белсенді болуымен, кейіннен сыртқы әсерлерге бейтараптанып, қозғалыс әрекеттерінің баяулауымен, түктерінің түсіп, тақырланып, өлімге шалдығумен ерекшеленетін вирустық ауру. Аурудың лабораториялық балауында Романовский-Гимза әдісімен Моррисон денешіктерін анықтау маңызды роль атқарады.
Аспергиллез
Aspergillosis - Aspergillus тегінің саңырауқұлақтары қоздыратын тыныс мүшелерінің жұқпалы ауруларының тобы.
Ең жиі кездесетін түрі - бронхпульмоналды аспергиллез, аспергиллома және өкпенің инвазиялық аспергиллезы.
Ауру қыстың аяқ шеніне қарай немесе ерте көктемде кездеседі. Личинкалар барлық өсу сатыларында да ауруға шалдығып, қоңырқай тартады да ақыры өліп қалады. Қоздырғышы ара ұрықтарының желке тұсынан жарақаттап, бүкіл мойын, көкірегіне ауысады. өлген личинкалар семіп, кішірейіп кетеді. Зақымдаушы грибоктың тегіне қарай өлген личинкалардың денесі әр түсті болады (ақ сары, жасыл, қара). Ал сақа аралар ауырғанда денесін үлбіреген ақмақта тәрізді түк жауып кетеді. Мұндай ауру, әсіресе ерте көктемде ұясының іші ылғал ара семьяларына тән.