Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін



Pdf көрінісі
бет14/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64
Әрекеттің тҥрі 

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің терминдерін ағылшын тілінде білу 

Физика, химия, биология, жаратылыстану, информатика сабақтарында ағылшын 
тіліндегі терминдерді қолдану 

Физика, химия, биология, жаратылыстану, информатика пәндері бойынша сӛз 
тіркестері мен тұтас сӛйлемдерді құрастыру 

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндері бойынша зерттеліп отырған 
тақырыпқа қатысты тұжырымдарды ағылшын тілінде құрастыру 

Физика, химия, биология, жаратылыстану, информатика пәндері бойынша 
ағылшын тіліндегі қатынастың түрлі жағдаяттарына қатысу және сӛйлеу (диалог) 
нормаларын ұстану 

Жаратылыстану-математика 
бағытындағы 
пәндерді 
игеру 
барысында 
тыңдалған/оқылған материалдың мазмұнын ағылшын тілінде айтып жеткізу 

Физика, химия, биология, жаратылыстану, информатика пәндері бойынша 
аудиовизуалдық материалдың негізінде сӛйлем құрау 

Физика, химия, биология, жаратылыстану, информатика пәндерінің тақырыптары 
бойынша ағылшын тіліндегі оқу мәтінінің мазмұнын түсіну, осы мәтінді оқыту 
тіліне аудара білу 

Игеріліп отырған курстың ағылшын тілінде тыңдалған/оқылған материалының 
мазмұнын оқыту тілінде баяндау 


27 
Осымен, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндерін кіріктірілген 
оқыту барысында білім алушылардың білімдерін бағалау жүйесі: 1) ағылшын 
тіліндегі сӛз қорын толықтыруға; 2) ӛз ойын және ақпаратты ағылшын 
тілінде ауызша жеткізе білу біліктерін дамытуға; 3) мұғалім мен білім 
алушылардың сӛзін, аудио/бейнетаспаны тыңдау, ағылшын тілінде 
тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну біліктерін қалыптастыруға;
4) зерделеніп отырған тақырып бойынша ағылшын тілінде оқылған мәтінді 
түсінуге; 5) қажет жағдайда ақпаратты жазбаша нұсқасында жеткізуге 
бағытталуы тиіс. 
Білімнің кіріктірілуі білім беру мазмұнының икемді болуының және 
түрленуінің бір жолы болып табылады. Кіріктірілген оқытуды 
ұйымдастыруда білім алушылардың жас ерекшеліктерін еске ала отырып, 
оларды тұлға ретінде дамытуға және олардың шығармашылық ойлауын 
қалыптастыруға тірек болатын түрлі білімнің тоғысуы арқылы әлемнің сан 
түрлі болмысын таныту мүмкіндігі пайда болады. 
Осымен, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер 
(информатика, физика, химия, биология) мен тілді кіріктіре оқыту оқу 
үдерісінің сапасын жоғарылатып қана қоймайды, сонымен қатар, 
мектептегі білім берудің маңызды міндеті – білім алушылардың пәнаралық 
байланыс негізіндегі ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесін 
шешуді кӛздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет