Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет11/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Америка ғалымының кӛзқарасы. Идея триединства языков в Казахстане 
правильна и будет способствовать развитию страны. // Казинформ. -15 мамыр. – 
2008 жыл. 
2. Кузьмин С. С., Шадрин Н. Л. Русско-английский словарь пословиц и поговорок. 
– М.: Русский язык, 1989. 
3. Колпакчи М. А. Дружеские встречи с английским языком. - Ленинград, 1978. 
4. Тен Т. Трудности перевода. //«Карав» газеті. 
5. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». 
Астана, 28 сәуір. - 2007 жыл. 
6. Қалиев Ж., Мальцев В.С., Очаковская З.Н.. English – Ағылшын тілі. «Мектеп» 
баспасы, 1981 


21 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУ 
 
Жҧмағазина Ж.А. 
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
«Информатика» мамандығының 4 курс студенті 
 
 
Бүгінгідей жаһандану заманында кӛп тіл білетін адамның қоғамдағы 
алар орны да ерекше. Ӛзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең 
алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рӛл атқаратыны 
баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге ӛмір сүріп дамиды. Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек.
2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама кӛбеюі 
керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу 
орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің 
Қазақстандағы рӛлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске 
асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ
керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің 
дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында ӛз еліңнің дәрежесінің биік екенін 
мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді. 
Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда 
жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет 
тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент ӛз 
мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта 
алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға 
мүмкіндігі зор. Еліміздегі беделді университеттердің бірі әл-Фараби 
атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде шет тілдерін кәсіби деңгейде 
меңгеру мықтап қолға алынған. Осы орайда филология, әдебиеттану және 
әлем тілдері факультеті, «Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы» 
кафедрасының ағылшын тілін үйретудегі жаңашылдығы, қажырлы еңбегі 
мен атқарылып жатқан іс-шаралары соның дәлелі. Факультетте қызмет ететін 
білікті оқытушылар шетелдік ғалымдармен бірлесе отырып, студенттердің 
болашағы үшін қызмет етіп және жастардың қажетті білім алуына, тәжірибе 
жинақтауына жағдай жасап отыр. 
Менің болашақ мамандығым үшін, ағылшын тілін үйрену маңызды. 
Ұстазымыз әр сабағында ағылшын тілінде мақала жазуды, қазақ тілінен 
ағылшын тіліне аударуды, грамматиканы сауатты қолдануды, дауыс 
ырғағын дұрыс қойып оқуды үйретеді. Әр студентке ерекше кӛңіл бӛліп, 
білмеген жеріңді үйретуден еш жалыққан емес. Сондықтан болар, топтағы 
әр студенттің ол кісіге деген ықыласы ерекше. Ӛзінің бойындағы ынта-
жігері, сауаттылығы, білімділігінің арқасында беделді. Бізге әрдайым:
«Тіл үйреніңдер, бір жерде қалып қоймаңдар, жан-жақты болыңдар» — 
деп айтып отырады. 


22 
2015-2016 оқу жылында химия, информатика және биология 
мамандықтары бойынша үш тілде білім алған алғашқы түлектер бітіріп 
шықты. Химия мамандығын бітірген 3 студент ӛз диплом жұмыстарын 
ағылшынша жазып, сәтті қорғады. 
Жыл сайын арнайы ағылшын топтарындағы студенттердің ӛсуі бақыланып 
отыр. Ағылшын топтарындағы студенттердің жоғары кӛрсеткіші олардың 
тілге деген қызығушылығының жыл сайын артуы, аталған студенттердің 
жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары болады және шетелдік 
компанияларға жұмысқа тұруына,ТМД-да ғана емес шетелдерде жұмыс 
жасау мүмкіндігі артады. 
2016-2017 оқу жылында 4 факультетте 9 мамандықта 24 топта
кӛптілді білім беру бойынша 254 студент білім алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет