28
ПӘН МЕН ТІЛДІ КІРІКТІРІП ОҚЫТУДЫҢ
КЕЙБІР ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Ахатова Ж.Е.
аға оқытушы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты
СLIL (Content and Language Integrated Learning) - кіріктірілген
бағдарлама арқылы екінші тілді меңгеру. Қазіргі уақытта кӛптілділікті
қалыптастыру мен оны іске асырудың негізгі құралы болып табылады
ұл терминді ең алғаш рет Дэвид Маршем енгізген болатын. Бұл екі жақты
мақсатты кӛздейді: біріншісі – оқу пәнін меңгеру; екіншісі –
шетел тілін
(екінші тіл ретінде) меңгеру.
Бүгінгі күні кіріктірілген оқу бағдарламасын Қазақстанда бірқатар
мектептер қолданып отыр. Нақтырақ айтсақ, кейбір мектептерде Қазақстан
тарихы, география, құқық негіздері пәндері қазақ тілінде, ал математика,
биология, информатика, химия, физика пәндері ағылшын тілінде оқытылып
жүр. Әрине, әдістің тиімділігін бірден айту қиынға соғады,
себебі бұл бір
емес, бірнеше жылдың жемісі. Ең алдымен, бұл әдіс оқушылардың тілдік
құзыреттілігін арттырып, ӛз мәдениетін бағалап, басқа мәдениеттерді
құрметтеуге үйретеді. Оқушылардан бірден екінші тілде сӛйлеп
кетеді
дегенді күтпеңіздер. Уақыт ӛте келе, тапсырмаларды жеңілден күрделіге
қарай бағыттауды қолданыңыз. Оқушылар «мен бұл тілді меңгере
алмаймын» - деген ойда болмау керек. Скаффолдинг тапсырмалары
арқасында оқушылар тілді базалық қарым-қатынас дағдысынан (BICS)
академиялық тіл білу дағдысына (CALP) біртіндеп кӛшеді. Бастапқы кезде
оқушылар ауызекі сӛйлеу тілінде грамматикалық қателер жіберіп жататын
болады, бірақ бұл қателердің барлығын түзетіп, оқушыдардың ойын
бӛлмеңіз. Олар сұрақты бірінші тілде қойса, сіздер екінші тілде жауап
беруге тырысыңыз. Ең басты қағидат, ол оқушылардың меңгерген дағдысын
ӛмірде қолдана білу.
Сабақтың жоспарын құрған кезде, оқушыларға
қоршаған ортада болып жатқан жағдаяттарды ұсынған жӛн болар.
Сонымен қатар, оқушылармен топта, жұпта жұмыс жасағанды
дағдыланыңыз, себебі олар бір-бірін үйрету, жетелеу арқылы тілді тез
меңгере алады. Оқушылар кӛбінесе екінші тілде жауап беруге қиналатын
кезде, мұғалімдер сӛздердің аудармасын ӛздері айтып жатады.
Бұл дұрыс
емес, оқушылар берілген сӛзді білмей жатса, оған сыныптастары кӛмектесе
алады немесе мәтінді түсінбеген жағдайда мұғалімнен гӛрі жанындағы
досының түсіндіруі екі оқушыға да пайдасын әкеледі. Себебі оқушылар әр
сӛзді ой иелігінен ӛткізген жағдайда ғана келесі жолы оның аудармасын
ұмытпай айтатын болады. Екінші тілде күнделікті қарым-қатынас үлкен
жетістіктер әкеледі. Сабақта мұғалім оқушылармен қарапайым тілде
29
сӛйлеп, ойлануға кӛп уақыт берген жӛн болар. Аудармасын бірден айта
салмай, оны ым-ишара түрінде немесе суретін кӛрсету арқылы кӛрсеткен
кезде, оқушылар оны тез есте сақтайтын болады. Оқушыларға ой
еркіндігін беріп, кӛбірек сӛйлетуді үйрету керек [1;3].
Пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту
ұстанымын қолдану шет тілін
оқуғабӛлінген уақыт мӛлшерінің аздығынан және оны меңгеру деңгейіне
қойылған талаптардың жоғарлауынан пайда болып отыр.
Бұл тәсіл бір мезетте екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға
мүмкіндік береді, алайда негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге
аударылуы мүмкін.
Кіріктіріп оқыту әдісі жалпы барлық дидактика тәрізді, қазіргі кезде
қиын кезеңнен ӛтуде. Жалпы орта білім берудің мақсаттары ӛзгерді, жаңа
оқу жоспарлары және пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері
әзірленуде.
Ал білім беру мазмұнын жаңарту
оқытуды ұйымдастырудың
дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп
оқыту сабақтарын қолдануды талап етеді. Сол себепті де білім берудің
жаңа технологиялары пайда болуда, олардың бірі – CLIL пәндік-тілдік
кіріктіріп оқыту технологиясы.
CLIL технологиялары шет тілін басқа пәндерді оқытуда оқудың
қажетті құрал ретінде қарастырады. Яғни тілді үйрену
кез келген пән
саласы арқылы жүргізіледі, демек CLIL шет тілі сабағы емес, шет тілінде
ӛтетін пән сабағы [2;16].
Сонымен бірге оқушылардың тілдік қарыс-қатынастағы қажеттілігі
мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағжай жасайды.
Студент
компьютер
арқылы
ӛзінің
психофизиологиялық
мүмкіндіктеріне сәйкес, дербес бағдарлама арқылы жұмыс жасауына
мүмкіндік алады. Ағылшын тілін оқытуда қолданбалы бағдарламаларды:
Достарыңызбен бөлісу: