Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін



Pdf көрінісі
бет10/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
Байланысты:
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде окыту 30 11 2017 (1)

Литература
1. D.Coyle, P.Hood, D.Marsh. CLIL – content and language integrated learning. 
Cambridge: Cambridge University Press, 2010 
2. British Council. CLIL. http://britishcouncil.org 
3. Что такое CLIL? (Электронный ресурс) https://sites.google.com 
4. Bryan Milner. Core physics, Cambridge: Cambridge University Press 
ҤШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ҚҦЗЫРЕТТІ ТҦЛҒАНЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Есенеева Р.Е, Мухышева Г.М. 
А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебі 
 
 
Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда кӛп тілді 
меңгеруге аса назар аударылуда. 
Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер 
қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. 
Себебі кӛптілді меңгерген жастардың алар белестері биік. Сондықтан 
кӛптілді білім берудің басты мақсаты әр білім алушының жеке қабілеттерін 
кӛптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау. 
Кӛптілді меңгерген, ӛзін-ӛзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, ӛздігінен 
дамуға, ӛздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру. Бүгінде елімізде 
ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Ағылшын 
тілін үйрететін топтар, үйірмелер ашылуда. Осының барі күнделікті жады 
жағдай. Енді кӛптілділікті ехникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары 
арасында халық аралық стандарт деңгейінде тиімді ұйымдастыру үлкен 
мәселе[1;15]. 
Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш 
тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізіп отыр. Қазақстандықтардың 
үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде 
отандық мектептен маманның шығармашылық ӛзін-ӛзі жетілдіру саласын 
дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық ӛмірдің барлық саласында қызмет 
етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық 
патриотизмді нығыйту факторы ретіндегі рӛлін арттыруға, орыс тілінің 
лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен 
жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған 
кӛптілді білім беруді енгізуді талап етеді[4;3]. Бұл мәселенің бүгінде 
мемлекеттік 
деңгейде 
талқыланып, 
білім 
реформалары 
аясында 
қарастырылып отырғандығы қуантады. Қазіргі таңда оқушыларға 
компьютермен, интернетпен, интербелсенді тақтамен сабақ ӛткізу 
толығымен жолға қойылып отыр [5;4]. 


19 
Кӛптеген оқытушылар техникалық құралдарды тиімді пайдалана 
отырып, методикалық тұрғыдан саралай алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолдануда. 
Әрине ол оқытушыдан үлкен сауаттылықты, ізденісті қажет етеді. 
Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім ӛрісіне, зиялылық және 
танымдылық деңгейіне ӛмірдің ӛзі биік талаптар қойып отыр. 
Халқымыз ежелден тіл абыройын биік кӛтеріп, әдетте тіл жӛнінде, тіл ــ 
адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы деп, оған жай-жадағай анықтама 
берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы 
ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың 
ұлттық сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-
ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай ӛз бойына қамтып жататын күрделі 
ұғым. Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, 
тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес 
асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген 
[2;5]. 
Кӛптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің 
алдында тұрған кӛкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және 
киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Қазақстан 
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан 
халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақстандықтардың жас 
ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін 
еркін меңгерулері қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен 
студенттерінің ӛзара бірнеше тілде еркін сӛйлесулері қалыпты жағдайға 
айналғандығын атап ӛтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына 
айналып отырған қажеттіліктердің бірі [3;10]. 
Елбасы 2006 жылдың қазанында ӛткен Қазақстан 
халқы 
ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария 
етті. Ал 2007 Жолдауында ―Тілдердің үш тұғырлылығы‖ атты мәдени 
жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай: 
Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді 
мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – 
ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға 
ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін 
қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз [4;2]. 
Қазіргі таңда оқушыларға компьютермен, интернетпен,,интербелсенді 
тақтамен сабақ ӛткізу толығымен жолға қойылып отыр. Кӛптеген мұғалімдер 
осы уақытқа дейін техникалық құралдармен сабақ ӛтіп, оның қаншалықты 
тиімді екенін дәлелдеді. 
Компьютермен сабақ ӛткізу арқылы оның қолданылуын үйрене 
отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде ӛткізуге, оқытушы мен 
оқушының қарым-қатынасының педагогикалық және методикалық тұрғыдан 
сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады 
[5;7]. Компьютерді қолдану барысында ӛздерін қызықтыратын әр түрлі 


20 
мәселелерді шешуге болады және талқылайды. Компьютермен бала 
жазады,оқиды,түрлі 
тестер 
орындайды. 
Техникалық 
құралдарды 
пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу-
материалдарын алдын-ала дайындап, оқушыға беріп отырсаң ӛзінен-ӛзі 
жасауға тырысады, қызығады, жасамай,үлгермей отырған оқушы болмайды, 
себебі оның алдында бәрі дайын тұр. Сонымен қатар мұғалім қазіргі 
мектептегі ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio 
бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі 
жаңалықтар мен ӛзгерістерді ӛзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім 
кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы ӛзгерістер мен әлемдік білім беру 
кеңістігіне кіруге талпыну керек [6;6]. Соңғы кезде уақыт кӛрсетіп 
отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда кӛп ақпарат болатыны 
кейінгі кӛрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбір мұғалім ӛз 
қызметіне ақпараттық технологияны пайдалана білуі кажет. Бұл мәселе білім 
беруді ақпараттындырудың қажетті шартына айналып отыр. 
Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім ӛрісіне, зиялылық және 
танымдылық деңгейіне ӛмірдің ӛзі биік талаптар қойып отыр. 
Қорыта айтатын болсақ, кӛптілді білім беру бағдарламасы аясында 
үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде кӛтерілуіміз керек. 
Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік 
әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат 
кӛздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі ӛресі биік, 
дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын ӛсіру үшін бүгінгі ұрпаққа 
ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы 
білім мен тәрбие берілуі қажет. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның 
еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол[5.4]. 
Болашақ жастарымыз ӛз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып 
отырған үш тілде еркін сӛйлеп, әлемнің кез келген жерімен еркін байланысқа 
түсіп жатса еліміздің ертеңінің кӛркейте түсері сӛзсіз. Олай болса бүгінгі 
талапкерлерге әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгерсем деп талап 
білдіргендерге сәттілік тілейік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет