57
пәндері — оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру,
жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту, сонымен қатар қазақ халқының
ғасырлар бойы жинақталған моральдық – адами құндылықтарын меңгеруге
ұмтылысын тәрбиелеуге бағытталған. Бұл мәселе 1997 жылғы Президент
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» даму стратегиясының ӛзінде
ұсынылған болатын. Шынымен де қазіргі қоғаммен оның ӛткенін
байланыстырушы
тарихи
сана
қалыптаспайынша
патриотизмді
қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан да тарихты объективті оқыту және
оны насихаттау бүгінгі күннің ӛзекті мәселесі болып табылады.
Қазіргі
таңда
оқушыларға
компьютермен,
интернетпен,
интербелсенді тақтамен сабақ ӛткізу толығымен жолға қойылып отыр.
Кӛптеген мұғалімдер осы уақытқа дейін техникалық құралдармен сабақ
ӛтіп, оның қаншалықты тиімді екенін дәлелдеді.
Компьютермен сабақ ӛткізу арқылы оның қолданылуын үйрене
отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде ӛткізуге, оқытушы мен
оқушының қарым-қатынасының педагогикалық және методикалық тұрғыдан
сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады.
Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім ӛрісіне, зиялылық және
танымдылық деңгейіне ӛмірдің ӛзі биік талаптар қойып отыр.
Елбасы 2006 жылдың қазанында ӛткен Қазақстан халқы
ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны
жария етті. Ал 2007 Жолдауында ―Тілдердің үш тұғырлылығы‖ атты
мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі
мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын
жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі –
мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын
тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді
дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Қорыта айтатын болсақ, кӛптілді білім беру бағдарламасы аясында
үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде кӛтерілуіміз
керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту,
шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел
тілдеріндегі ақпарат кӛздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің
ертеңі ӛресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын ӛсіру үшін
бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен
ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: