Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет28/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64
Байланысты:
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде окыту 30 11 2017 (1)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Егемен Қазақстан газеті № 1 Е.Сағадиев «Үш тілді үйрену – үлгі етер үрдіс» 
2. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы 
3. «Тӛлегенов оқулары» ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары :2016 
ФИЗИКА САБАҒЫНДА ӘРТҤРЛІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНА 
ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 
 
Қожахмет М.С., Чимбергенова Р. 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты 
Ғұлама ғалым әл-Фараби «Адам мақсатына ӛзін-ӛзі жетілдіру 
арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы 
мінез — құлыққа байланысты» деп ой түйген екен. Ғалымның бұл пікірі 
оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, 
мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға дариды және әсер етеді. Мұғалім 
оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс тәсілдерінің барысында және іс 
әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны 
бойына сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез-құлық болса, ол онда ӛзінің 
оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және ӛзін-ӛзі жетілдіреді. 
Балалардың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Тілді үйретудегі 
негізгі мақсаты – ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін ескере отырып 
оқушыларды осы тілде еркін ойлап-сӛйлеуге үйрету; оқушылардың сӛйлеу 
қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту; оқушыларды 
ӛзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып сӛйлеу мәдениетін 
қалыптастыру. 
Шәкірттердің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, 
ойлау, шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын 
кӛтеруде интерактивті оқыту технологиясын пайдаланудың мәні зор. 
Физика сабағында білім сапасын арттыру үшін интерактивті оқыту 
аясында ойын технологиясын қолдану тиімді. Ойын ойнау арқылы 
оқушылар ӛздерін кӛрсете алады, ӛзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске 
деген ұмтылыс пайда болады. Ойын арқылы кез келген тақырыптарды 
жеңіл, оңай меңгертуге болады. Ойын технологиясын қолдану арқылы 


65 
барлық мәселе шешіле қалмайды. Дегенмен, қиындықтар азаяды. Себебі, 
ойын - оқушылардың негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу 
керек. 
Физика 
сабаңында 
кроссвордтар, 
ребус, 
жұмбақтар, 
жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айтқызу арқылы оқушылардың тілдері 
жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын 
болады.Сергіту сәтінде тілі жатық, оңай ілесетін әндерді бейнеге қарап 
тұрып орындатса, оқушылар сергіп, қызығушылықтары оянады. Бір 
жағынан, тілдері жаттығады,екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды. 
Әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдану, қызықты тапсырмалар беріп 
отыру, мұғалімнің ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Қазіргі заман 
талабына сай физика сабағында физикалық терминдерді ағылшын тілінде 
үйретіп, оны қолдану арқылы әр түрлі жетістіктерге қол жеткізе алады[1]. 
Физикалық диктантты жазғандақате жіберсе, қалған оқушылар 
дұрыс керекті әріптерді айтады. Оқушылардың білімін тексеру жұмысы 
осылай ауызша, жазбаша екі бағытта жүргізеді. Олардың тілін дамытуда 
кӛрнекіліктің алатын орны ерекше. Оқушыларды физика сабағында 
ағылшын тілінде сауатты сӛйлеуге, жазуға, оқуға үйрету үшін әрбір 
мұғалім ӛз бетінше ізденеді. 
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын 
қалыптасыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру 
мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер баршылық. 
«Қар кесегі» әдісін физика сабағында қолданғанда оқушылар ӛз 
ойларымен бӛлісе алады, нақтылыққа үйренеді. Мұғалім сабақ бойына 
қарстырылған жаңа тақырыптан оқушылардың не үйренгенін, нені әлі де 
біле түсу керек екенін, т.б жайлы ӛзінің не біліп, үйренгенін ағылшын 
тілінде кез келген физикалық формулалар, физикалық терминдер немесе 
физикалық бірліктерді қаншалықты білетінін параққа жазып лақтырады. 
Бұл әдісте оқушылардың физикалық терминдер мен қатар физикалық 
шамалардың ағылшын тілінде айтылым, жазылым, тыңдалым дағдылары 
қалыптасады[2]. 
Үш тілділікті меңгеру заман талабы болғандықтан, оқушыларға 
«Полиглот» әдісін физика сабағында қолданып, қазақ тілінде жұмбақтарды 
мұғалім айтады, әр оқушы жауабын 3 тілде айтуы қажет. 
Оқушыларағылшын тілінде сӛздік қорын дамытады, ӛз білімдерін 
толықтырады.
Сабақта 
оқушылардың 
тақырыпқа 
деген 
белсенділігін, 
қызығушылығын арттыратын әдістердің бірі «Ширинг әдісі», мұнда 
оқушылар ӛтілген немесе жаңа тақырыпты қалай меңгергенін кӛрсетеді. 
Оқушылар 3-4 сӛйлем кӛлемінде әңгіме құру арқылы жарысады және 
сӛйлем қайталанбау қажет. Мұндай жұмыстар оқушылардың сабақ үстінде 
шаршамай сергек отыруына жағдай жасап, сабаққа ынтасын арттырады 
және пәнге кӛқарасын қалыптастырады. 


66 
Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік 
оқыту» тәсілін алып қарасақ. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, 
мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды 
қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар 
қою арқылы, тақырып бойынша ӛз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі. 
Ӛзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің 
түсінуіне кӛмектесетінін кӛрсетті. Сұхбаттасу арқылы ӛз ойларын 
дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге 
кӛмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын 
жеткізуіне, сӛздік қорының молаюына кӛмектесетінін түсіндім. 
Сабақта қолданған әр жаңа иновациялық әдіс-тәсіл сабақ беру 
барысына тың жаңалық әкеліп оқушылар бойына қызығушылық пен 
құлшыныстың әкелетіні рас. Оқушыны білім алуда ӛз алдына мақсат 
қойып сол мақсатқа жету үшін не істеу керек екенін, қандай жолдары бар 
екенін түсіндіру керек. Оқушыларға дайын күйдегі білімді бермей 
керісінше, олар оқу барысында бақылаулар, қарапайым зерттеулер арқылы 
нәтижеге келулері керек. 
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан 
жаңаны табатын ӛнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай білім беру 
жүйесіндегі бүгінгі ӛмірдің талабы сабақ ӛткізудің жаңа әдістері мен 
ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа 
жетудің бірден - бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін 
іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа түрлерін күнделікті сабақта 
қолданып, жоғары нәтижеге жету – мұғалімнің міндеті. 
Сабақтың әрбір бӛлімінде оқушы баяндау, сұрақ-жауап беру, топтық 
жұмыстар арқылы сабақтың жоспарлық құрылымының нақтылы 
жетістігіне қол жеткізеді. 
Осы әдіс-тәсілдерді үзбей қолданып, оқыту процесінің барлық 
формасына (практикалық сабақтар, оқушылардың ӛзіндік жұмыстары, 
факультативтік сабақтарда) қолдану керек деп тұжырымдаймын. Себебі, 
оқыту іс-әрекетінің негізгі міндеті танымдық іс-әрекетті дамыту,ойлауды 
дамыту болып табылатындығы әрбір педагог үшін кәсіби парыз [3].
Жаңаша ізденіс, жаңаша кӛзқарас жалғасын тауып, ел ертеңі келешек 
ұрпақтың білім алудағы жетістікке жету жолында нәтижелі еңбек ететініме 
сенімдімін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет