Арқалық қаласы жаратылыстану пәндерін


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет58/64
Дата25.04.2023
өлшемі1,64 Mb.
#86883
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар //Қазақстан тарихы 
әдістемелік журнал.-2008.18-24 б 
2. Ешанова Г. Сұлтанбек Қожахметовтің жеке тұлғаның дамуына бағытталған 
ой-пікірлер// Қазақстан жоғары мектебі. -2006.-№1.96-99 б. 
3. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал. 
№3(45), 2010. 
4. Мектептегі шет тілі. №2(44), 2010. 


124 
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ФАКУЛЬТАТИВ САБАҚТАРДЫ 
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӚЛІ 
 
Нурханов М.А., Балыкбаева Г.Ш. 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 
институты 
 
 
Бүгінгі күні кӛптілділік – заман талабы. Мұны елбасы Нұрсұлтан 
Назарбаев «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына 
Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын 
жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар: қазақ тiлi - мемлекеттiк 
тiл, орыс тiлi - ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын тiлi - жаһандық 
экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» -деген болатын. Кӛптілділік - ӛмiрлiк 
қажеттiлiктен туындаған қазіргі заман талабы әрі дамыған мемлекет 
құрудың алғышарттарының бiрi болғандықтан, білімнің негізгі 
міндеттерінің бірі - ӛсіп келе жатқан ұрпақты жалпыәлемдік, глобалды 
құндылықтарға араластыру, әлемдік кеңістікте басқа мәдениет ӛкілдерімен 
қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру. Мұндай міндетті жүзеге 
асыру оқу орындарына жаңа міндет, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып 
отыр дегенді түсіндіреді [1;4]. 
Сабақтан тыс шараларда, факультативтерде, үйірмелерде үш тілді 
бірдей қолдану, іс-қағаздардың үш тілде жүргізілуі тілді білуді әрі 
қолдануды қажет етеді. Бұл шаралар тілдердің қолданысы мен дамуына 
жағдай жасайды және осы жұмыстарды еліміздің барлық мектептеріне 
енгізу – үштілділік бағдарламасын іске асырудың жолы болмақ [2; 7]. 
Жаһандық 
экономикаға 
ойдағыдай 
кiрiгу-кӛптілді 
тұлғаны 
қалыптастыруды қажет етеді. Қазақстан Республикасында білім беруді 
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 
елбасы 2020 жылға қарай барша қазақстандықтардың қазақ тілін, орыс 
тілінің 95% және ағылшын тілінің 25% -ын меңгеруі тиістігін міндеттеген 
2007-2008 оқу жылынан бастап, Қазақстан Республикасының Білім және 
Ғылым Министірінің 2007 жылғы 7 тамыз № 387 бұйрығы негізінде 
әлемдік стандарт деңгейінде сапалы білімнің негізгі бағыттарын анықтау 
үшін 31 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде үш 
тілді оқытуды енгізудің жаңа жобасын жүзеге асыру басталған болатын. 
Кӛптілді оқытуды жүзеге асырудың оңтайлы тәжірибесіне қарай қазақ-
түрік лицейлерінде, дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-
интернаттарында, Назарбаев мектерінде 7 сыныптан бастап кӛптілдік 
оқытуды кезеңдеп ендіру қолға алынған болатын. Бұл мектептер санын
30-дан 700 дейін кӛбейту жоспарланған [3; 76]. 


125 
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерде үш 
тілді білім беру моделін енгізудің ӛзектілігі мынада: - бүгінгі қазақстандық 
қоғамда кӛптілді, кӛп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы; - 
ұлттық мектеп бітірушілерін жалпы қазақстандық және әлемдік білім және 
ақпарат кеңістігіне кіріктірудегі мәселелерді шешу қажеттілігі; - болашақ 
ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне 
тәрбиелеудің ӛзекті мәселеге айналуы; - аз ұлт ӛкілдерінің этникалық 
ерекшеліктерін 
сақтаумен 
бірге 
олардың 
жалпы 
қазақстандық 
экономикалық, әлеуметтік-мәдени үрдістерге толыққанды қосылуына 
жағдай жасау; - мектеп бітірушілерінің коммуникативтік және ақпараттық 
құзырлықтарының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу. Бұл ӛзекті 
мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсат анықталды. Ол – Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары 
талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, кӛптілді коммуникативтік 
құзырлықтары қалыптасқан, кӛп мәдениетті, рухани-адамгершілік 
қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу [4; 308]. 
Қазіргі кездегі тілдердің рӛлінің маңыздылығына байланысты қоғам 
алдында оқушыларды тілге үйрету және тілдік дайындықтарын кӛтеру 
және ӛз тілі мен халықаралық қатынас тілін меңгерген маман дайындау 
мәселесі тұр. Мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі мақсат-ӛз 
халқының салт-дәстүрлерін білетін, кез келген жағдайда үш тілде 
коммуникативті әрекетке дайын әрі ӛзін дамытуға және жетілдіруге 
ұмтылған үш тілді меңгерген кӛпмәдениетті тұлға тәрбиелеу. Қазір 
кӛптілді білім беру – білім беру мекемелеріндегі оқу пәндерін екі немесе 
одан да кӛп тілде оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде әлемдік ғылым 
құпияларына үңіліп, ӛз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең басты 
қажеттілік. Кӛптілді білім беру – кӛптілді тұлғаны қалыптастырудың 
негізі. Қазіргі кезде қоғамдық қатынас жағдайында тұлғаның қалыптасу 
деңгейі кӛбінесе адамның ӛзін-ӛзі жүзеге асыра алуына, бәсекеге 
қабілеттілігіне және әлеуметтік ұтқырлығына тікелей байланысты. 
Кӛптілді білім мазмұны ана тілі мен мемлекеттік тілде, сонымен қатар, бір 
немесе бірнеше шетел тілінде жүйеленген білім, білік және дағдыны 
қамтуы тиіс. Кӛпмәдениеттілік жағдайында кӛптілді білім беруді жүзеге 
асырудың негізгі идеясы білім алушылардың қажеттілігі мен 
қызығушылығына сәйкес түрлі тілдерді пайдалануға ынталандыру, 
мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, ӛз халқының 
мәдени құндылықтарын жоғалтып алмай, ӛзге елдің де мәдени 
құндылықтарын бойына сіңіре алу болып табылады [5; 49]. 
Қазіргі таңда білім жүйесінде кӛптілді білім берудің жалпы әдістемесі 
болмағандықтан, бұл салада ғылыми зерттеулер жүргізу мәселесі ӛзекті 
болып отыр. Соған қарамастан кӛптілдік білім беру облыстық, дарынды 
балаларға арналған мектептермен қатар жалпы білім беретін оқу 
орындарына, мектеп-лицей және гимназияларға біртіндеп енгізілуде. 


126 
Олардың алғашқы қадамы эксперимент жүргізу арқылы кӛрініс тауып 
отыр. Пәндерді кӛптілде үйрету мақсатымен факультатив пәндер 
енгізілген. Факультатив сабақтарында оқушылар пәндердің негізгі 
терминдерімен танысып, ӛздерінің ағылшын тілдерінен алатын білімімен 
сабақтастырады. Мұндай сабақтар оқушылардың ағылшын тіліндегі 
дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Терминологиялық сабақтарда 
оқушылар география пәнінің негізгі терминдерімен танысып қана қоймай, 
географиялық мәтіндермен жұмыс істейді. Сабақтарда оқушыларды пәнге 
ынталандыру 
түсу 
үшін 
ойын 
стратегияларын 
қолданылады. 
Эксперименттік сабақтар географияны окытуда ағылшын тілінде білім 
беруді жетілдірудің әдістемесін жасау және оны эксперименттік тексеруге 
мүмкіндік бермек. Сабақтың әр кезеңінде қолданылған әдіс-тәсілдер 
оқушының тілге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, ағылшын 
тілін ӛзіндік дамытуына итермелейді. Ойын тәсілдерін қолдану 
оқушылардың ағылшын тілін табиғи түрде меңгеруіне әсер етеді. Ойын 
арқылы оқытудың артықшылығы – туған емес тілде жаңа тілдік және 
ауызша материалды меңгеру нәтижелі жүреді, себебі қарым-қатынас үрдісі 
эмоционалды кең ойын алаңында жүреді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет