Аралық бақылау сұрақтары: Көз алмасының құрылысы, көздің қабықтары



бет6/13
Дата10.03.2023
өлшемі76,63 Kb.
#73057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
curak

1.ДӘМ СЕЗУ АҒЗАСЫ
Дәм сезу ағзасының - organum ("химиялық" сезімнің) - маңызы тамақтың сапасын айыруда. Ең алдымен дәм бүршіктері тері сезімі ағзаларынан бөлініп шықты. Содан кейін олар ауыз және мұрын қуыстарында (қосмекенділер) шоғырланып, ақырында ауыз қуысында жиналады (жорғалаушылар мен сүтқоректілер).
Адамда бүршіктердің көбі papillae vallatae et foliatae-де, аздау мөлшерде papillae fungiformis-те, ақырында бір бөлігі жұмсақ таңдайда, бөбешіктің артқы және ожаутәрізді шеміршектердің ішкі бетінде орналасады. Бүршіктерде дәм сезу анализаторының рецепторын құрайтын дәм сезу жасушалары болады. Оның кондукторы үш буыннан тұратын, дәм сезу рецепторларының шығатын өткізгіш жолдар болып табылады (151-сурет).
Бірінші нейрон тілдің афферентті нервтерінің түйіндерінде жайғасады. Адамда дәм сезімін өткізетін нервтер: 1) бет нервінің дабыл ішегі (тілдің алдыңғы үштен екісі); 2) тіл-жұтқыншақ нерві (тілдің артқы үштен
канда бірі, жұмсақ таңдай мен таңдай доғашықтары) және 3) кезбе нерв (бөбешік).
Бірінші нейронның орналасуы:
1. Ganglion geniculi. Бұл түйін жасушаларының шеткі өсінділері chorda tympati құрамында тілдің шырышты қабықшасының алдыңғы үштен екісіндегі дәм сезу рецепторларынан шығады. Орталық өсінділер - п. intermedius-тің құрамында көпірге барады.
2. IX жұптың төменгі түйіні. Бұл түйін жасушаларының шеткі өсінділері - n. glossopharyngeus-тің құрамында тілдің артқы үштен бірі шырышты қабықшасындағы дәм сезу рецепторларынан шығады. Орталық өсінділер сол нерв құрамында сопақша миға барады.
3. Ganglion inferius n. vagi. Бұл түйін жасушаларының шеткі өсінділері n. laryngeus superior құрамында бөбешік аймағында орналасқан дәм сезу рецепторларынан шығады. Орталық өсінділер n. vagi құрамында сопақша миға барады.
Барлық сипатталған дәм сезу талшықтары сопақша ми мен кқпірде, екінші нейрон орналасатын nucleus solitarius nn. intermedii, glos- sopharygei et vagi-лерде аяқталады. Nucleus solitarius-тің дәм сезу бөлімі сопақша мидың шайнау мен жұтуға қатысы бар бар ық қозғалыс ядроларымен, сонымен бірге жұлынмен (тыныс алу, жөтелу мен құсуды бақылау) байланысқан.
Екінші нейрондардың өсінділері сопақша ми мен көпірден thala- mus-қа көтеріледі, сол жерде дәм сезу анализаторының қыртыстық ұшына баратын үшінші буын басталады. Дәм сезу анализаторы gyrus para- hippocampalis қыртысында самай бөлігінің алдыңғы шетінде ілгек пен гиппокампта, иіс сезу орталықтарының қасында жатады, ал басқа бір деректер бойынша қақпашқа қыртысында (operculum) орналасады. Химиялық деректері негізінен екінші болжамды растайды. Химиялық тітіркену рецепторда нерв импульсына айналып, ол кондуктор арқылы анализатордың қыртыстық ұшына дейін беріліп, сол жерде әр түрлі дәм түйсіктері түрінде қабылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет