Аралық бақылау сұрақтары: Көз алмасының құрылысы, көздің қабықтары


Дабыл қуысы ішкі жағынан сүйекқабымен тығыз бітісетін шырышты қабықпен жабылған, ол артқы жағынан емізіктәрізді үңгірдің (antrum mastoideum)



бет5/13
Дата10.03.2023
өлшемі76,63 Kb.
#73057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Дабыл қуысы ішкі жағынан сүйекқабымен тығыз бітісетін шырышты қабықпен жабылған, ол артқы жағынан емізіктәрізді үңгірдің (antrum mastoideum), яғни емізіктәрізді өсіндінің ең үлкен ауылы қуысының және оның ұяшықтарының шырышты қабатына жалғасады. Дабыл қуысының шырышты қабаты алдынан есту (евстахиев) түтігінің шырышты қабатына жалғасады.
І желбезек доғасының туындысы болып табылатын есту түтігі (tuba auditivae) ортаңғы құлақ пен түтіктің жұтқыншақтық тесігі (ostium pharyngeum tuba auditibae) ашылатын жұтқыншақтың мұрын бөлігін байланыстырады. Ол бұлшықетүтік өзегінің жартысын алып жататын сүйекті бөліктен және жұтқыншақтың мұрын бөлігінің аймағында орналасатын шеміршекті бөліктерден тұрады.
Есту түтігінің шырышты қабаты кірпікшелі эпителиймен қапталған және бойлық қатпарлар түзеді.
Есту түтігінің қабырғасымен жұмсақ таңдай бұлшықеттері байланысады, бұл бұлшықеттердің жиырылуы жұтынған кезде ауаның дабыл қуысына өтуін қамтамасыз етеді. Қуыстағы қысымды реттеу шырышты қабаттың ауаны сіңіруімен бір мезгілде жүзеге асады.

.

7-сұрақ


Ішкі құлақ
Ішкі құлақ(внутреннее ухо, auris interna) Ол самай сүйегінің тасты бөлігінде орналасқан. Оның 3 : кіреберіс, жартылай иірімді түтікшелер, ұлу бөлімі бар.
1.Кіреберіс(преддверие, vestibulum) – пішіні сопақша алдында ұлу артында жартылай иірімді түтікшелер орналасқан. Кіреберістің сыртқы қабырғасы ортаңғы құлаққа қараған. Кіреберіс дөңгелек тесік арқылы ұлумен жалғасады.
2.Ұлу(улитка, cochlea) екі жарым рет оралған. Оның бірінші орамынегізгі екіншісі-ортаңғы бөлігі үшіншісі-ұлудың ұшы деп аталады. Ұлудың ұшы дабыл қуысына қараған. Ұлудың ішіндегі шиыршық(спираль) оны 2 жолға бөліп ұлу қуысында 2 саты: жоғарғы «кіреберіс сатысы» төменгі «дабыл сатысы» пайда болады. Екі саты ұлудың ұшындағы кішкене тесік арқылы қосылады.
3.Жартылай иірімді түтікшелер(костные полукружные каналы, canalis semicirulares ossei) ішкі құлақтың сүйекті шытырманының артқы бөлігі. Түтікшелердің әрқайсысы жартылай шеңберге ұқсайды қос аяғымен кіреберіс бөліміне ашылады. Жартылай иірімді түтікшелердің аяқшаларының бір ұшы кеңейген ал екінші аяқтары өз қалпын сақтайды. Алдыңғы және артқы иірімдерінің кеңейген аяқшалары бірігіп жалпы аяқша пайда болады.
Ішкі құлақтың сүйек бөлігінің пішінін ішінен жарғақты бөлігі қайталайды. Сүйекті және жарғақты бөлігінің аралығында перилимфа жарғақты бөліктің ішінде эндолимфа сұйықтығы болады.
Ұлудың сүйек табақшасының бұрышына кіреберіс жарғағы шығады. Жарғақта дыбысты қабылдайтын жүйке ұшы «кортиев мүше» (organum spirale) деп аталады. Спираль мүше тіреуіш және кілегейлі жасушадан тұрады ол дыбыс тербелістерін қабылдайды, кіреберіс пен иірімді түтікшелер теппетеңдікті сақтайды.

8-сұрақ
Иіс және дәм сезу ағзалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет