2.ИІС СЕЗУ АҒЗАСЫ Барлық жануарларда, омыртқалыларда да, тіпті омыртқасыздар да, иіс сезу ағзасы - organum olfactus - өзінің негізгі бөлігінде эктодер- менің ішкі жақ ойысы болып табылатын иіс сезу шұңқырын астарлап жататын сезімтал (нейросенсорлық) иіс сезу жасушаларының тұрады. Күрделі омыртқалыларда бассүйектің шеміршекті мұрын капсуласымен қоршалатын мұрын қуысының (иіс сезу шүңқыларының) кеңейіп, тереңдеуіне байланысты иіс сезу мүшесі одан әрі жетіле түседі. Бұлайша күрделену иіс сезуі күшті дамыған ірі жануарларда (жыртқыштар, кемірушілер, түяқтылар және басқа да түрлер) ең жоғары дәрежеге жетеді. Керісінше, адамдарда және басқа микросматик жануарларда иіс сезу аппараты біршама редукцияланған. Осыған байланысты макрокосматик
Иіс сезу нервтері (I) Nn. olfactorii, иіс сезу нервтері, иіс сезу рецепторымен байланысты пайда болған иіс сезу миынан дамиды. Оларда химиялық тітіркенулерді қабылдаушы ағзалардың шығатын висцералды-сезімтал талшықтар болады. Бүл нервтер алдыңғы ми өсінділері болғандықтан, оларда түйін болмайды да, мұрын қуысының шырышты қабығының ragio olfactoria аймағында жайғасқан иіс сезу жасушаларының орталық өсінділерінен құралған, саны 15-20, жіңішке нерв жіптерінің, fila olfactoria, жиынтығы болып табылады. Fila olfactoria, lamina cribrosa тесіктері арқылы мұрын куысының жоғарғы қабырғасынан өтіп, tractus және trigonum olfactori- um-ге созылатын bulbus olfactorius-те аяқталады.
9Сурак
) Ауыз саңылауының құрылысы;
Ауыз қуысы (лат. cavum oris) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің аддыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатгы және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды. Ауыз қуысы ағзаларына аталған мүшелерден басқа қабырғалық (интрамуральды) майда сілекей бездері (ерін, тіл, таңдай, ұрт сілекей бездері) және ауыз қуысы қабырғасынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) сілекей бездері (қүлақ түбі, төменгі жақ және тіласты жүп сілекей бездері) жатады. Ауыз қуысы екі бөліктен: ауыз қуысының кіре берісінен және негізгі ауыз қуысынан тұрады. Ауыз куысында ас (азық) механикалық өңдеуден өтеді: ол шайналады, ұсақталады, сілекеймен араласып жібиді, жүтуға дайындалады. Сілекей құрамындағы ферментгердің әсерінен ас (азық) құрамындағы крахмал қорытыла бастайды (глюкозаға ыдырайд
10-сурак
) Ауыз қуысының қабырғалары;
Ауыз куысы (cavitas oris) қабыскан жақсүйектерде тілмен толған. Оның сыртқы қабырғаларын тістік доғаларымен қызылиектердің тілдік беттері (жоғарғы жэне төменгі), жоғарғы қабырғасын таңдайлар, ал төменгі кабырғасын ауыздың көкетін құрайтын, тіласты сүйегінің астындағы бұлшықеттер түзеді.
11-Сурак
Жұмсақ және қатты таңдайдың құрылысы;
Таңдай (Palatum) - ауыз қуысының жоғарғы кабырғасын түзеді. Екі бөліктен, сүйек тінінен ісүралған қатты таңдай жэне жұмсак таңдайдан тұрады. Шырышты қабығы барлык таңдайды жауып, қатты таңдаймен тығыз бітісіп артынан жұмсак таңдайға жалғасса, екі жағынан жоғарғы жақсүйектің ұяшықтарына өтіп қызылиек түзеді.