Қаралық ғылыми­практикалық конференция I том



Pdf көрінісі
бет75/98
Дата03.03.2017
өлшемі9,92 Mb.
#6485
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   98

Список литературы: 

 

1

  Маслова В.А. Лингвокультурология. Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – 



М.: Издательский центр «Академия», 2001. – 208 с. 

2

  Телия 



В.Н. 

Русская 


фразеология: 

семантический, 

прагматический 

и 

лингвокультурологический аспекты.  –  М.: Школа «Языки русской культуры», 1996. – 



288 с. 

3

  Алефиренко  Н.Ф.  Поэтическая  энергия  слова.  Синергетика  языка,  сознания  и 



культуры. –  М.: Academia, 2002. – 394 с. 

4

  Ковшова  М.Л.  Фразеология  в  контексте  культуры.  –  М.:  Языки  русской  культуры, 



1999. – 336 с. 

5

  Словарь­тезаурус современной русской идиоматики. М.: Мир энциклопедий Аванта+, 



2007. – 1135 с. 

 

ӘОЖ 81 



Әбенова П. 

 

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері 

Университеті, Алматы, Қазақстан 

e-mail: abenova.p@mail.ru 

 

ТУРА ЖӘНЕ ЖАНАМА СӨЙЛЕУ АКТІЛЕРІ 

(АҒЫЛШЫН САЯСИ ДИСКУРСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН) 

 

Abstract:  The  following  article  focuses  on  the  general  understanding  of  direct  and 

indirect  menacive  speech  acts.  The  difference  between  the  direct  and  indirect  acts  is  explained 

and  the  appropriate  examples  are  given.  Additionally,  the  issues  of  performative  and  quasi­

performative verbs were studied. 

 

Keywords: Speech acts, menacive speech acts, indirect and direct menacive speech acts, 

political discourse, performative and quasi­performative verbs. 

 

Қазіргі  таңда  күннен  ­  күнге  туындаған  кішігірім  түсініспеушіліктердің  соңы  



зұлымдық  пен  қастыққа  толы  шиеленістерге    алып  келуде.  Орын  алған  кез  ­  келген 

қылмыс,  ланкестік  əрекет,  этника  аралық  жəне  əлеуметтік  келіспеушіліктер  бұқаралық 

ақпарат  көздері  арқылы  күллі  жаһанға  таралуда.  Зұлымдық  күнделікті  өмірдің  ажырамас 

бөлігіне айналуда. Жоғарыда сипатталған жағдай бізге келесі агрессияның, зұлымдықтың 

ажырамас  бөлігі  менасивті  сөйлеу  актілерін  лингвистикада  аударма  тұрғысынан 

қарастыруға  негіз  болды.  Қазіргі  таңда  əлемде  кең  етек  жайған  ланкестіктің,  адресант  

қаруына  айналған  əдіс  –  халықты  қорқыту,  үркіту  болып  отыр.  Сөйлеу  актілерінің  бір 

бөлігіне  айналған  менасивті  сөйлеу  актісі  қазіргі  лингвистикада  толыққанды  зерттеуді 

қажет ететін тақырып.  

Сөйлеу  актісі,  əсіресе  менасивті  сөйлеу  актісі  ғалымдардың  қызығушылығын 

тудыратыны  сөзсіз.  Көптерен  ғалымдардың  зерттеу  жұмыстарында  менасивті  сөйлеу  актісіне 


 

 

541 



 

қысқаша  түсінік,  иллюстративті  мысалдар  беріліп,  сөйлеу  актілерінің  үлкен  бөлігі  ретінде 

қарастырылады.  

Менасивті  сөйлеу  актісінің  негізінде  қорқыту,  үрейлендіру    жатыр.  Конфликтология 

теориясында  қорқыту  агрессивті  сөйлеу  актілері  ретінде  қарастырылады  [1,  б.38]  .  Сонымен 

қатар,  менасивті  сөйлеу  актісі  манифестация  үшін,  болмаса  əлеуметтік  ассиметрия  орнату 

мақсатында  қызмет  етеді.  Агрессия  ­  өзін  ­  өзі  əдейі  деструктивті  ұстауды  білдіреді  жəне  ол 

бағытталған  объектіге  зұлымдық  келтіру,  болмаса  адам  бойына  теріс  қобалжулар  ұялатуды 

көздейді. Қорқытудың басты мақсаты адресантқа тек зұлымдық жасау емес, сонымен қатар, өз 

дегенін істету, талап етілген шартты жүзеге асыру.  

Өз  тұрғысынан  қарсыласын  манипуляциялайтын  тактикалық  құрал  қызметін  атқаратын 

менасивті    сөйлеу  актісі  ғалымдардың  қызығушылығын  тудырмай  қоймады.  Саяси  дискурста 

қорқыту, үрейлендіруді қолдану барысында дискурстың мақсатына сай жүзеге асыру құралдары 

өзгеріске  ұшырайды.  Осыған  орай,  саяси  дискурс  барысында  қорқыту  сөйлеу  актісі  əр  түрлі 

мақсатта  сөйлеушінің  дегенін  жүзеге  асыратын  тактикалық  құрал  ретінде  қолданылады.  Ол 

мақсаттардың  ішінде  билік  үшін  күрес  немесе  бітімге  келу  келіссөздері  де  кіреді.  [1,  б.25]  

Келіссөздер  жүргізу,  екі  жақ  ортақ  шешімге  келу  үшін  бітімге  келу  барысында  менасивтке 

жүгінбеу  шарттары  егжей  тегжейлі  қарастырылады.  Оның  ішінде  əр  түрлі  шарттар,  уақыт 

шамасы    (белгілі  бір  көрсетілген  уақытқа  дейін  жүзеге  асырылуы)  сияқты  аспектілері 

талқыланады.   

Адресант  саяси  дискурста  қауіп  төндіру,қорқыту,  мəжбүрлеу  жағдайы  тақырыптарына 

байланысты  ерекшеленеді.  Олар,  күш  сынасудағы  əскери  шиеленіс,  халықаралық  əлеуметтік  –

мəдени  жəне  саяси  –  дипломатиялық  байланыстар  орнату  немесе  оны  тоқтату,  шынайы  билік 

үшін үміткерлердің күресі [4, б.68].  

Тілдің  функционалды  тұрғысынан  қарайтын  болсақ  менасивті    сөйлеу  актісін  ­қауіп 

төндіру  мақсатында  айтылған  коммуникативті  –  прагматикалық  топқа  жатқызуға  болады. 

Аталған менасивті  сөйлеу актісі саяси дискурста адресанттың қалауына байланысты эксплицитті 

немесе  имплицитті  түрде  берілуі  мүмкін.  Оны  толық  түсіну  үшін  тура  жəне  жанама  сөйлеу 

актілерін қарастырайық. 

Ғалымдарды ұзақ уақыт бой толғандырып жүрген мəселе ­туражəне жанама менасивті  

сөйлеу актісі. Менасивті  сөйлеу актісінің негізін салған Дж. Серль, теориядатура (эксплицитті 

менасив  )  –  адресант    барлық  ойын,  шынайы  ниетін  жасырмай  тіке  айтқанда,  ал  жанама 

(имплицитті  менасив)  –  адресант  өз  айтқанынан  бөлек  нəрсені  меңзейтін  болса,  шынайы  ой 

толық  жеткізімеген  сəт  деп  бөліп  қарастырған  [6,  б.34].  Дəл  осы  имцлицитті  айтылған  сөйлеу 

актісі  жанама  əрекет  болып  саналынады.    Сонымен,  сөйлеу  актілерінің  экспицитті  неменсе 

имплицитті  болуы  илокутивтің  қаншалықты  экспилцитті  айтылғанына  байланысты  болады. 

Ағылшын  тіліне  тура  сөйлеу  актісінің  илокутивті  құрылымы  первормативті  формула  (  бірінші 

жақтағы    есімдік  +  осы  шақтағы,  жеке  түрдегі  етістік  )  түрінде  беріледі.  Перформативті 

формуламен көрсетілген сөйлеу актісі адресанттың ойын барынша эксплицитті етіді. Мысалы, I 



declare, I promise, I order etc. [3, б.83] 

 Долининнің  айтуынша,  жанама  имплицитті  сөйлеу  актісінің  өзіне  тəн  жеке  формуласы 

болмайды.  Көбіне  ол  сөйлемнің  контекстінен,  талқыланып  жатқан  орын  алған  жағдайға 

байланысты жəне қатысушылардың ортақ аялық біліміне байланысты анықталып жатады [7, б.3] 

. Осыған орай, біз жанама сөйлеу актісінің тек көзбе көз кездесулерде ғана анықталынатынанын 

жəне  ол  жазба хаттарында,  мəтіндеріне қорқыныш  ретінде қабылданбай қалуын  мүмкін  екенін 

түсінеміз.    Оны  келесі  мысалдан  көре  аламыз,  “these  Nazi  submarines  and  raisers  are  the 

rattlesnakes  of  Atlantic”.  Берілген  сөйлем  бір  қарағанда  екі  мемлекеттің  теңіз  күштерін 

салыстырып,  біреуін  кемсітіп  жатқандай  болып  көрінуі  мүмкін.  Бірақ  алдыңғы  контекстке 

жүгінетін болсақ, имплицитті түрде берілген шынайы менасивті көре аламыз. “But when you see a 


 

 

542 



 

rattlesnake poised to strike, you do not wait until he has struck before you crush him.” [3, б.87]  Тек 

алдыңғы сөйлемге қарағанда ғана, толық контекстке жүгінгенде ғана сөйлеушінің шынайы ойын, 

яғни қарсыласыңның шабуылын күтпей, бірінші болып өзің шабуылдайтынын түсінеміз.  

Жоғарыда көрсетілгендей, сөйлеушінің шынайы ниетін айқын кқрсететін экспицитті тура 

сөйлеу актісі болып табылады. Бұл жерде, перформативті қызмет бірден сйөлеу актісінің əрекетін 

көрсетіп, айтылу сəтінде жүзеге асырылып жатқан əрекеттің эквивалентінің қызметін атқарады. 

Жоғарыда аталған, пеформативті етістіктерге, Дж. Остином, бірнеше сипаттама берген. Олрадың 

ішінде,  перформатив  1  жақтағы,  жекеше  түрдегі,  осы  шақта  жақылған  етістіктер  жатады. 

Мысалы, I promise.Адресант пеформативті етістікті қолдана отырып, ол əрекетті сипаттамайды, 

орын  алып  отырған  жағдайды  да  сипаттамайды.  Перформативті  қолдану  арқылы,  ол  əрекет 

жасайды. Осыған орай, перформатив əрекеттің сипаты емес, негізгі əрекет болып саналынады. [3, 

б.  58]  Перформативтің  сəтті  жүзеге  асатыны  жəне  сəтсіз  жүзеге  асырылғаны  болады. 

Перформативтің сəтті болуы, оны айтқан адресанттың құзіреттілігі мен лауазымына байланысты. 

Перформатив  тек  оны  айтатын  адресант  қана  болмай,  айтылған  бұйрықты  жүзеге  асыратын 

адресат болғанда ғана сəтті, əрі тиімді шыққан перформатив болып саналынады. [3, б.60]  

Сөйлеу  актісі  жайында  айтқанда,  міндетті  түрде сөйлеу  əрекетіне  жататын  жəне  сөйлеу 

барысында жасалынатын əрекетті атап көрсететін етістіктер тобы бар екенін атап кеткеніміз жөн 

болады.  Аталған  етістіктер  тобы  иллокутивті  етістіктер  болып  табылады  жəне  иллокутивті 

күштің  көрсеткіші  ретінде  перформативті  қызметте  қолданыла  алмайды.    Осы    етістіктерге 

“threaten”-  “қорқыту”  да  жатады.  Аталған  етістіктер  жеке  «квазиперворматив»  атауына  ие 

болған.  Осы  етістіктерді  жеке  топқа  бөліп  қарастырудың  себебі,  олар  перформативті  сөйлемде 

қолданыла алмайды, тіпті қолданылған сəттің өзінде, бірінші жақтағы осы шақта əрекеттің жүзеге 

асырылуына мүмкіндік беретін арнайы оператор, жүзеге асырушы етістікті талап етеді. ҒалымЗ. 

Ведлердің квазиперформатив етістіктеріне жүргізгін тəжірибесі, аталған етістіктер тобының үш 

басты ерекшеліктері бар екенін көрсетті: [5, б.34] 

Көбіне  ауызша  сөзде  қолданылады.  Квазиперворматив  тобына  жататын  етістіктер  тек 

қана сөз барысында айтылып қоймай, басқа да жолдармен жүзеге асырыла алады. 

Квазиперформативті  етістіктердің  семантикалық  құрылымында    перлокутивті  əсер 

қалдытарын жəне соңғы нəтижені көрсететін арнайы күші бар. Ол адресант үшін өте тиімсіз жəне 

қауіпті  салдарларға  əкелуі  мүмкін.  Біз  қарастырып  отырған  :”threaten”  етістігі  аталған  үш 

аспектіге де сай келеді [8, б.15].  

1. 

Threaten – to say that you will cause someone pain, unhappiness or trouble, if they do not 



do what you want to announce an intention to inflict evil, injury, damage, loss or harm; 

2. 


Threaten­ to do something undesirable, violent; 

3.  Inflict evil, injury, damage, loss, harm (threaten); 

Сонымен,  аталған  аспектілер  ”threaten”  етістігінің  семантикалық  мағынасы  оны 

иллокутивті етісіктер қатарына қосатынын көрсетеді жəне біз оны квазиперформативті етістіктер 

қатарына  жатқызсақ  болады.  Вендлер  атап  өткендей,  аталған  етістікті  сөйлемде  қолдану, 

адресант  үшін  тиімсіз  салдарға  əкелуі  мүмкін.  Дегенмен,  квази  перформативті  етістіктер 

эксплицитті жəне имплицитті менасивті сөйлеу актілерін айту барысында қолданылады. Осыған 

сүйене  отырып,  біз  эксплицитті  жəне  имплицитті  менасивті  сөйлеу  актісінде  қолданылатын 

етістіктерді  бөліп  қарастырсақ  та  болады.    Дегенмен,  адресант  өз  тарапынан  адресат  берілген 

ақпаратты  дұрыс  түсінуін  қадағалауы  қажет.  Басқа  жағдайда,  менасив  сəтсіз  берілген  болып 

саналынады, адресант үшін ешқандай пайда алып келмейді.  

Менасивті  сөйлеу  актілерін  зерттеу  барысында,  эксплицитті  жəне  имплицитті  берілген 

қорқытудың,  үрейлендірудің  айырмашылықтары  айқан  байқалды.  Перформативті  етістіктерде 

тікелей қолдана алмаған салдарынан, менасивті сөйлеу актісі өзгерістерге ұшырап, басқа сөйлеу 

актілерінің  сипатына  ие  болады.  Егер  эксплицитті  сөйлеу  актісінде  сөйлеушінің  ниеті  айқын 


 

 

543 



 

көрсетілген  болса,  имплицитті  сөйлеу  актісінде  иллокутивті  күш  басымдылыққа  ие  болады. 

Ақпарат адресатқа толық əрі дұрыс емес сияқты əсер қалдырады. Сол себепті, ол оратордың нені 

меңзегенін  түсінуге  тырысады.  Жанама  сөйлеу  актісі  сөйлемнің  семантикалық  құрылымына 

байланысты,  тек  жанама  түрде  ғанаберіледі.  Жанама  сөйлеу  актісі  ортақ  тематикада  ғана 

қолданыла алады. Коммуникацияның ақпараттық, мағыналық құрылымын анықтайды. Басқаша 

айтқанда,  жанама  сөйлеу  актісі  тек  қана  бір  жағдайдың  контекстінде  ғана  айтылып,  басқа 

тұрғыдан  иинтерпретациялана  алмайтындай  болған  жағдайда  ғана  сəтті  деп  саналынады. 

Мысалы,  «  There  are  all  kinds  of  way  to  change  regimes».  [9]  Көрсетілген  мысалды  көп  жолмен 

интерпретациялауға  болады.  Біріншісі,  тарих  сабағы  барысында  мұғалімнің  тарихта  болған 

мемлекет  үлгілерін  атап,  олардың  бірін  бірі  алмастыруын  айтуы  мүмкін.  Берілген  мысалды 

тарихта орын алған факт ретінде түсінеді. Екінші түрде, мемлекет билігінің жүргізген саясатына 

келіспей,  ереуілге  шыққан  азаматтардың  плакаттарынан  көруге  болады.  Қандай  жағдай 

елестетпегенмен  орын  алған  жағдайды  толық  хабардар  болмай,  берілген  мысалдың  шын 

мəнісінде  имплицитті  берілген  менасивті  сөйлеу  актісі  екенін  түсіну  мүмкін  емес.  Шын 

мəнісінде,  берілген  мысалдың  авторы,  АҚШ  экс­президенті,  Джордж  Буш  адресант  Ирак 

басшылығының  мемлекет  аймағындағы  жаппай  қыру  қаруын  халықаралық  бақылаушылыр 

назарына  ұсынуға  қарсылығын  білдірген  кезіндегі  мəлімдемесі.  Орын  алған  жағдай  бізге 

келіспеушіліктің орын алғанын білдіреді. Одан əрі əскери шиеленіске ұласып кетуі əбден мүмкін 

жағдай.  

Жанаманы  менасивті  акт  ретінде  қарастырып,  қатысушылар  коммуникативті  мақсаты 

ортақ,  саяси  жағдайдан  хабардар  жəне  диалогқа  қатысты  ортақ  тарихы  бар  екенін  аңғаруға 

болады. Сонымен, жанама сөйлеу актілерін анықтауда контекске сүйенбеуге бомайтынын жəне 

оны  түсіну  үшін  орын  алған  жағдайдың  тарихын,  қатысушыларын,  мүдделерін  жəне 

қатысушылардың  мақсаттарын  білу  қажет.  Жанама  сөйлеу  актісі  бірнеше  сипаттамаға  ие. 

Біріншіден, жанама сөйлеу актісі – айтылған сөздің көпмағыналылығы орын алғанда жəне сəтті 

шығу  шарты  өзгергенде  қолданылады.  Екіншіден,  жанама  деп,  мағынасы  немесе  иллокутивті 

күші адресанттың қалауымен толық берілмеген сойлеу актілерін айтамыз. Үшіншіден, кез келген 

айтылу формасында немесе иллокутивті қызметінде өзгеріске ұшыраған сөйлеу актілері жанама 

сөйлеу актілері деп аталады. Төртіншіден, адресат сөзінің иллокутивті мақсаты айтылған сөздік 

құрылымда тура көрініс таппаған жағдайда, ол менасивті сөйлеу актісі жанама болып саналады.  

Жанама  сөйлеу  актілерінің  анықтамасының  көп  болуы,  бірінші  кезекте,  оның 

көптүрлілігімен  түсіндіріледі.  Жанама  сөйлеу  актісінің  дəрежесі  спикердің  қалауымен  төмен 

дəрежеден,  сөйлемнің  лексикалық  құрылымының  қиындауына  байланысты,  жоғарғы  дəрежеге 

дейін  қиындатылады.  Сөйлемнің  прагматикалық  мағынасы  тек  контекстке  байланысты  немесе 

аялық білімнен түсінуге болатын түрлері бар.  

Жанама менасивті акт құрылымында семантикалық құрылымы толық берілменген немесе 

аталған  компоненттері  мүлдем  басқаша,  үлкен  ауытқулармен  берілген,  тіпті  логикалық 

шешімдерді  талап  ететін  жанама  сөйлеу  актілері  болуы  мүмкін.  Сөйлем  құрылымы  белгілі 

лексикалық  жəне  грамматикалық,  синтактикалық  амалдармен  жасалынады.  Жанама  менасивті 

актісі грамматикалық тұрғысынан келесі синтактикалық бөліктерден тұруы мүмкін: 

­ 

Noun (Pr1) + V [future simple] +Noun 2 (Pr2) 



We will track him down. We will capture him6 we will bring him to justice! [9] 

­ 

Noun (Pr1) + be going to + V [infinitive] + Noun (Pr2) 



Slowly,  but  surely,  we  are  going  to  move  them out of  their  holes  and  what  they  think is safe 

heavens and get them on the move [10] 

­ 

Noun (Pr1) +V[Pr.prog] +Noun (Pr2) 



We are taking al Qaeda around the world, and nearly two­thords of their known leaders have now 

have been captured or killed. [10] 



 

 

544 



 

­ 

Noun (Pr1) +V [be] +adj +V[infinitive] +Noun (Pr2) 



We are resolved to rout out terror wherever it exists to save the world…[11] 

Noun (Pr1)­ зат есім орнына көбіне есімдік тұрады, адресант, Noun2 (Pr2) ­ зат атаулары 

немесе адам аттары тұрады, адресат, V– етістік, жасалынатын əрекет атауы, Future Simple ­ келер 

шақ, Pr.Prog­ осы шақ, Inf­ инфинитивті етістік, to be going to ­ тұрақты тіркеспен беріледі, V[be] 

+adj–құрылымында болу етістігі мен сын есім конструкциясы да қолданылады.  

Лексикалық құрылымына келсек, имплицитті менасивті сөйлеу актісінде келесі етістіктер 

мен етістіктік құрылымдар қолданылады: 

1.  Іс­қимыл  етістіктері  (to  kill,  to  destroy  to  hang,  to  beat,  to  shoot,  to  attack,  to  crush,  to 

slaughter, to hit, to break, to wipe out etc) 

2.  Әлеуметтік санкциялар (to pursue, to bring to justice, to bring to book, to put into jail, to 

keep in custody etc.) 

3.  Қудалау (to hunt down, to track down, to target, to ferret out, to rout out etc) 

4.  Тартып алу(to strip, to clean from, to disarm etc) 

5.  Алшақтату немесе дəрежесін өзгерту (to impeach, to deport, to dismiss, to overthrow etc) 

6.  Қуу(to smoke out, to drive out, to root out, to move out of hole etc) 

7.  Күшпен ұстау(to capture, to catch etc) 

8.  Күш  көрсету(to  prevail,  to  overcome,  to  preempt,  to  devoir,  to  lead  the  fight,  to  gain 

triumph etc) [12, б.25] 

Лексикалық  компонентке  менасивті  əлеуетіне  қарамастан  қорқыныш  үрейлетпейтін 

етістіктер бар. Аталған етістіктер тобы əрекеттің нəтижесін білдіреді. Олар:to die, to disappear, to 

pay the price, to go to piece, to learn the meaning of smth.  

«We can’t stand by and monitor these rockets spewing their fire on our people. Everyone who 

has joined in the crime shall pay the price» 

Көрсетілген  мысалда  адресант қандай  əрекет  жасайтынын  ашып  айтпайды.  Дегемен,  ол 

əрекет  адресатқа  жағымды  əсер  етпейтіні  анық  .  Берілген  сөйлем  адресатқа  белгілі  бір  əрекет 

жасалынатынын білдіретін ырықсыз етіс сөйлемінің құрылымынан өзгеше.  Нəтижені білдіретін 

етістіктерді менасивті сөйлемде қолдану адресатқа жасалынатын əрекетті ашып корсетпей, жай 

ғана  ниетті  білдіреді.  Берілген  сөйлемде  менасив  жасырын,  жанама  берілген.  Адресант  осы 

мысал  арқылы  адресатқа  талап  орындалмаған  жағдайда  нəтиже  қандай  болатынын  жеткізбек 

болған,  бірақ  ол  нəтижеге  қандай  жолмен  жететіні  айтылмаған,  имплицитті  түрде  берілген. 

Қорқыту  əрекетін  мұндай  жолмен  беру,  адресаттың  назарын  нəтиженің  маңыздылығына  

аударуға  тырысқан.  Сонымен  қатар,  менасивті  жанама  түрде  айту,  адресантқа  ниетін  толық 

ашып,  тікелей  айтпауға мүмкіндік береді.  

Адресанттың ниетін имплицитті түрде беру, жасалынатын əрекетті немесе оның салдарын  

жанама түрде бергенді білдіреті. Сонысен қатар, сипаттау метафоралық үлгіде болуы мүмкін.  

“Our nation is somewhat sad, but we are angry. There is a certain level of blood lust, but we 

won’t let it drive our reaction. We are steady, and patient, but pretty soon we will have to start displaying 

scalps” [18] 

Метафора  сөйлемге  тек  қана  жмоционалды  сипат  қосып  қоймай,  сонымен  қатар, 

«қатыгездікпен  жасалған  қылмысты»  жанама  түрде  беріп  тұр.  Келесі  мысалдарда  толығырақ 

қарастырсақ: 



«Give a few dollars to a Muslim charity Ashcroft thinks is a terrorist organization and you could 

be on thе next plane out of this country» [19, б.440] 

«We anticipate a black future for America. Instead of remaining United States, it shall end up 

separated states and shall have to carry the bodies of its sons back to America» [20, б.441] 

Аталған  мысалдарда  саяси  дискуста  бір  халықты  қыру  немесе  саяси  санкция 

«экстрадициялауда»  орын  алатын  үйреншікті  жағдай.  Бірінші  мысалда,«мемлекеттен  ұшатын 


 

 

545 



 

келесі  ұшаққа  салып  жіберетіні»  мемлекет  аймағынан  қуылудың  қаншалықты  тез  болатынын 

көрсету  амалы.  Екінші  мысалда,    адресант  «денелері  шығарылатын  болады»  деген  сөзде 

«өлтірілетін  болады»  дегенді  айтқысы  келген.  Саяси  дискурста  адресанттың  сөйлемде  жанама 

эвфемистикалық  сипаттаманы  қолдануы  адресатқа  деген  құрмет  пен  нақтылық  қағидасын 

қолдануы. Сөйлемде берілген етістіктер «бейтарап» етістіктер тобына жатады. Олар мағыналық 

тұрғыдан менасивке қатысы жоқ. Ондай етістіктерге: to be, to do, to have, to know, to meet, to deal, 

to  act,  to  continue,  to  start,  to  set,  to  bring,  to  let  жəне  т.б.  жатады  [21].  Берілген  етістіктердер 

құралған  сөйлемдерде  менасивтің  бар  екенін  тек  контекст  арқылы  ғана  түсінуге  болады. 

Сөйлемде жанама менасив болып, контекте семантико – лигвистикалық қызымет атқарып тұр.  

Колшанский,  контекстің  лингвистикалық  мағынасын  бірнеше  рет  қарастырған.  Оның 

ойынша,  «белгілі  бір  ойды  айту  тек  қана  сөздерден  тұрмайды»,  содан  келе  контекст  «тілдік 

бірліктен тұратын формалды бекітілген шарттар жиынынтығы» [22, б.52]. Сөйлемнің мағынасы 

толық ойдың мағынасы емес дегенмен И.В. Арнольдта келіседі. Оның ойынша, мəтін элементтері 

жеке дара ғана емес, басқа да элементтермен байланыста болғанда маңызға ие болады. Тіпті ол 

элементтер  мəтінде  берілменген  болса  да.  [23,  б.47]  Сайып  келгенде,  жанама  сөйлеу  актісі, 

мəтіндегі ақпаратпен шектеліп қоймайды.  

Біз тура жəне жанама менасивті сөйлеу актілерін қарастыра келе төмендегі қорытыныға 

келе аламыз: 

­  Перформативтердің  прагматикаық  қорқыту  амалдарында  қолдану  қолайсыз 

болғандықтан, берілген сөйлеу актісін семантико­ синтакстік үлгі ретінде қарастыруға боады; 

­  Берілген үлгілерде адресанттың интенциясы бірден түсінікті , ашық түрде берілген, сол 

себепті ондай менасивті актілерді тура немесе эксплицитті деп атай аламыз; 

­  Жанама  менасивті  сөйлеу  актісі  дəрежесəне  байланысты  мағыналық  тұрғыдан 

өзгертілген  несесе  мүлдем  жасырын  берілген  семантикалық  үлгі  ретінде  қарастырылады.  Ол 

өзгерістер  лингвистикалық  дəрежеде  сөздердің  алмастырылуы,  əрекеттің  эвфемикалық  немесе 

метафорикалық  сипаттаумен  берілуі  немесе  мүлдем  салдарынан  шығатын  нəтиженің  берілуі 

сияқты жолдармен жанама жасалынады; 

Жалпы  менасивті  акт  тек  саяси  дискурста  түсініспеушіліктер  немесе  шиеленістер  орын 

алғанда  жиі  көрініс  табады.  Зерттеу  материалдары  сараптамасы  көрсеткендей,  іскерлік, 

ынтымақтастық  қарынасты  сақтап  қалуға  ниетті  тараптар  жанама  менасивті  актісін  жиі 

қолданады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет