Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



Pdf көрінісі
бет4/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78

Әбдірова Ш. Г. 

оқытушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,  

Ақтөбе, Қазақстан 

e-mail : 

abdirova_83@mail.ru

 

 

БҮГІНГІ ТІЛТАНЫМДАҒЫ КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ 

ЖӘНЕ Қ.ӨМІРӘЛИЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТІЛ МЕН ТАНЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ 

 

  Abstract. The article considers the problems of cognitive linguistics and worldview of 

the Turks in the works K. Umiralieva. 

 Кілт сөздер: когнитивтік лингвистика, тіл мен таным, түркілік таным, когнитивтік 

парадигма. 

 

Когнитивтік лингвистика – ХХ ғасырдың соңғы ширегінде Р. Шенк, Дж. Лакофф, 



Ч. Филлмор, В. Раскин, М. Минский, Р. Джэкендофф, Е. Бартлинский, Ф. Джонсон­Лэрд, 

А.П.  Бабушкин,  Н.Н.  Болдырев,  Е.С.  Кубрякова,  Ю.С.  Степанова,  В.Н.  Телия,  т.б. 

зерттеушілердің  еңбектері арқылы өзіндік дербес теориялық  негіздемеге ие болған  жаңа 

ғылым саласы.  

“Когнитивтік  лингвистика  –  тілді  когнитивтік  механизм  жəне  ақпаратты  қайта 

жасақтап,  трансформациялаушы  таңбалар  жүйесі  болып  табылатын  когнитивтік  аспап 

ретінде  өзінің  басты  назарында  ұстайтын  лингвистикалық  бағыт»  [1,53  б.]  Ғылымның 

үздіксіз дамуы тілтанымда да жаңа бағыттың қалыптасуына əсер етті. Қазақ тіл білімінде 

зерттеушілер тілді танымдық тұрғыдан зерттеуге назар аударды. Зерттеуші ғалымдардың 

назары  адамның  ойлауы,  сөйлеу  қабілеттері,  дүниетанымы,  əлемді  тануының  тілде 

бейнеленуіне  бағытталды.  Э.Н.Оразалиеваның  Қазақ  тіл  біліміндегі  когнитивті 

парадигма  сипаты  аталған  докторлық  диссертациясында  талқыланып,  «тілтану» 

парадигмасы,  тілдік  бірліктердің  танымдық  парадигмасы,  тілтанымдық  қағидалардың 

жалпы теориялық парадигмасы, тілтанымдық этюдтер парадигмасы, қазіргі когнивтивтік 

парадигмалар деп бес топқа болініп, əр парадигманың өкілдерінің еңбектері жүйеленген 

[2,102 б].   

Ғалым Қ.Өмірəлиев еңбектерінің құндылығы көне түркі ескерткіштерін танымдық 

тұрғыдан  зерттеуімен  арта  түседі.  Ғалым  зерттеушілер  тарапынан  ескерткіштер  тілінің 

грамматикасы  таныла  бастаған  кезеңде  алғашқылардың  бірі  боп  түркі  жəдігерліктерін 

танымдық  негізде  талдауға  тырысқан.  Бұл  сөзімізге  ғалымның  өз  тұжырымын  мысал 

ретінде  айта  аламыз.  «Өз  тарихы  мен  əдебиетінің  түп  негіздерін  зерттеп  білу,  оның  із 

соқпағы  көмескі  тартқан  тылсым  сырларына  үңілу,  тарих  пен  мəдениеттің  ортақ  бастау 

кезеңдерін табу, сөйтіп өздерінің төл мəдениетінің көне дəуірлерден бастап бүгінгі күнге 

жоғалып  жатқан  біртұтас  ортақ  тарихын  жасау  –  барлық  мəдениетті  халықтарға  тəн 

дəстүр. Егер біз өткеннің рухани қазыналарын өз дəуірінің материалдық жағдайларынан 

бөліп жəне ол мəдени мұралардың мазмұнын, қызметін жалаң ғана алып қарайтын болсақ, 

сол  сияқты  олардың  мəні  мен  маңызын  біздің  түсінігімізге  келетіндігі  не  келмейтіндігі 

тұрғысынан алып қарайтын болсақ, онда біз ол мəдени мұралардың өз кезеңіндегі тарихи 

сипаты  мен  сырын  түсінбей  кетеміз.  Сондықтан  да  таным  мəселесіне  баса  назар  аудару 

керек»  [3,5].  Түркітанушы  ғалым  өз  еңбектерінде  осы  танымдық  тұрғыда  зерттеу 


22 

 

қағидасын басты назарда ұстайды. Ескерткіштер тіліне, мазмұнына кіріспес бұрын тарихи 



ахуал мен мəдени­тұрмыстық ерекшелігіне талдау жасайды.  

Көне  түркі  ескерткіштерінде  «тəңірі»  ұғымы  жиі  кездесіп  отырады.  «Тəңірі» 

ұғымы түркілік танымның негізгі арқауы ретінде көрінеді. Қазақ мифилогиясын зерттеуші 

С.Қоңдыбайдың пікіріне сүйенсек, түркі мифологиясындағы Тəңір – аспан құдайы, ежелгі 

сенім  оны  аспанның  рухы  немесе  иесі  ретінде  қабылдайды.  Яғни  тəңір  –  қазіргі 

мағынадағы құдай емес, кейде тұлғаланған, бірақ көбіне тұлғалана бермейтін көк аспан, 

ғаламдық  жөн­жосық  қана  [4].  Сонымен  қатар  ғалым  дуалистік  мифологиядағы  тəңір  – 

жасампаз екілік, аспан мен жер­су жоғары мен төмен сияқты екіліктің біреуі деп тұжырым 

жасайды.  Оның  аспандағы  жоғарылығы  болып  табылатынын  айтады.  Бұл  мифтегі 

Тəңірдің  қосағы  –Ұмай,  жердің  жəне  судың  құдай­анасы,  жалпы  дуализмнің  идеясы  – 

ғаламды  екі  бастаудан  –  материя  мен  рухтан  тұрады  деп  түсіну  дейді.  Тəңірді  рух, 

материяны Ұмай деп көрсетеді. Л.Н.Гумилев моңгол дуалистік сенімі туралы айта келіп, 

осы екіұдай бірлікке негізделген сенім жүйесі дейді [4, 203­204].  

Ғылыми  зерттеу  еңбектерде  «Тəңір»  атауының  пайда  болуы  туралы  біраз  деректер 

бар.  «Тəңірі»  атауы  Орталық  Азия  халықтарының  өте  ежелгі  ортақ  сөздік  қорынан 

шыққан  дейді.  Қазір  түркі­монгол  тілдерінде  алуан  вариантта  айтыла  беретін  бұл  сөзді 

хуннулар ченли [қытай транскрипциясы бойынша, оны шаңыр, шаңры деп оқуға болады], 

қытай  тілінде  тянь,  шумерше  –  дингир  деп  атаған  деген  болжамдар  бар.  Бірақ  бұл  сөз 

монголдікі  де  емес,  түркінің  төл  сөзі.  «Тəңір»  сөзінің  этимологиясын  «тан,  таң,  танг» 

жəне  «ыр»  деген  бөлшектерге  ажыратып  бөлу  арқылы  түсіндіруге  болады.  Мұндағы 

«ыр» ­ мəн, ал «танг» бір мезгілде «аспан» жəне «мұхит», «теңіз» деп түсіндіріледі... Ал 

«танг» сөзінің арғы жағында түркілік «тұңғыш», «алғашқы» деген қосымша туынды мəн 

болған.  Бұл  ретте  «тəңір»  сөзі  «алғашқы  мəн»  [изначальная  суть]  дегенді  білдіреді. 

Е.Жұбанов  пен  Ə.  Ибатов  «Тəңірі»  сөзінің  семантикасы  туралы  мынадай  пікір  өрбітеді. 

Біз бұлтарпайтын шындық мынау деп білеміз. Тəңірі семантемасы тарихи лексиканың тым 

əрідегі қабаттарына жатады, ол кезеңде сөздердің жіңішке сыңарларын құрайтын тіл алды 

дыбыстарының қалыптасуы да мүмкін емес. Өйткені алғашқы дыбыстардың пайда болуы 

көмейден де əрігеректе басталып, сырттан кірген ауаның артикуляциялануы ең алдымен 

орта  деңгейдегі  дауыс  шымылдықтары  арқылы  жасалған.  Бұл  кезеңде  ашық  фонемалар 

ретінде  пайда  болатын  дауысты  дыбыстар  көмейде  ешбір  кедергіге  ұшырамай, 

акустикалық  жағынан  таза  дыбыстық  қасиеттерге  ие  болған.  Олардың  тіл  алды 

дыбыстары  қатарына  өтуі  жоғары  деңгейде,  яғни  резонатор  аталатын  дыбыстау 

аппаратында болған. Басқаша айтқанда, өкпеден шыққан ауа толқынының ауыз қуысына 

келіп өнделіп жіңішкеруі бертінгі заманның жемісі .  

Білге  Тоныкөк  сөзінде  Тəңірі  сөзі  жиі  қолданылады.  Ескерткіш  мəтінінен  мысал 

келтірер  болсақ:  Теңрі  сонша  айтқан  екен;  «Хан  бердім  ханыңды  қойып,  [Табғачқа] 

бағындың!  Бағынған  үшін  теңрі  [қақары  келіп]  өлтірген  екен  (өлім  жіберген  екен)».  

Бұдан  кейін  теңрінің  артық  білік  бергені  арқысында  өзім­ақ  қаған  болуын  қыстым 

асықтырдым.      Тәңірі  жарылқады...  Қайтқан  жолға  тағы  өлді­ау  келіп...  Теңірдей 

Теңірден болған Түрк Білге қаған бұл таққа отырдым.  Теңрі жарылқағаны үшін, өзімнің 

құтым бар үшін қаған отырдым [3]. Білге Тоңуқуқ жəне Күл Тегін сөзінен алынған бұл 

тіркесімдер көне түркілердің дүниетанымдық тірегі Көк Тəңірі болғандығын анықтайды. 

Түркілер  Тəңірден  барлық  жақсылықты  күтіп,  тағдырдың  шешуі  Тəңірде  деп  түсінген. 

Жамандықты Тəңірдің қарғысы, бақытты Тəңірдің сыйы деп қабылдаған. Өз танымында 



23 

 

абсолют биікті Тəңір деп есептеу нəтижесінде жердегі ұлылықты көкпен теңестіру мəндес 



«Тəңірдей Тəңір болған» деген тіркес қалыптасқан.   

Бүгінді  танымда  қарама­қарсы  мəндегі  арық­семіз,  жіңішке­жуан,  оң­сол 

түркілердің   екі негіз  танымының  туындысы.  Бұған  Тоңуқуқ  сөзінен мынадай  мысалдар 

келтіре аламыз. [Сол бір кезде мен өзімше ойлап ] қаған қыстайын, дедім. Уайым жеп 



толғандым,  «арық  бұқалы,  семіз  бұқалы»  екенін  –  хан  болашақ  кісі  кейінен  білсе 

екен, - деп ойладым. Бірақ ол қаған «семіз бұқа, арық бұқа» деп айырып білмес екен...  

Түркілік  дүниетаным  «екі  негіз»  ұғымынан  өрбиді.  Мəселен,  «Күл  тегін» 

ескерткішінің «үлкен жазуында» ... жоғарыда Көк Тəңірі, төменде Қара жер жаратылғанда 

екі  арасында  кісі  оғлы  жаралған  екен  деген  сөйлем  бар.  Тағы  да  зерттеушілер  пікіріне 

сүйенсек, түркітанушы Қ.Сартқожаұлы байырғы түркі графикасы түркілік дүниетанымға 

негізделгендігін,  жалаң  əріптер  мен  мазмұн  ешнəрсені  анықтамайтынын  айтып, 

фонетикалық  жүйені  тұтас  түркілік  таным  тұрғысынан  талдау  дұрыс  деп  есептейді  [6]. 

Ғалымның  бұл  пікірі  біз  жоғарыда  мысал  ретінде  көрсеткен  Қ.Өмірəлиевтің 

тұжырымымен  ұштас.  Яғни  не  нəрсені  де  жалаң  форма  ретінде  емес,  тұтас  танымдық 

тұрғыда  зерттеу  керек.  Қ.Сартқожаұлының  ойынша,  «екі  негіз»  ұғымы  байырғы 

түркілердің  əлемді  түсіну  философиясы.  Көне  түркілер  пайымында  əлем  аталық  пен 

аналықтан  тұрады.  Аталықтың  көктегі  символы  –  күн,  аналықтыкі  –  ай,  жердегі 

аталықтың  символы  –  тау,  аналықтың  символы  –  күн.  Бұлардың  үстінде  «Тəңір»  деп 

түсінген. Жаратушы күш біреу ғана, ол ұлы Тəңір деп түсінген [ 6,180]. Бұл дүниетаным 

қытай  философиясында  «Инь»  мен  «Янь»,  европада  дуализмді  еске  түсіреді.  Дегенмен 

түркілік танымдағы ерекшелік екі негіздің бірін­бірі толықтыруы. Европада бұл біріне­бірі 

қайшы  ұғым  болса,  түркілік  дүниетанымда  олар  біріне­бірі  демеу  болып  отырады. 

Түркілер «екі негіз» ұғымына сүйене отырып дүниедегі барлық болмысты жұптық жүйеге 

негіздеген. Қ.Сартқожаұлы тұркілердің осы екі негіз олардың мемлекет жүйесін де реттуге 

негіз болғандығын айтады. Түркілердің мемлекет жүйесіндегі төлес пен тардуш (сол жəне 

оң қанат) басқару жүйесіндегі явғу мен шад, музыкадағы қос ішек, поэзиядағы қос ұйқас 

осы  танымның  жемісі  деп  таниды.  Осы  секілді  тұжырым  Қ.Өмірəлиев  еңбектерінде  де 

кездеседі.  Ғалым  түркілердің  өз  дəуірінде  дүние  кеңістігін  симметрия  заңы  тұрғысынан 

қабылдап, олар  дүние кеңістігін екіге бөлген.  

 

 

  . 



24 

 

Қ.Өмірəлиевтің пайымдауынша, түркілер тіршілік етуге қолайлы кеңістік бетті – оң 



жақ,  тіршілік  мүмкіндігіне  қолайсыз  бетті  –  сол  жақ  деп  атаған.  Бұл  түсінік  ұлттық 

танымда күні бүгінге дейін сақталғандығын ісің оңға бассын, оңынан оралсын, оң болсын 



деген тіркестерді көруге болады. Мұны олар «төрт булуң» дүниенің төрт бұрышы деп 

атаған.  Кеңістікті  толық  қамту  мақсатында  жорықты  да  төрт  бағытта  жүргізген. 

Ғалымның  пікірлері  мынаған  саяды.  Төрт  бағытта  жүргізілген  жорық  əрекеттерін 

баяндаған кезде іс­əрекетте тепе­теңдік пайда болды, бірақ бағытты білдіретін атауыш сөз 

қимыл сипатын білдіретін сөзге тіреліп отырды [3]. Сөйтіп тепе­тең бағытта жүргізілген 

əрекеттер тепе­тең сөз форманы туғызды. Осы түркілік төрттік таным кейіннен киіз үйдің 

моделіне ауысқан. 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1 Кубрякова Е.С. Части речи с когнитивной точки зрения. ­ М., 1997. – с. 

2  Садирова К.Қ. Қазақ тіліндегі көп пропозициялы дискурстың құрылымдық негіздері. – 

Ақтөбе, 2008. 

3 Қ.Өмірəлиев. VIII­XII ғасырлардағы көне түркі əдеби ескерткіштері. ­ Мектеп, 1985 

4 С.Қоңдыбай. Қазақ мифологиясына кіріспе. ­ Алматы, 1999 

5 Жұбанов Е. Қазақ əдеби тілдерінің тарихи көздері. – Алматы, 1989. – 253 б. 

6 Қ.Сартқожаұлы. Байырғы түрік жазуының генезисі. ­ Астана, 2007 

 

 



ƏОЖ 811.512.122’22 

 

Әбутәліп О. М. 

 филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы менеджмент 

университеті, Алматы қ., Қазақстан,  

 

ҚАЗАҚША АЙ АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОСЕМИОТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 



 

Аннотация.  В  статье  дается  лексический  анализ  астрономическим  единицам

встречающимся на казахском языке, также рассматривается связь между названием звёзд 

и названием месяцев на древнеперсидскиом и казахском языках.  

Ключевые слова: календарь, месяцы, лингвосемиотика. 

 

Аннотация.  В  статье  обсуждаются  вопросы  изучения  старинных  космонимов  с 

точки  зрения  этнолингвистического  аспекта,  рассматриваются  важность  и  места 

этнографизмов  в  семиотической  системе  языка.  Обсуждаются  научные  тезисы  и 

заключения имеющие отношения к народному календарю.    



Ключевые слова: календарь, название месяц, летоисчисление, лингвосемиотика 

 

Ежелгі түркілердің жыл санауының  жүйесі бастапқыда Ай күнтізбесі болған.  Уақыт 



жүйесін  реттейтін  синодтық  ай  мен  туар  айдың  қозғалысы,  ұзақтығы  негізгі  өлшем 

ретінде    алынған.  Содан  кейін  келе­келе  Күннің  қызыл  шапағына  қарап,  жыл  санау 

уақытын межелеген.   

Қазақ  күнтізбесін  арнайы  қарастырған    Ш.Уəлиханов,  В.В.Радлов,  Б.А.Куфтин 

үшеуінің де зерттеулерінде қазақтың жыл қайыруын айға бөлуде өз пікірлері қалыптасқан. 


25 

 

Б.А.Куфтин: «Қазақ жылында он үш ай бар. Он екі айлық жыл қазақтарда болуы мүмкін 



емес.  Себебі  түркі  халықтары  тоғыз  санын  қадір  тұтады,  он  екіні  елемейді»  дей  келіп, 

қазақтар  үшін  ай  саны  жұп  емес,  тоғыз  сияқты  киелі  тақ  болуы  керек  деген  қағиданы 

ұстанады  [1,  16  б.].    Қазақтар  үшін  тоғыз  киелі  екені  рас,  себебі  тоғыз  жиі  айтылады. 

Мысалы, "тоғыз қабат торқа", "тоғыз тоқылдақ", "тоғыз жолдың торабы", "тоғыз əйелдің 

толғағы  бір  күнде  келіпті".  Ғалым  он  үш  ай  бар  деп  айтқанмен,  атап  көрсете  алмады. 

Дегенмен  оның    бұлайша  зерттеп,  он  үш  ай  бар  деуі  де  негізсіз  емес.  Себебі  қазақтың 

халықтық  күнтізбе жүйесінде  «ақпан», «тоқпан» деген қатар айтылады. Осы атауларды 

екі  ағайынды  суық  айлар  деп  ажыратып  көрсетеді.    Бұл  жердегі  тоқпан  деп  отырғаны 

қаңтар  айы  деп  ойлаймыз.  Себебі  біріншіден,  тілімізде  «ақпан­тоқпан»  деген  тіркес  жиі 

айтылады. Жетісу қазақтары ақпан орнына «ақпан­тоқпан» немесе «екі ағайынды ай» деп 

атайды. Мысалы: «Ақпан­тоқпан, Ай мүйізді алты ай, Сұрап алған жеті күн, Қырына алса, 

қырық күн» деген өлең жолдарында кездеседі.   Екіншіден, ежелгі түркілерде қаңтар мен 

ақпан айлары расында да ағайын айлар секілді сипатталады. Мысалы, "ұлығ ай" –  "кічік 

ай" немесе "Ұлығ қырлас ай" – "кічік қырлас ай", "ұлығ суəк" – "кічік суəк", "ұлы ыза ай" 

– "кізу ыза ай". Мұндағы ұлығ ұлы, үлкен; кічік – кіші; суəк – суық, ызы – ызғырық деген 

сөз.  


Байырғы  қазақ  күнтізбесінде  айлар  былай  аталған:  Наурыз,  Көкек,  Мамыр, 

Отамалы,  (Маусым),  Шілде,  Сірше  (Тамыз),  Қыркүйек,  Қазан,  Қараша,  Желтоқсан, 

Қаңтар, Ақпан. Жыл 12 азаматтық айларға бөлініп, əр айда 30 күн болған. Жыл аяғында 

олардан тыс 5 күн қосылып отырған. Ол күндер «Бес қонақ» деп аталған. Үш айда 90 күн 

болғандықтан, «тоқсан» деп аталған. 

Қазақ  тілінде  ай  аттарына  қатысты  араб  негізді  лексикалық  бірліктер  кеңінен 

қолданылған.  Осы  төменде  келтірілетін  тұрақты  тіркестерден  анық  көруге  болады.  Бір 

қызығы  қазақтың  этномəдениетін  танытатын,  əлемді  танудағы  өзіндік  көзқарастары  осы 

араб негізді лексикалық бірліктердің төңірегінде айтылып отырған. 

Соңғы  уақытта  егемендіктің  нəтижесінде  талай  жыл  айта  алмай  жүрген  жайлар 

айтылып, біраз нəрсе өз орнына келді. Наурыз мейрамын  тойлауға ресми рұқсат етілмеді. 

Енді халық  өз  мерекесімен  қайта  қауышты.  Қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл  мəртебесін  алып, 

ұлттың  мерейі  өсті.  Жер,  су  аттары  қалпына  келтірілді.  Халықтың  талай  заман  бойы 

пайдаланып  келген  ай  аттары  атауларынан  қай  жылы,  қай  айда,  қай  күні  ажырап 

қалғанын,  оның себептерін тарихшылар анықтауға тиіс. Бұл бірақ біраз  уақыт орнығып 

қалған  мəдени  дəстүрді  өзгерте  салудың  зардабы  болмай  қойған  жоқ.  Қазақша  ай 

аттарының  қолданылмауы  салдарынан  тіпті  оларды  ұмытып,  олар  ғылыми,  əдеби 

шығармаларда кездескенде (аз кездеспейді), амалсыз оған түсіндірме жасауға тура келген 

жайттар болды. Сол түсіндірмеде кейде қате кетіп жатады. 

«Қарашада өмір тұр, 



Тоқтатсаң  тоқсан  көнер  ме?»  деген  ұлы  Абайдың  философиялық  жолдарындағы 

"қараша", "тоқсан" деген сөздерді ақынның толық жинағында "ноябрь", "декабрь" деудің 

орнына октябрь, ноябрь айлары деп көрсетілген [2]. 

Қазір ай аттары ресми түрде бекіген. Бірақ қазақ тілінің этномəдени материалдары 

бүгінгі  ай  аттарына  қатысты  лексикалық  бірліктердің    қатарында  амал  аттарының 

жүргенін байқатады.  

Қазіргі  ай  аттарынан  басқа  дəстүрлі  мəдениетте  қолданылған  байырғы  күнтізбе 

жүйесіндей ай аттары, өзге де атаулар бірте­бірте жас буынға жат бола түсіп, ұмытылып 

қалады.  Əсіресе  араб­парсы  қабаты  жойылып  кетуі  мүмкін.  Мəселен,  көптомды  «Бес 


26 

 

ғасыр жырлайды» кітабында ай аттары бар: əсет (Махамбет ақын қолданған; XIX ғ. басы, 



Қазақстанның  батыс  өңірі);  саратан,  қауыс  (Ақмолла,  XIX  ғ.  соңы,  Орынбор  мен 

Солтүстік  Қазақстан);  ақырап,  қауыс  (Майлықожа,  XIX  ғ.  соңы,  Шымкент);  жедді 

(Мұрат, XIX ғ. соңы, Үйшік); хамал, зауза, саратан, сүмбіле, мизам (Мұсақүл Байзақов, 

1849­1932  ж.ж.,  Шымкент),  т.б.  [3].  Енді  бірнеше  жылдан  соң  осы  сөздердің  бəрі 

көпшілікке  түсініксіз,  мəн­мағыналары  көмескіленген  шартты  таңбаларға  айналатыны 

бізді ойлантады, өйткені бұлар қазіргі ай атауларында қолданылмайды.  

Айта кетер бір жайт – қазіргі ресми қабылданған ай атауларының ішінде, біздіңше, 

ай  аттары  емес,  амал  не  мезгіл  аттары  аралас  жүр.  Бұрынғы  күн  райы  қазір  ауа  райы 

делініп жүр. Дегенмен осы тақырыпқа байланысты жайттың анық­қанығын айта кету аса 

қажет. 


 "Амал" деп жыл ішінде белгілі бір уақытта қайталап келіп отыратын ауа райының 

ерекше өзгерісін  айтады. Осы мағынадағы амал сөзі "Қазақ  тілінің түсіндірме сөздігіне" 

кірмей  қалған.  Амалдар  бірнеше  күннен  бірер  жетіге  дейін  созылуы  мүмкін:  мысалы, 

"текенің  бұрқағы",  "бес  қонақ  —  бес  ешкі",  "наурыздың  ақша  қары",  "құралай",  "кіші 

қазан", "үлкен қазан", "қараша", т.б. Сол секілді ауа райының ерекше мезгілдері февраль 

айында — ақпан, июльде – шілде, августе – тамыз деп білеміз. Мұндай мезгілдер əдетте 

отыз күннен аз не көп те болуы мүмкін. Мысалы, қырық күн шілде. 

Енді  осы  қазақша  ай  аттарына  байланысты  қолданыстарға  көңіл  аударалық.  «Мен 



туыппын  ақпандатқан  боранда»  («Қазақ  əндерінен»),  «Жыр  басталды  дауылды  — 

ақпандатқан  борандай»  [4].  «Еске  алады  қыстағы  ақпандатқан  əр  айды»  [5].  Осы 

жолдарда  ақпан  сөзінің  ай  мағынасында  емес,  ауа  райының  ерекше  мезгілі  ретінде 

айтылғандығы даусыз. 

Наурыз  сөзінің  ай  аты  емес,  жыл  басы,  қазақтардың  ғана  емес,  бүкіл  мұсылман 

халықтарының мейрамының аты екені белгілі. 

Мамыр  сөзі  ай  аты  мағынасында  кең  қолданылатын  сөз  емес.  Көркем  мəтіннен 

алынған мына мысалға назар аударуға болады: "Ендеше біліп алғын, бала, жаңаша май", 

ескіше "мамыр", шаруалар тілімен "сəуір", ал аңшылар тілімен айтсақ "құралай айы" дейді 

мұны [6]. Тамылжыған мамырдан май тамып тұр [7]. 

Маусым  атауы  шөп  шабу,  пішен  дайындау  маусымына  байланысты  болса, 

қыркүйектің қой­ешкінің шағылысу кезеңін білдіретіндігін кез келген қазақ біледі. 

"Қазан  соқты,  келді  күз"  (I.  Жансүгіров),  "Қазан  соққан  көк  егіндей"  (Ө.  Қанахин) 

деген жолдар қазанның амал екенін көрсетіп тұр. 

Осы  ай  аттарына  жан­жақты  талдау  жасаған  I.  Кеңесбаев  өзінің  «Қазақ  тілінің 

фразеологиялық сөздігі» кітабында «желтоқсан əуелде қыстың үш айының да аты болуы 

ықтимал» деген пікір айтады [8, 634 б.]. 

1954  жылы  Москвада  басылып  шыққан  «Орысша­қазақша  сөздікте»  (редакциясын 

басқарған проф. Н.Т.Сауранбаев), январь — қаңтар, дəлу; февраль — хут, март — наурыз, 

хамал  —  сəуір,  май  —  май,  июнь  —  саратан,  июль  —  əсет,  шілде;  август  —  сүмбіле, 

сентябрь — мизам, октябрь — ақырап, ноябрь — ноябрь, декабрь — ақпан деп көрсеткен 

[9].  


Жиналған  материалдарға  қарағанда,  бұрын  қазақ  арасында  қазақша  ай  аттарында 

араб,  парсы  элементтері  аралас  болған.  Бірақ  бұлардың  бір  де  біреуі  барлық  жерде 

бірыңғай айтылмаған. Əрқайсысы əр жерде бірімен­бірі аралас айтылған. 

Діни  мазмұнға  байланысты  қолданылатын  ай  аттары  арабша  кей  жерлерде  былай 

аталған: 


27 

 

1) əшір, 2) сапар, 3) рəббілəуел, 4) рəббілақыр, 5) жұмаділəуел,                       6) 



жұмаділақыр, 7) ережеп, 8) барат,  9) ораза, 10) айт айы, 11) арайы, 12) құрбан. 

Ал  екінші  жерде  ай  аттары  арабша  басқаша  нұсқада  аталған:                                          1) 



мұххаррам,  2)  сапар,  3)  рəббілəуел,  4)  рəббілақыр,  5)  жұмаділəуел,  6)  жұмаділақыр,  7) 

ережеп, 8) шағбан, 9) рамазан, 10) шауал, 1.1) зұлқағда, 12) зұлхижжа. 

Ай аттары араб­парсыша кей жерлерде мына нұсқада қолданылған:        1) дəлу, 2) 



хұт, 3) хамал, 4) сəуір, 5) зауза, 6) саратан, 7) асад, 8) сүмбіле, 9) мизан, 10) ақырап, 11) 

қауыс, 12) жадды. 

Енді бірқатар жерлерде ай аттары парсыша, қазақша аралас, қатар айтылған жəне əр 

жерде  əртүрлі  айтылған.  Мысалы,  Əубəкір  Диваевтың  1921­1922  жылдары  бұрынғы 

Жетісу облысынан жинаған материалдары ішінде қазақша ай аттары мен жұлдыз аттары 

қатар  айтылады  деп,  əр  айдың  атын  жəне  сол  айда  туатын  жұлдыздың  атын  қатар 

көрсеткен: 

Құрбанғали Халидидің «Тауарих хамса» деген кітабында да осылай көрсетілген. 

Мұнда: 1) қазақша жұлдыз аттары деп парсыша ай аттарын                айтып отыр; 2) 

қазақша ай аттары мен парсыша ай аттарын араластырып жіберген; 3) парсыша екі айдың 

(сүмбіле, мизан) атын əрі ай аты, əрі жұлдыз аты деп көрсеткен [10]. 

 

Ай аттары:                                

1.  көкек 

2.  мамыр 

3.  маусым 

4.  саршатамыз 

5.  шілде 

6.   сүмбіле   

7.  мизан 

8.  қазан 

9.   қараша 

10.  желтоқсан 

11.  қаңтар 

12.  наурыз 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет