Аралық ғылыми­практикалық конференция II том


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет14/78
Дата22.12.2016
өлшемі7,07 Mb.
#55
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1 Рубакин Н.А. Этюды по психологии читательства. Внеклассное организация. Мариинск, 

2009. С.26. 

2. Golding W.A moving Target.London, 1982. Р. 1999. 

3. Philip Nel. Dr. Seuss: American Icon. ­ New York: Continuum, 2005. 305 р. 

4. Silverstein Sh. Where the Sidewalk Ends. –United States: 

Harper  and Row Publishers

, 1974. – 

309p. 

   5. Аникин В.П., Агеносов В.В., Ганкина Э.З. и др. Детская литература: учеб. пособие для 



учащихся пед.уч­щ / под.ред. Е.Е. Зубаревой. 3­е изд., дораб.  – М.: Просвещение, 1989. – 

400 c. 


 

ƏОЖ 81:398 



Итеғұлова С. А. 

филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік тілді дамыту институты, Алматы, 

Қазақстан, e-mail: 

itegul-saya@mail.ru

 

 

КӨНЕ ЖЫРДЫҢ КӨП НҰСҚАЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ  КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ САН 



ҚЫРЛЫЛЫҒЫ 

 

Abstract. This article looks at one of the most prominent Kazakh epics "Qozı Körpeş ­ 

Bayan  Sulu"  and  its  variability  and  proliferation.  The  author  discusses  ways  in  which  the 

protagonists of this lyrical epic poem were created. 

 Key words: epos, Kazakh folklore, protagonist, variability 

 

Қозы  Көрпеш ­ Баян  Сұлу  жыры  жанры  жағынан  ғашықтық  жырларға  жататын 



қазақ фольклорындағы көне мұралардың бірі. Бұл жыр халық арасында кең тараған лиро­

эпостық туындыға жатады. Жырды Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындар орындап, ел 

арасына 20­ға жуық  нұсқасы тараған.  Басқа ғашықтық  дастандармен  салыстырғанда бұл 

жырды біршама зерттелген, жан­жақты хатқа түскен туынды дей аламыз.  

«Қозы  Көрпеш­Баян  сұлу»  жырының  ел  арасында  кең  насихатталуына  XIX 

ғасырдағы орыс ойшылдарының үлесі мол болды. Мəселен бұл жырдың башқұрт тіліндегі 

нұсқасын  1812  жылы  Т.Беляев  жазып  алып,  Қазан  қаласында  жарияласа,  жырдың  бір 

нұсқасын белгілі шығыстанушы Г.Саблуков жазып алған деген дерек бар. «Қозы Көрпеш» 

жырының  əлеуметік­реалистік  мазмұны  басым  үлгісін  1833  жылы  А.С.Пушкин  жазып 


111 

 

алып,  сол  жайында  поэма  жазуды  жоспарланғаны  анықталды»  деген    пікірді 



фольклортанушы ғалым Ə.Қоңыртбаев та айтып өткен.  

Жанақ  ақын  жырлаған  нұсқасын  Ш.Уəлиханов  жазып  алса,  «Қозы  Көрпеш» 

жырының  қазақ,  ұйғыр,  барабы  татарларының  арасындағы  түрлі  нұсқаларын  халық 

ауызынан  жазып  алып,  сол  елдердің  өз  тілінде  тұңғыш  рет  жариялаған  академик 

В.В.Радлов болды.  В.В.Радлов  «Қозы Көрпеш»  жырының  қазақша нұсқасын 1865 жылы 

Аягөз  бойынан  жазып  алып,  өзінің  «Образцы  народной  литературы  тюрских  племен» 

деген  кітабының  үшінші  бөліміне  қосқан.  «Қозы  Көрпеш»  жырының  қазақша  нұсқасын 

1876  жылы  Петербург  университетінің  профессоры  И.Н.Березин  өзінің  «Турецкая 

хрестоматия» атты жинағына енгізген.  

Бұл  жыр  туралы  əр  жылдарда  қазақ  фольклортанушылары  М.Ж.Көбеев, 

С.Сейфуллин,  С.Мұқанов,  Қ.Жұмалиев,  М.Əуезов,  Ə.Марғұлан,  М.Ақынжанов, 

М.Жолдасбеков,  С.Қасқабасовтар  құнды  пікірлер  білдіріп,  зерделеген.    С.Мұқанов 

«Батырлар  жыры»  (1939  ж)  еңбегінде  жырды  халықтық  сипаттағы  туынды,  қазақ 

жастарының, əсірересе қазақ қыздарының ескі əдет­ғұрып шырмауынан шыға алмай, ауыр 

күйге түскендерін бейнелейтін жырдың бірі деп бағаласа, М.Əуезов пен Ы.Дүйсенбаев өз 

зерттеулерінде  жырдың  қазақ  арасынан  тараған  варианттарын  зерделеп,  жырдың  əдеби 

жақтарына толық талдау береді. Сонымен қатар жырдың шығу мезгілін мөлшерлейді.  

Жырдың  көп  нұсқалылығына  сəйкес  жыр  сюжеттерінде  де  айырмашылық  болып 

отырады. Жыршы өз дүниетанымы мен наным­сеніміне сəйкес жырдың сюжеттік желісіне 

өзгерістер енгізіп отырады. Бұл фольклорлық шығармаларға тəн өзіндік ерекшеліктердің 

бірі.  «Қозы  Көрпеш»  жырының  варианттарын  сюжетіне  қарай  төмендегідей  үш  топқа 

бөлдік: 


1. 

Қозы мен Баян армандарына жете алмай, қайғылы қазаға ұшырап, бірге өледі 

2. 

Қозы мен Баян өздерінің армандарына жетеді. 



3. 

Қодар қолынан өлген Қозы кейде отыз бір жыл, кейде жеті ай, енді бірде үш күнге 

тіріліп, Баянмен уақытша қосылып, біраз өмір сүргеннен соң қайта өледі. 

Жырдың  нұсқаларын  салыстыра  келе  ондағы  оқиғаның  өрбуінде  ғана  емес 

кейіпкерлерінде  де  бірқатар  айырмашылықтар  бар  екенін  байқадық.  Баян  мен  Қозының 

жолығу  сəті,  жырдағы  кейіпкерлер  əр  нұсқада  əртүрлі  болып  келеді.  Түрлі  нұсқаларды 

зерделей келе, жырдың сюжеттік желісінде белсенді орын алған кейіпкерлердің төмендегі 

топтамасын  жасадық:  Қарабай  –  Баянның  əкесі,  Сарыбай  –  Қозының  əкесі,  Қодар  – 

Қозының басты қарсыласы, Мысжан – Баянның ағасы Қоғанның əйелі, Айсұлу – Баянның 

үлкен ағасы Сағынбайдың əйелі, Ай менен Таңсық – Қарабайдың өгей қыздары, Айбас – 

Қозының  аталас  ағайыны,  ал  кей  нұсқаларда  Сарыбайдың  құлы  болып  суреттеледі, 

Майлыбай – Қарабайдың досы т.с.с. Бұл кейіпкерлердің бір тобы Қозы Көрпеш пен Баян 

сұлудың махаббаты жолында қолынан келген жəрдемен жасаса, енді бір тобы жастардың 

арасын алшақтатуға барынша күш салады  «Қозы Көрпеш – Баян  сұлу»  жырының  қолда 

бар  нұсқаларындағы  кейіпкерлерді  жинақтау  барысында  басқа  кейіпкерлерден  оқ  бойы 

озық  тұратын,  жан­жақты  ашылған  төрт  кейіпкерді  кездестірдік.  Олар:  Қарабай,  Қозы, 

Баян, Қодар. Біріздендіру нысаны ретінде де осы кейіпкерлерді алған жөн деп есептейміз.    

САРЫБАЙ БЕЙНЕСІ 

 

Сарыбай  –  Қозының  əкесі.  Жырда  Сарыбайдың  дəулетті  адам  екендігі 



айтылғанмен,  кескін­кейпі,  болмыс­бітіміне  толық  сипаттама  берілмейді.  Қай  нұсқада 

болмасын  Сарыбай  аттан  құлап  қайтыс  болады.  Бірақ  аттан  құлауының  себебі  əртүрлі 

түсіндіріледі.  Бір  нұсқаларда  Сарыбайдың  аттан  құлауы  жай  ғана  бақытсыздықтың 


112 

 

салдары  болса,  енді  бір  нұсқаларда  аттан  құлауының  себебі  жазықсыз  буаз  малдың 



киесіне ұшырау деп түсіндіріледі.  Буаз маралды атуға бата алмай, обал, сауап ұғымдары 

мен құдасының өтініші таразы басына қатар түскенде Сарыбайдың пенделігі басым түсіп, 

Қарабайдың  өтініші  қисынсыз  болса  да  көңілшектігінен  мылтықтың  шүріппесін  басады. 

Мылтықтың  кері  теуіп,  Сарыбайдың  қайтыс  болуын  аңшылықтың  қағидаларын 

сақтамаудан  деп  қабылдауға  болады.  Құдасының  бір  ауыз  тілегін  қайтармаймын  деп 

Сарыбай оққа ұшқанымен Қарабайдан сертке беріктік, сөзге табандылық танылмайды.    

ҚАРАБАЙ БЕЙНЕСІ 

 

Қарабай – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы басты ұнамсыз кейіпкерлердің 



бірі. Жырдың алғашқы эпизодтарынан­ақ Қарабай сараң, өз бас пайдасын ғана ойлайтын 

жақсылық  атаулыдан  жұрдай  адам  ретінде  сипатталады.  Буаз  маралды  атпайық  деген 

Сарыбайдың  уəжіне  құлақ  түрмей,  Қарабай  Сарыбайды  маралды  атуға  мəжбүрлейді. 

Маралды  атамын  деп,  мылтығы  кері  теуіп  Сарыбай  мерт  болады.  Құлап  жатқан  бел 

құдасына  қарамастан  Қарабай  маралдың  ішін  жарып,  обалсынбастан  егіз  екі  қозысын 

тыпырлатып  мауыздап,  өз  жөніне  кетеді.  Осы  үзіндіден­ақ  Қарабайдың  ашкөздігі 

аңғарылады. 

 

«Қатының  қыз  тапты»  деп  алдынан  сүйінші  сұрай  шыққан  жалшы  əйелдің 



қамшымен басын жаруы, бесікте жатқан Қозы Көрпештен «менің малымды жұтатын бəле 

туыпты»  деп  бақа  айғырына  міне  қашуы,  жетімге  қыз  бермеймін  деп  үдере  көшуі 

Қарабайдың  сертінде  тұрмайтын  тұрақсыздығын  көрсетумен  бірге,  малдан  басқа 

ешнəрсені ойламайтын пасықтығын байқатады.  

 

Қарабайдың  қайырсыздығы  жырдағы  кейіпкерлердің  аузымен  де  нанымды  етіп 



өріледі. 

 

«Аласа, тапал бойлы кəрі тазша, 



Сұрайды айранымды депті ойы. 

Теріс қарап, қыңыртықтап жауап берді: 

­  Қайырсыз хан Қарабайдың қойы» немесе 

«Қой жаймай отырсың!» ­ деп ақырады 

Қамшымен тарсылдатып сорлы тазды. 

Мейлінше қиянаттап бақырады, ­ деп бейнеленеді.  

 

Қарабай  əлі  жеткенге  əлімжеттік  танытып,  күші  жетпегенге  жағымпазданатын 



қорқақ, малдан басқаны ойламайтын сараң жан. 

 

Ол жырда: 



 

Қарабай Аққайыңмен омыраулатты 

Ұстап ап, шоқтығынан басып қалса

Аққайың шөге түсіп, жатып қапты 

Қорықты Қарабайдың өңі қашып,  

Атынан түсе қалды асып­сасып, ­ деп суреттеледі. 

 

Жетім  балаға  қыз  бермеймін  деп  ата  қонысынан  өре  көшуі  Қарабайдың  сертінде 



тұрмайтын екі сөзділігін көрсетсе, шөл далада құдық қазып берген Қодарға күшін сатқаны 

үшін  Баянды  беремін  деп  келісуі  оның  малынан  жанын  арзан  бағалайтынын  танытады. 

Қарабай мал үшін жанын да, арын да сатады.  

 

Не дейді, тоба Құдай, əстаупіралла, 



Қарақтарым, малды бақсын, тазшаны алда. 

Сөзінің не десе де керегі жоқ 

Болады жайлы болса маған малға,  


113 

 

немесе 



­  Біреу бай, біреу жарлы, күндемелік, 

Дананың қылған ісін мін демелік. 

Басымды табақ түгіл жарса­дағы 

Кетеді малды бақпай, үндемелік, ­ деп өз құлқынын танытады. 

 

Фольклордың халқымыздың тыныс­тіршілігімен біте қайнасып кеткендігі сонша ел 



арасында  əлі  күнге  дейін  іші  тар,  сараң,  кісіге  болсын  деуді  білмейтін  тас  жүрек 

адамдарды Қарабай деп атау кездесіп жатады.  

 

Қарабайдың  ақымақтығы  жырдың  өн  бойынан  көрініс  алып  отырады.  Осындай 



опасыз, ақымақ, қара басының қамын ғана күйттеген сараң адамнан Баян сынды ақылына 

көркі сай хас сұлу туады дегенге адам сенбес. Жыршы мұны  Айбас батырдың аузымен: 

 

«Туат» деп сіздей асыл ойлаушымек, 



Ақылсыз əкең сынды Қарабайдан, ­ деп береді. 

БАЯН БЕЙНЕСІ 

 

Баян қыз сұлу екен мақтағандай, 



Қара қасы қағазға қақтағандай. 

Сұңқардың форымындай мойыны бар, 

Көзіне гауһар отын жақтағандай. 

Өзі ашылып біреуге сөйлемесе, 

Аузынан ешкім лəззат татпағандай. 

Баянның айтып тауысқысыз сұлу көркі. 

Баянжан кімге тисе өзінде еркі. 

Көрген жанның көңілі майдай еріп,  

Айығар іште қатқан беріш дерті ­ деген жолдар Баянның сұлу келбетін аша түседі. Жырда 

Баян көркіне ақылы сай ару болып көрініс алады. Қарабай сертінен тайып, жетім балаға 

қыз  бермеймін  деп  ауа  көшкенімен  Баян  сертінен  таймайды.  Ол  өзі  көрмесе  де  Қозыға 

ғашық болып, басқа жанға көңіл бөлмейді. Қозы іздеп келеді деген үмітпен күн өткізеді.  

... Тоқсан құл Қодар менен сере бойдақ, 

Бəрін де бір сұлулық қойды байлап. 

Баянға алмақ түгіл, сөйлескен жоқ

Күлмейді езу тартып, Баян ойнап 

Қодар құлды да ашуландырмай, ұзын арқау кең тұсауға салып қойып, өзі Қозыны тосумен 

болады. Бұл оқиға жырда: 

­  Есігімде он жыл құл болып жүрсең, 

Тиемін, ­ деп ұзақты туралайды. 

Егерде тірі болса ер Қозыке, 

Он жыл бойы келер, ­ деп, ­ бір хабары. 

 

... Қодарды Баян солай алдап өтті, 



Арада неше жылдай жалған өтті... – деп суреттейді. 

ҚОЗЫ БЕЙНЕСІ 

 

Əкесі Сарыбай мен қайын атасы Қарабайдың арасындағы серттен, өзінің Баян атты 



жесірі барынан Қозы Көрпеш он алты жасқа дейін бейхабар өседі. Жырда Баян туралы ең 

алғашқы  мəліметті  Қозы  ағат  қылық  жасап,  бейтаныс  адамнан  естиді.  Бұл  –  қазақ 

фольклорында кең тараған мотивтердің бірі. Бір нұсқада: 

Бір күні шешекені ойнап жүріп, 

Өрмегін бір кемпірдің кетті үзіп. 


114 

 

 



Ол кемпір ашуланды түрегеліп: 

­ 

Қашан жалғап тоқимын, ­ деп, ­ қайта керіп, 



Дерендей боп үзгенше өрмегімді, 

Баянды неге алмайсың қалың беріп!? 

 

Іздесең əлің келер, жас емессің, 



Бұл сөзге ерімейтін тас емессің. 

Обалыңа қалайын, не сауапқа, 

Жетерлік  малың  бар  ғой,  аш  емессің!,  ­  деп,  Баянның  хабарын  өрмек  тоқып  отырған 

кемпірден естіртсе, екінші нұсқада: 

­  Қу жетім, тумай шөккір, тудың қайдан? 

Əкеңді тумай жатып жұтқаныңнан 

Төбеңнен менің балам құй қазды ма, 

Іздеп  ал,  жесіріңді  Қарабайдан,  ­  деп,  жеңілген  батырдың  шешесінің  аузынан  естиді. 

Намысқа булыққан Қозы шешесінен істің анық­қанығын сұрастырып, Баянды іздеуге бел 

буады. 


 

Жырда Қозы: 

Қас батыр Қозым сұңқар жаудан жаймыз... немесе 

Қас  түлек  Қозым  сұңқар  қанат  жайған...  деп  ақ  сұңқар,  қас  түлек,  хас  батыр  деп 

суреттеледі. 

 

Жас Қозы аң атуға асқан шебер, 



Өзінің қайратына əбден сенер, ­ деп оның құралайды көзінен атқан мерген, бойына күш 

тасыған алып екендігін əйгілейді.  

 

Қолға алып жалаң найза шаптым жауға, 



Олжалап жанға талай бердім сауға 

Ел шауып, еге болып, кісі өлтірсе,  

Төрелік беріп едім талай дауға, ­ деген түрде келетін Қозының өзін өзі таныстыруынан да 

оның сөзге шешен, ойға жүйрік, білекті əрі жүректі ер екені көрінеді.  

 

Жырдағы: 



 

Ер Қозы барлық сырды шалдан ұқты, 

Ер Қозы өз ісіне өзі мықты, ­ деген жолдар, Қозының Қарабайдың аулына тазша түрінде 

жасырын  баруы,  Қодарды  күші  асып  жеңуі  бас  қаһарманды  өзге  кейіпкерлерден 

ерекшелендіріп­ақ тұр. 

ҚОДАР БЕЙНЕСІ 

 

Жырдағы  Баянға  ғашық  кейіпкер,  Қозының  басты  қарсыласы  –  Қодар.  Жырда 



Қодар  құл  деп  суреттегенімен,  ол  Қарабайдың  басы  байлы  құлы  емес,  Баянның 

сұлулығына тəнті болып, Баянды алу үшін Қарабайға күшін сатып, құл болған қара күштің 

иесі. Жыршы: 

Тартынбас еш адамнан Қодар тайып,  

Естісе, бұл сөзіңді, салар айып, 

Қодардың атасы жел, анасы көл, 

Кез болған сар далада ол бір ғайып, ­ деп асқан күш иесі етіп суреттейді. 

 

Болса да Қодар дұшпан ғашық еді, 



Баянның дидарына болған жерік. 

Сол үшін шеңгел қылып шығарыпты  

Құдірет еңбегіне қылған серік, ­ деген жолдар арқылы жыршы Қодарды мүсіркеген кейіп 

танытса,  



115 

 

Қодар құл тілеу тілеп жүрген жылап, 



Қозыке келе ме деп елден сұрап, 

«Бір кек алып, сол мезет өліп кетсем, 

Тырнақтай арман қалмас менде бірақ. 

Дүние ісі дүниеге кетпеуші еді, 

Баян үшін құлағым болды шұнақ. 

Дариға­ай, армансыз ақ болар едім, 

Тістесем қолым жетіп мен де құлақ» 

 

Кейде ойлап тілеу тілеп жүреді екен, 



Кейде жылап, кейде арсыз күледі екен 

Күшпенен зорлық қылып алмаса да, 

Амалдың  болатынын  біледі  екен,  ­  деген  жолдар  арқылы  оның  сұрқия  сипатын  бір­ақ 

ашады.    

Сан  ғасыр  өтсе  де  жыр  кейіпкерлерінің  өз  көркемдік  құндылығын  жоймай, 

оқырмандар жүрегінен жол табуының басты сыры махаббат, адалдық, өшпенділік тəрізді 

мəңгілік  тақырыптың  қиыса  келуінде  деген  ойдамыз.  Қарабай  бейнесі  оқырмандарды 

сараңдықтан  сақтандырса,  Сарыбай  бейнесі  жалтақтықтан  жирендіреді,  Қозы  мен  Баян 

бейнесі  сұлулық  пен  адалдық  атты  сезімдермен  сусындатса,  Қодар  бейнесі  көрсе 

қызарлық пен зұлымдықтан аулақ болуға шақырады.  

 

 

УДК 81.63 Қ 30 



Қалыбаева Қ.С. 

профессор, ф.ғ.д. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті  Алматы, 

Казақстан.  

Azkal2015@bk.ru

   

 

ТҮРКІЛІК ТАНЫМНЫҢ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҒЫ  

 

Abstract. This article is about historical continuity of cognition of the Turkish people.  It 

is proved by different language facts in language impact on the confidence of the people’s belief. 



Key words: language, Turkish people, historical.  

 

 Əлемдегі қоғамдық­саяси өзгерістермен қатарласа жүріп жатқан жаһандану үрдісінің 



ағымы түркі  жұртынан   өзіндік  бет­бейнесін, келбетін сақтап қаларлық  жалпы түркілік 

сананы      талап  етеді.    Тарихты  терең  танудың  бір  тетігі  ­  түркі  халықтарының    əлемді 

тануындағы  түркілік сабақтастықтарды анықтауда жатыр. Яғни, түркілік рухани бірлікті 

қалыптастыру  үшін,    түркі  халықтарының      ғасырлар  бойы  қалыптасқан  дəстүрлі 

шаруашылығы,  əдет­ғұрпы,  дүниетанымы,  наным­сенімі,  діни  көзқарасы  бойынша 

жинақталған  тілдегі  білімдер  жүйесін  қайта  саралау  қажеттігі  туып  отыр.  Сол  арқылы 

түркі  жұртының  түбі  бір  терең  діңгегін­рухани  мəдениетінің  тілдегі  көрінісін  сүзгіден 

өткізу қажеттілігі арта түседі.  

Түркі  əлемін  зерттеушілердің  еңбектеріне  жүгінсек,  бір  кезеңдерде  пайда  болып, 

қайтадан  ыдырап  кеткендерін  есепке  алмағанда,  ұлы  дала  аумағында  скиф,  сақ,  ғұн 

мемлекеттік бірлестігінен кейін Ұлы Түрік қағанаты, Батыс жəне Шығыс Түрік қағанаты, 

Түргеш  қағанаты,  Ұйғыр  қағанаты,  Қарлұқ  мемлекеті,  Қараханит,  Қимақ,  Қыпшақ 



116 

 

бірлестігі,  Жошы  ұлысы,  Алтын  Орда  хандығы,  Өзбек  ұлысы,  Қазақ  хандығы  деген  ірі 



мемлекеттер мен мемлекеттік бірлестіктер болған екен .  

Бұлардың  ішінде  Ұлы  Түрік  (Батыс  жəне  Шығыс  Түрік)  қағанатының  алар  орны 

ерекше.  Себебі,  бұл  мемлекеттік  бірлестік  өзінің  дəуірлеген  тұсында  түркі  тектес  ру­

тайпалардың басым көпшілігінің басын біріктіріп, ұлы держава деңгейіне дейін көтерілген 

еді.  Тарихшылардың  айтуынша,  Түрік  қағанаты  (681­744  жж.)  шығыста  Маньчжуридан 

батыстағы  Азов  теңізіне  дейінгі  кең  аумаққа  үстемдік  еткен  алып  мемлекет  болған  .     

Бүгінде  туысқан  халықтар  бірі  шалғай,  енді  бірі  жақын  орналасып,  тұтастай  бір  белгілі 

аймақты жайлап тұрып жатпаса да, олардың тілімен қатар, рухани­мəдени қазыналарының 

ұқсас,  сарындас  келуі  олардың  түп  тамырларының  бір  екенін  үнемі  аңғартып  тұрады. 

Алтайдың  архаикалық  фольклорларында      түркі  тілдес  халықтардың  Еуразияның  ұлан­

байтақ  геокеңістігіндегі  жақындығының  көптеген  дəлелі  «қыпшақ»  атауы  арқылы  орын 

алған.  Мысалы, тюрколог­алтаист Н. А. Кучигашеваның бір еңбегінде қыпшақтар жайлы 

мынадай жаңылтпаш өлең кездеседі екен  : 

         Кайным кыпчактар керегинде айдатан 

         Кара сууды кайнатып

Каймак алган кыпчактар 

Санысканды шайдарып, 

Саап ичген кыпчакдар. 

 

Пакачакты палбайдып, 

Пала эдинген кыпчактар. 

Келискенди керилтип, 

Келин эдинген кыпчактар  [1] 

Бəлкім, бұл өлеңде түркі тайпаларының екі тобы: қыпшақтарға дейінгі алтайлықтар 

мен  VIII­IX  ғғ.  Қытай  бодандығынан  босап,  Орта  Азияда  басым  субэтносқа  айналған 

дешті  қыпшақтардың  бəсекелестігі  келтірілген.  Екінші  жағынан,  қыпшақтардың  ерлігі, 

батырлығы  сомдалады.    Яғни,  қыпшақтардың    алтайлық  негізден  тарайтындығы  ауыз 

əдебиетінде де жақсы сақталып қалған. 

Содан  бері  қаншама  ұлы  оқиғалар,  тарихи  кезеңдер,  қилы  замандар  өтті.  Түрік 

қағанаты билік құрған ұлы дала аумағында қаншама мемлекет құрылып, қайтадан ыдырап 

кетіп жатты. Солай бола тұрса да, олардың құрамында болған негізгі ру­тайпалар түркілер 

еді.  Олар  3000  жылдай  уақыт  ішінде  бірталай  өзгерістерге  ұшырады.  Бірікті,  жеке 

мемлекет  те  болды,  түрлі  мемлекеттердің  құрамына  да  енді.  Түркі  əлемі  40­қа  жуық 

этностарға бөлінді. Олардың тарихи дамуы мен болмысы да, тағдыры да əр қилы болды.  

Қазіргі  таңда  бүкіл  түркі  əлеміне  қатысты  ортақ  мұраларды  ой  елегінен  өткізіп 

зерделесек,  кезінде  еуразиялық  кеңістіктегі  сайын  далада  көшіп­қонған  түркілік  ру­

тайпалардың өмір­салты мен əдет­ғұрпы, елдігі мен мемлекеттігінің қалыптасуы, олардың 

өзара  қарым­қатынасының  ерекшелігі  жайында  түрлі  деректерді  табамыз.  Таба  отырып, 

бүгінгі  елдігімізге  дейін  дəстүр  жалғастығы  мен  сабақтастығының  үнемі  үзілмей  келе 

жатқанына тəнті боламыз. Əсіресе, түркілік сабақтастықты анықтауда Сібір түркілерінің 

мəдениетін  саралаудың  орны  ерекше.  Түркі  тілінде  сөйлейтін  халықтардың  алғашқы 

кезіндегі  көне  діні  деп  танылып  жүрген­шамандықтың  да  түп  төркінін  біз  осы  Сібір 

түркілерінің танымынан табамыз. Себебі, Шамандық алғашқы діндердің күрделісі. Оның 

барлық  тайпаларға  ортақ  негізгі  формасы  –  көкке,  тəңірге  табыну  болып  табылады.  Ол 

жайында  Ш.  Уалиханов  былай  деген:  «Шаманизм  дегеніміз  ­  əлемдік  дүниені  сүю, 

табиғатқа деген шексіз махаббат, өлгеннің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау» [2,45]. 



117 

 

Халық санасындағы табиғат құбылыстарына табынудың сырлары   халық санасында 



қалыптасқан  наным­сенімдерінің  дерек  көздері  болып  табылатын  халықтың  мифтік 

жүйесінде  жатыр.  Мысалы,  түркі  тілінде  сөйлейтін  халықтар  «тəңірге  табынып,  аруаққа 

сиынып, Аспанды – ата, Жерді – ана деп ардақтаған. Айталық, қарашай­ балқар, башқұрт, 

татар    тілдерінің  материалдарында    тіршіліктің    пайда  болу  сырын  Жер  мен  Көктің 

қосылуының  нəтижесі  деп  түсіндіретін    көне  мифтік  пайымдаудан  туған  Жерді  ана 

ретінде,  Көкті  əке  ретінде  бағалау  жақсы  сақталған.    Зерттеушілер  бұл  ұғым  негізінен 

отырықшы  өмір  салтындағы  славян  халықтарына  тəн  дегенді  айтады:  «У  славян  ­ 

земледельцев 

все 

календарные 



земледельческие 

праздники 

пронизаны 

сельскохозяйственной  магией,  связанной  с  почитанием  обожествленной  природы, 

которой, как к сверхъестественной силе обращаются участники магических действий. Во 

время  сева  практиковалось  обрядовое  совокупление  на  поле  что,  являлось 

симптоматическим  средством  магического  оплодотворения  Земли  и  символизировало 

космический брак Неба и Земли, считавшийся причиной плодородия» [3, с. 36].  

Шындығында  да  Жер  өңдеу  магиясы  түркі  халықтарында  соншалық  үлкен  орын 

алмағанымен,  отырықшылыққа  ертерек  көшкен  түркі  халықтарында  бұл  көрініс  тапқан. 

Мысалы,  Қарашай­  балқар,  Құмық  халқтарында  Жерге  табынып,  мол  егін  жинау  үшін 

оған құрбандық шалу салты орын алған. Осымен байланысты ол тілдерде Жер анасы, Су 



анасы деген фраземалары қолданылады.  Яғни, Жер анасы бүкіл тіршіліктің бастау көзі, 

негізі ретінде пайымдалса, құмықтардың танымында Су анасының да алар орны болған  

[4,  с.  37].  Су  анасы  су  құдайы  ретінде  (славян  халқындағы  русалка)  танылып,  кешкі 

уақыттарда  су  аларда  оған  табынбаса  қауіп  туғызады  деп  ұғынған.        Құмық  тілі 

материалдарында  Суванасы,  Суванасы,  Дуньяны  алтын  багъанасы,  къой  сув  алмагъа 

бизин деп табыну, жалбарыну осының көрінісі болса керек.  Бұл халықта жаңбыр құдайы 

Земире деп аталады [3, с. 38].  

     Осындай  əдет­ғұрыптардың  бірі  қырғыздардағы    –Жер,  су  құдайына  құрбан  шалу 

жасалып – «Жер Суу тайуу» дəстүрі . Бұл  салт  жылына 2 рет орындалған: ерте көктемде,  

көк шыққан ,  қой төлдету басталған кезде жəне күздің соңында – жайлаудан    қыстауға 

көшкен  ,  қысқа  дайындық  уақытында.    Түркілер  жер  қыртыстарының  əлденеше 

қабаттардан тұратынын ғылыми тұрғыдан таныған. Бүгінгі қазақ тіліндегі жеті қат жер 



астындағыны білу «білмейтіні жоқ», башқұрт тілінде ете кат ер астында, татар тілінде 

жиде  кат  жир  аштыда    деп  келетін  оралымдар  бізге  осыны  дəлелдейді.  Міне,  бұл  да 

түркі халқының танымдық тамырластығының бір көрінісі.       

       Ескеретін  бір  жайт,  космологиялық  мифологияның  аясына  кіретін  түсініктер  түрлі 

уақыттың өлшемінен өзгеріске ұшыраған.  Ғарыш əлемінің ең өзегі –  аспан дейтін болсақ,  

аспан ұғымы ежелгі наным бойынша жараталыстың бастауы деген мағына берген.  Немесе 

Көк Тəңір деген атау көк аспан деген ұғыммен синонимдес болды.  Тəңірлік діннің кезінде 

аспан  адамзат  баласын,    барлық  дүниені  жарылқаушы,  жаратушы  есебінде  ұғынылып,  

қастер  тұтылды,    аспанға  қарап  бар  үмітін,    тілегін  білдірді,  аспанға  сыйынды,  өйткені 

Тəңірдің мекені аспан деп ойлады.     Сонда ежелгі түсінік бойынша аспанда да қазақтар 

тұрады, олардың тұрмыс­тіршілігі өздеріне ұқсайды деп сенген.   Осындай ұғымды көк,  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет