Пайдаланған әдебиеттер:
1 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / жалпы редакциясын басқарған Т.Жанұзақов. –
Алматы: ДайкПресс, 2008. – 968 б.
2 Əбдуəлиұлы Б. Қазақ антропонимжасамы: теориялық жəне практикалық негіздері. –
Астана: «Астана полиграфия», 2012. – 320 бет.
3 Никонов В.А. Ищем имя. – М.: Совр. Россия, 1998. – 128 с.
4 Система личных имен у народов мира. – М.: Наука, 1989. – 383 с.
5 Жанұзақов Т. Қазақ есімдерінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1971. – 218 б.
УДК 82:8126
Дүйсенбаева Г.
Абай атындағы ҚазҰПУ 6D011700-Қазақ тілі мен əдебиеті мамандығының
докторанты
sweet505@mail.ru
ТІЛДІК ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ШЕШЕНДІК ӨНЕР
Abstract. Abu Nasir alFarabi thought highly of science: "The happiness of man, the
improvement of society associated with the formation, it all depends on the humanistic ideals of
the intellectual part, her skills." Thus, the knowledge the power, affecting the socioeconomic,
political, moral, cultural and ethical development of Kazakhstan, education the basis of entry of
our country into the ranks of developed countries, because in front of universities are put
requirements on training highly qualified specialists who are able to creatively translate
nominated modern society needs. The transition to a multistage continuous education will
contribute to the solution of problems, in particular, preparation of the studentphilologist. For
these purposes, the article deals with the formation of the language person and in the demand of
speech.
Key words: Language personality, culture of speech, rhetoric, indexes of language
personality
Тұлғаның шешендік қабілеті туралы зерттеулер антикалық дəуірденақ күн тəртібіне
өткір қойылып, арада қанша жыл өтсе де, өз құндылығын жоймай келеді. Өйткені
шешендік адамға тиесілі барлық мүмкіндіктерді жетілдірудің өзегі саналады. Ол туралды
В.Фельтре, Ф.Рабле, Я.А.Коменский, Д.Локк, Г.В.Лейбниц, Ж.Ж.Руссо, отандық ғылымда
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов секілді ғалымдар баланың
жанжақты дамуындағы шебер сөйлеудің мəнін анықтап, оның адамның ойлауына,
сезіміне, еркіне, мінезіне, санасына, құлқына өзіндік əсерін тигізетінін, сондықтан оны оқу
64
тұлға дамуымен бірлікте қарау керегін көрсетті. «Ұлы Дидактиканың» авторы
Я.А.Коменский сөзді «баланың рухани əлемінің даму қозғалысы» ретінде бағалап, көрікті
сөзді баланың жасына, халықтың əдетғұрпына сəйкес сіңірілу керектігін айтты [1, 27 б].
Соңғы жылдардағы зерттеушілердің ғылыми тұжырымдарында, ең алдымен, шешендік
қабілеттердің адами қарымқатынас, өмірлік дағдыларды дамыту құралы ретінде
күрделі əлеуметтікмəдени феномен екендігіне басымдылық беріле бастады.
Тілдік тұлға – өзіндік құндылық. Оның шығармашылық дамуы мен қалыптасуы
мектепте оқыту мен тəрбиелеудің басты мақсаты болуы керек. Бұл мəселе ежелденақ ұлы
ойшылдарымыз əлФарабиді, Ж.Баласағұнды, ұлы Абайды ерекше толғандырған,
сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, шешен сөйлеу қабілеттерін дамытуды
үнемі көтеріп отырған.
Қазақстандық көрнекті ғалымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, М.Əуезов,
Б.Адамбаев, Р.Сыздық, Н.Уəли, С.Негимов шешендіктің теориялық мəселелерін
қарастырды. Қазақ шешендік өнерінің өзіндік табиғатын танытты. Ғалымдар шешендіктің
сөз өнері ретінде қалыптасып дамуының мəселелерін əр қырынан зерттеді. Шешендік
өнерді дамыту мəселесіне теориялық талдау жасап, оны арнайы ғылым саласы ретінде
қалыптастырды. Сондықтан шешендікті оқытуды осы ғалымдардың еңбектерімен бірлікте
тілге тиек етеміз.
Білім алушыларға үздіксіз білім беру сатыларының əр кезеңінде шешендікті оқыту
мəселелерін Ф. Оразбаева, Г.Қосымова, А.Қыдыршаев, Ж.Дəулетбекова, Б.Салыхова жəне
т.б. еңбектерінде қарастырған. Өйткені аталған ғалымдар өз еңбектерінде тілді оқыту
аясында шешендік қабілетін дамыту мəселесін жеке тұлғаның дамуымен бірлікте сөз
етеді.
Тіл мəдениет мəселелерін талқылаудың жайкүйі тілдің құрылымын ғылыми
зерттеудің жайкүйіне, тілдің əртүрлі стильдік салаларының даму жағдайына,
нормаларының қалыптасу дəрежесіне, қызмет ету аясының кеңею мүмкіндіктеріне жəне
қоғамның тілге деген практикалық қажеттіліктерінің деңгейіне байланысты болады.
Шешендік қабілет пен жеке тұлға мəселесін ұштастыра зерттеу үшін отандық жəне
шетелдік психологтар Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Л.В.Занков,
А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, А.Г.Ковалев. жəне отандық психологғалымдар Ə.Сыдықов,
С. Тəжібаев, Қ.Жарықбаев, Ж.Ноғайбаева, Ə.Сатыбалдиев, Ж.Намазбаеваның еңбектерін
атауға болады.
Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту негізі – олардың ойөрісінің айнасы болып табылатын
шешендік қабілетін өрістету, шешендік өнердің өміршең қызметі мен мəнін түсіну
екендігінде тоқталып өтуді көздедік. Қазіргі уақыт талабы деңгейінен оқушының жеке
тұлғасын объект ретінде емес, субъект ретінде тану, оның шығармашылығын дамыту,
яғни, өзіндік ісəрекетін өрістету мақсатында интербелсенді əдістəсілдер арқылы оқу мен
оқыту үдерісін ұйымдастыру, соның нəтижесінде оқушының шығармашыл ісəрекеті мен
ойлау, ой тұжырымдау, ойын жүйелі де нақты жеткізудегі шешендік қабілетін дамытудың
маңыздылығын ғылыми тұрғыдан қарастыру зерттеуіміздің өзектілігін арттыра түсті.
Жеке тұлғаның əлеуметтік орны мен мəнін анықтайтын сөз – тілдік тұлға.
Халқымыздың санасында тұлға дамуының түп қазығы – «шешендік өнер» яғни тіл
мəдениеті болса, ұлт мәдениетінің түпқазығы – тілдік тұлға.
Тілдік тұлғаның белгісі – шешендік өнер. Шешен сөйлеуге үйрену барысында
филологстуденттің ұжымда бірлесе əрекет ету дағдысы қалыптасады, олардың бойында
65
қойылған мақсаттарға жетуге қажетті даралық қабілеттер ұштала түседі; студентте
сан түрлі құралдар арқылы қалыптасқан мəдени дəстүрлер дұрыс сөйлеу тəжірибесі
саналы түрде жинақталады. Сондықтан да студент үшін шешендік қабілет өз
белсенділігін, қабілетін танытуының негізгі формасы болып саналады. Шешендік
қабілеттің студенттің тілдік тұлғасын қалыптастырудағы рөлі жоғары оқу орындарында
айрықша байқала бастайды. Өйткені осы кезеңде функционалдық сауаттылықты еркін
игерген студенттер өздіндік əрекеттерді орындауға бейім тұрады. Сондықтан танымдық
маңызы жоғары, білім алушының тілін байытып, өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін
шешендікке баулумен сипатталады.
Жалпы сөз мəдениеті, мəнерлі сөз сөйлеу туралы ілім Еуропа елдерінде көне грек, рим
заманынан бастау алатыны белгілі.
Көркем əдебиет саласына орын алатын қазақ халқының сөз мəнерімен танысу
филологстуденттердің жан дүниесін байытады. Тіліміздегі «жүзден біреу – шешен,
мыңнан біреу көсем» деген мақалдан шешендік өнерге үлкен мəн берілгенін аңғаруға
болады. Ерекше қабілеті бар шешендер елді өзіне қарата сөйлеген. Əрине шешеннің де
шешені болған. Халықта ондай адамдарды «тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып,
қас шешендер сөз айтар» десе, енді бірінде «үйде шешен – дауға жоқ, үйде батыр – жауға
жоқ» делінеді. Шешендік қазір де ең жоғары жəне керекті өнер. Тіл өнеріне, сөйлеу
мəнеріне қойлатын талаптар шешендік өнерге де қойылады. Шешендік өнер тіл
мəдениетінің ең жоғарғы сатысы.
Қазіргі таңдағы шешендік өнер, бұрынғымен салыстырғанда атқаратын қызметі
жағынан ерекшеленеді. Бұл айырмашылық шаршы топ алдында айтылатын сөздердің
түрлі мазмұнда болуымен тығыз байланысты.
«Шаршы топ дегеніміз көпке арналып сөз айтылатын жер, яғни сол сөзді тыңдайтын
адамдар тобы Шаршы топта сөз аз болсын, көп болсын əлеуметтік мəні бар, жұртшылық
назарына ұсынылған, қоғам мүддесіне арналған əңгіме болуы керек... Мұнда көзделетін
мақсат – көпшіліктің тыңдауына арналған сөздің жатық, ұғынықты болуы, əңгіме
желісінің дұрыс құрылуы болмаққа керек» [2, 23 б] дей келе, академик Р.Сыздық
шешендік сөздерді жұмсалатын орнына қарай бірнеше топқа бөледі.
Академиялық шешендікке оқу орнындағы дəрістер, ғылыми баяндамалар, диссертация
қорғау шаралары жатады. Жоғары оқу орындарында дəрісті лектор жүргізеді. Яғни,
лектороқытушының шаршы топ алдындағы сөзі мінсіз болуы керек. Мысалы, жергілікті
диалектизмдерді қоспай, əдеби нормаға сəйкес сөз саптауы тиіс.
Мəдениетті адамның сөйлеу мəнері де жағымды болады. Анық, дəл айту, қате
жібермеуге тырысумен қатар, өзгеге түсінікті, нақты дəлелдер келтіре отырып баяндауы
керек. Кейде əңгіменің не жайында емес, қалай жеткізілуінде болуы тиіс. Ұлтымыз
келістіріп сөйлей алатын тұлғаны «мірдің оғындай» деп бағалады. Сөзді қалай болса
айтпай, əуез, əуен ырғақ, екпін, мəнердің де сөзді айтуда ерекше болды.
Сөйлеуде дауыс ырғағының құбылмалы қасиетін ескеріп, жазуда ол құбылыстарды
тиісті тыныс белгілерімен таңбалаймыз.
Сөз шеберінің қаламынан шыққан əрбір шынайы шығарманың жеке сөйлемдері, сөз
өрнектері белгілі бір мақсатқа лайық құрылады. Көркем шығарманың тілі жатық, сөз
тіркестерінен құралған сөйлем де, кескін жасауда көркем суретті, эстетикалық əсер етудің
белгілі формасы болады. Шаршы топ алдында көркем сөздің жақсы үлгілерін келістіріп,
оқу ісіне қазақ əдебиетінің көрнекті өкілдер ерекше назар аударған. Жалпы тіл өнеріне,
66
шешендік өнерге дұрыс сөйлеу, дұрыс оқу өнеріне үйрететін, қаланатын негіз – мектеп
пен жоғары оқу орны.
К.Қ.Қанафиева өз зерттеуінде шешендік өнер сипатында тілдік тұлға
қалыптастыратын көрсеткіштерді анықтайды: филолог студенттердің мамандығына
қызығушылығы, тілдік тұлғасын қалыптастыруға талпыну, кəсіби қажеттілігінің
туындауы [3, 57 б]. (1кесте)
Тіл мəдениеті – адамның сөйлеу тіліндегі тəсілдердің қолданудағы шеберлік,
сауаттылығы, аялық білімі, əрі мəдениеттің құрамдас бөлігі. Ана тілін жақсы білу, таза
сөйлеу, еркін сөйлеу – мəдениеттілік. Ғалымдар арасында пікірталас тудырған бұл термин
туралы Т.Қордабаев: “Өмірде мəдениетті тіл, мəдениетсіз тіл деген болмайды,
мəдениеттілік те, мəдениетсіздік те тілді қолдануда, сөйлеу (жазу) процесінде болады. Тіл
мен сөйлеу бірбірімен айырылмастық бірлікте болатындарына қарамастан, бұл екеуінің
бірлігі – тепетеңдік бірлік емес, əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар диалектикалық
бірлік. Тіл дегеніміз – сөйлеуге қажетті материалдардың жиынтығы. Ал сөйлеу – сол
жансыз материалдардың өзара қарымқатынасқа келуі, тілдің қимыл үстіндегі күйі. Тілге
жақсы, жаман, мəдениетті, мəдениетсіз деген сын жүрмейді. Осы себептен “тіл мəдениеті”
дегеннен гөрі “сөйлеу мəдениеті” деу өз мазмұнына сай келеді”, деп көрсетті [2,15 б.].
Ғалым Р.Сыздықова: “Сөз мəдениеті” дегенді “сөйлеу”, яғни “тіл жұмсау” тəртібі
(мəдениеті) деп танимыз. Демек, бұл жердегі “сөз” – орысша “речь” дегеннің баламасы.
Соңғы термин “тілдің қолданыстағы көрінісі” дегенді білдіретіні мəлім. Бізде ғылымның
бұл саласын атауда “тіл мəдениеті” деген тіркес жиірек қолданылып жүр. Бірақ мазмұнға
сай дəлірегі, дұрысы – “сөз мəдениеті”. Сөз мəдениеті мен шешендік тек тілдің
нормаларын бұлжытпай (“сықитып”) дəлмедəл сақтау ғана емес, айтпақ ойды
тыңдаушыға жүрекке жылы тиетін, “айналасы тептегіс жұмыр келген”, əсерлі етіп
жеткізу жайын да қатар қамтуы тиіс”, деді [4, 26 б.]. Ғалым Н.Уəли “шешендік сөздің”
əдеби тілдің нормасы туралы білім саласы ретінде пайда болғанын, оның жалпы
“сөйлеуде, жазуда тіл амалдарын дұрыс қолдана білу” деген ұғымды танытатынын атап
көрсетті. Зерттеуші “сөз мəдениеті мен шешендіктің қарымқатынас құралын қалай игеріп,
өмірде қалай пайдаланып жүрміз, оның əр қилы амалтəсілдерін дұрыс, дəл, тиімді
Филолог-студенттердің тілдік тұлғасының көрсеткіштері
филологстуденттердің мамандығына
қызығушылығы;
тілдік тұлғасын қалыптастыруға талпыну;
кəсіби қажеттілігінің тұрақтылығы;
кəсіби «меннің» қасиеті мен ерекшелігін білу;
кəсіби тұрғыдан өз тілдік əрекетін бағалау;
филологиялық білімін жетілдіру;
67
қолданып, мазмұнды, əсерлі етіп жұмсай алдық па дегенді” айтады. Ол сөз мəдениеті мен
шешендіктің екі сатысын: сөз дұрыстығы мен сөз шеберлігін – шешендіктің белгілерін
айқындап берді [5, 22 б.]. Ғалым З.Бейсенбайқызы: “Тіл мəдениеті” ұғымы көбінекөп
қарымқатынас құралы болып табылатын тілді жетілдіре беруге, негізгі нормаларын
қалыптастыра түсуге тікелей жəрдемі тиетін грамматикалар, сөздіктер, түрлі анықтама
құралын жасау бағытында ісəрекеттерді қамтиды”, деп тұжырымдады [6, 31 б.].
Филолог қызметінің негізгі құралы ауызша жəне жазбаша түрдегі тіл болып
табылады. Сондықтан да бұл мамандық студенттерінің кəсіби сапалараның бірі тілді еркін
меңгеруі, тіл мəдениетінің жоғары болуы. Филолог мамандарды даярлауда кəсіби білімі
мен біліктілігіне назар аударған жөн. Тілді оқытудың қазіргі ұстанымы тек коммуниктивті
емес, оның коммуникативтік қажеттілігін басшылыққа алу керек.
Ғалымдардың зерттеулерін тұжырымдай келе, қазіргі нарықтық экономикада
бəсекеге қабілеті, кəсіби біліктілігі жоғары маман даярлауда, соның ішінде филолог
студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастыру өте өзекті. Осы мəселенің түйіні – шешендік
өнермен тығыз байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Коменский Я.А. Ұлы дидактика. – Алматы: Педагогика, 1981. 27б.
2 Сыздық Р. Алғысөз // Сөз мəдениеті. Алматы: Мектеп, 1984. 3823 б.
3 Қанефинова К.Қ. Жоғары оқу орындарында интерактивті оқыту арқылы тілдік тұлға қалыптастырудың
дидактикалық шарттары. Пед.ғыл.канд алу үшін дайындалған дис... Алматы, 2010.162б
4 Бейсенбайқызы З. Сөз мəдениетінің негіздері. Алматы, 2007. 231 б.
5 Птушенко А.В. “Культура речи – культура мышления”. Москва, 2004. 165 с.
6 Балақаев М. Баспасөздің тіл мəдениеті туралы // Тіл мəдениеті жəне баспасөз. Алматы,
1972. 511б.
УДК 81
Жакипова М.Н.
аға оқытушы, Алматы технологиялық университеті,
Қазақстан Республикасы,
miranur69@mail.ru
КҮРДЕЛІ ЗАТ АТАУЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИ
АҚПАРАТТЫҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
Abstract. One of the pressing issues of the Kazakh linguistics major names of the article
creation and the nature of the educational and cultural information contained in them is
considered the cause of exposure to a variety of linguistic phenomena.
Key words: complex object names, étnolïngvïstïkï, cultural linguistic universe, cultural,
educational nature.
Қазіргі əлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану үрдісіне сəйкес тіл біліміндегі
зерттеулер бағытының кешенді де интеграциялық сипатына сай тіл мен мəдениет
сабақтастығын анықтаудың мəні зор. Осы ақпараттың көрінісі «ғаламның тілдік бейнесін»
ұлт тілі арқылы зерттейтін этнолингвистика, лингвомəдениеттану салаларынан көрінеді.
Мəдениет игіліктерін өндіруші мен тұтынушы арасындағы мəдениетаралық,
танытушылық қызметті қазақ тілінде ең алғаш айтқан профессор Қ.Жұбанов десек,
қателеспейміз. Себебі ғалымның: «Халықтардың тұрмыс қалпы түрлітүрлі болған соң,
68
олардың əр затқа қоятын аттары да түрлітүрлі. Тіл ұзақ заманнан жасалды, бірден
өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты» [1, 93.] деген пікірі ұлт мəдениетінің
ұрпақ жалғастығын сипаттаса, ал, мəдениет жай өмірдің туындысы емес, белгілі бір
қоғамда өмір сүрген рухани əрі материалдық қоры бар іргелі елдердің өмір тіршілігінің
қажетті туындысы деп қарауын: «Мəдениет – қазанның күйесінше жұғатын нəрсе емес,
мəдениеттің белгілі сатысын көксегендей жағдай тумаған болса, ... жоғары мəдениеттің өзі
келіп ауызға түспейді» [1, 93] деген пікірінен көреміз. Осы тұрғыдан профессор
Қ.Жұбанов зерттеулерінде күн көру, күн байыды, күн батты, ұмай ана, безгегі ұстады
т.б. сөздердің қалыптасуының тек онтологиялық сипаты ғана емес, уəждік негізі, уақыт
пен кеңістік контексіндегі этнотанымдық табиғаты да ашылған. Атап, айтқанда, бұл
бағыттағы зерттеулер «тіл мен таным» сабақтастығын сипаттайды. Себебі, бұл тілдік
деректерді сол тілде сөйлеуші халықтың əр кезеңдегі тарихиəлеуметтік тəжірибесіне
негізделіп, мəденитанымдық деңгейіне сай қалыптасқан вербалдыассоциативті категория
ретінде қарауға болады. «Тіл мен ұлт біртұтас» деген қағида ежелгі мəдениет көріністері,
əр түрлі салтдəстүрлердің тіл арқылы, тілде сақталып жетуі арқылы ұлтты тұтастырушы,
жалғастырушы қызметімен дəлелденіп, анықталды. Қазақ тіл білімінде осы тақырыпта
қалам тартқан ғалымдар ретінде Ə.Т.Қайдар, Е.Н.Жанпейісов, М.М.Копыленко,
Н.М.Уəли, Ж.Манкеева, Р.Н.Шойбеков, Г.Смағұлова жəне т.б. ғалымдардың аттарын
атауға болады.
Академик Ə.Қайдар: «Этнос жəне оның тілін біртұтас, өзара тығыз байланысты
құбылыс деп қарасақ, тіл қоғамда тек сол этностың қарымқатынас құралы ретінде ғана
емес, сонымен қатар оның (этностың) бүкіл рухани, мəдени байлығының куəгері іспетті
барлық болмысы мен өмір тіршілігінің, дүниетанымы мен əдетғұрпын бойына сіңіріп, ата
мұрасы, асыл қазына ретінде ұрпақтанұрпаққа жеткізіп отыратын қызметі тағы бар» [2,
34] деп, этнолингвистиканы тілдің коммулятивтік қызметімен байланыстыра
қарастырудың орны ерекше екендігін айтады.
Ж.Манкеева «Заттың (материалдық) мəдениеттің мəні дегеніміз – адам əрекетінің
нəтижесінде заттандыру. Оның ішкі мəні соны тұтынушы қоғам өкілдерінің санасында,
рухани дүниесінде.
Осы тектес этномəдени атауларды талдау негізінде ұғымының тілге қатысты мəнін
былай түсіндіруге болады: кез келген ұлттық мəдениеттің негізі – ортақ тілде сөйлеп,
ортақ мүдде мен қағидаларға сай өмір сүріп, əрекет ететін этноұжымда қалыптасқан
шындық дүниенің тұтастығы, этностың материалдық жəне рухани кеңістігі. Олай болса,
«тіл – ұлттың тірегі, ұлт мəдениеттің негізі» деген қағидаларға сəйкес тіл мен мəдениет
арасындағы байланыстың арқауы сан ғасыр өтсе де бар асылын өз бойында сақтап, еш
шашаусыз жиып, болашаққа жеткізетін тілдің құдіретті – кумулятивтік қызметі негізінде
шешіледі. Нақты түрдегі оның тілдік көріністері: материалдық мəдениет (тұрақ, киім,
тамақ, тұрмыс бұйымдары, еңбек құралдары т.б.) жəне ұлттық тіл арқылы ұрпақтан
ұрпаққа сақталып, жеткізілетін рухани мəдениет (салтдəстүр, миф, өнер, дін, тəлім
тəрбие, көркем мəтін т.б.) жəне ұлттық психология, таным тұрғысынан жасалатын
рəміздік жүйе, сакрализация тəсілімен сақталған өнер, археология туындылары т.б.
атаулары» [3, 18], деп, тілдегі мəдени ақпаратты ашуда кумулятивтік қызметтің рөлі
ерекше екендігін айтады.
Ғалым: «Осыған сай халқымыздың рухани өрісімен сабақтас қалыптасқан,
кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтанұрпаққа қатысты ұшантеңіз қазынасының тілдік
табиғатын зерттеу негізінде олардың болмысмазмұнын анықтау – қазақ тіл біліміндегі
69
өзекті мəселелердің бірі. Бұл мəселелердің шешімін табуы мынадай міндеттердің
орындалуын қажет етеді», деп төмендегідей міндеттерді көрсетеді:
а) төл мəдениетіміздің өткен дəуірлерінен елес беретін көне тамырлы, ұлттық
бояуы қалың алуан түрлі атаулар мен ұғымдарды эпостық жырлардан, ақынжыраулар
шығармаларынан, фразеологиялық тіркестер мен диалектілік жəне кəсіби лексика
құрамынан, пареомологиялық жүйеден, прецедентті, сакральды атаулардан т.б. жиып
көрсету;
ə) этнолексика түрінде сақталған осындай ұшантеңіз байлықты кез келген жеке
тілдік фактіге байланысты емес, белгілі бір қарымқатнастар мен байланыстардағы кəсіби,
əлеуметтік, гендерлік т.б. мағыналықтақырыптық топтарға жіктеу;
б) эпостағы ия ақынжыраулар өмір сүрген дəуірдегі, не фразеологиялық т.б.
тіркестер мен диалектілік ия кəсіби лексикадағы қолданылу өрісіне байланысты
семантикасы өзгерген сөздерге функционалдысемантикалық, ономасиологиялық талдау
жасау;
в) семантикалық, грамматикалық даму барысында, қолданылу аясында көптеген
өзгерістерге ұшыраған мəдениетке қатысты этнолексикаға жасалған тарихи
лингвистикалық реконструкциямен сабақтастыру;
г) мəдени атаулардың этногенездік тарихи көздерін жаңғыртуды көне түркі тілдері
жүйесінің тарихи қабаттарын тіл аралық салыстыру арқылы анықтау;
ғ) кейбір мəдени атаулардың архетиптерінің өзегін құрайтын тарихи туынды
түбірлерде «сүрленіп» қалған «өлі» түбірлерді фономорфосемантикалық құрылым
негізінде диахрондық тұрғыдан сипаттап, уəждік негізін тарихи деривация мен номинация
шегін анықтау;
д) мəдени атаулардың номинативтік жəне этимологиялық қырларының қалыптасу
қағидаларын анықтау» [3, 13].
Демек лингвомəдениеттану ғылымын тіл мен мəдениеттің өзара қатынасы
негізінде ұлт мəдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, сол тіл арқылы ұлтты,
оның мəдениетін таныта білу ерекшеліктері қарастырылатын сала ретінде,
этнолингвистика ғылымын тілдегі ұлттық бірліктердің мазмұны мен мəнін ұлттың
тарихынан, халықтың рухани мəдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың
шығармашылығынан іздеу арқылы анықтайтын сала ретінде түсінеміз.
Шындығында да жоғарыда көрсетілген ғалымдардың еңбектерінен келтірілген
сілтемелердегідей күрделі зат атауларының бойында денотаттық мағына мен бірге
этномəдени ақпараттар да бар екендігін байқаймыз. Ондай бірліктер қатарына
төмендегідей мысалдар қатарын жатқызамыз: айран көже, айран шалап, ақмалта,
балқаймақ, ақ бауырсақ, жалпақ бауырсақ, жіңішке бауырсақ, домалақ бауырсақ, майда
бауырсақ, бұрама бауырсақ, сары қымыз, қысырдың қымызы, қорабалы қымыз, түнемел
қымыз, бесті қымыз, бал қымыз, жуас қымыз, құнан қымыз, қымыз емханасы, сықпа
құрт, ыстық құрт, ұнтақталған құрт, езілген құрт, жас құрт, құрт-көже, құрт-май
жəне т.б.
Кез келген таңбаның екі жағы болады: бірінші жағы – формасы, екінші жағы –
мазмұны. Тілдік таңба мен шартты таңбалардың арасындағы ұқсастық: екеуінде де тұлға
мен мазмұн бар, екеуі де бірдеме жайында «хабарлаудың» құралы.
Тілдегі таңбалық бірліктер халықтың дүниетанымы мен болмысынан, рухани
мəдениеті мен сол халық тіршілігінен, өмір сүрген ортасынан, менталитетінен,
психологиясы мен əлеуметтіксаяси көзқарасынан мағлұмат беретін ұлттық құбылыс
70
болып табылады. Тілдік таңба – мəдениеттің феномені, ұлт мəдениетінің көрінісі ретінде
ғылымда өз дəрежесінде əлі зерттелмей келеді. Тіл – рухани күш, демек тілдік таңбалар,
яғни таңбалаушы мен таңбаланушы жəне объект арқылы адам кез келген құбылысты
қабылдап, оған баға беріп, өз көзқарасы мен ойын білдіре алады.
Ғалым Н.Уəлидің пікірінше, кейбір сөздердің бойында екі таңба қатар көрініс
беретін кездері болады, олар: тілдік таңба жəне мəдени таңба. Осы екі таңбаның түпкі
мəндері тоғыса келіп, лингвомəдени таңба ретінде бір ұғымның аясына бірігіп, санада бір
ғана бірлік күйінде сақталады.
Таңбаның адамға тікелей қатысты екенін А.А.Уфимцева былай түсіндіреді:
таңбаның басты қасиеттері – оның қабылдану мүмкіндігінің болуында, басқаша айтсақ,
материалдану, конвенциалдану жəне жүйелену мүмкіндіктерінің бар болуы. Қандай да бір
құбылыс немесе зат таңбаны қабылдаушы субъектінің объективті шындыққа деген ерекше
қарымқатынасын көрсету арқылы белгілі бір таңбалық жағдайға нақты белгілеу
семиозисін іздестіреді [4, 104].
Тіл мен таңба адам санасында танылатын бейненің сұлбасын жасайды. Тілдегі адам
факторын тереңінен зерттеу нəтижелері санадағы ақиқат дүниенің бейнесін, оның ішінде
дүниенің тілдік бейнесін анықтауға əкелді.
Біздің ойымызша, белгілі бір зат не құбылысты сипаттайтын тілдік таңба мен оған
қабыса жүретін мəдени не басқа да таңбалар жинақтала келіп, сол ұғымның дүние
бейнесін жасауға негіз болады. Мысалы: Ой, тəйірі, қайтақайта тезекті айтады ғой... Өзің
секілді күндізтүні ақ бауырсақ, қазықарта жейтін адам болмаса, түлкі құрсақ боп жүрген
менен де дəметесің? (К.Сегізбаев. Беласқан). Ашыған бауырсақты жұмсақ басып,
үлкендеу кесіп, майда жүздіріп қуырады (Қаз. тілі термин. Тамақ.). Бармақ бауырсақ
мерекеге байланысты шақырылған қонаққа, жас балаларға арналады (Қаз. тілі термин.
Тамақ.) жəне т.б. Қазақ тілінде тамақ өніміне байланысты төл атаулар өте көп. Соның бірі
осы бауырсаққа қатысты тағам түрлері. Олар формасына, түсіне т.б. қасиеттеріне
байланысты ақ бауырсақ, жалпақ бауырсақ, жіңішке бауырсақ, домалақ бауырсақ, майда
бауырсақ, бұрама бауырсақ деп бөлінеді. Байқағанымыздай осы күрделі зат атауларына
тірек болып тұрған сөз бауырсақ атауы. Бауырсақ сөзінің денотаттық мағынасы қамырдан
кішіректеу етіп, түрлі формада кесіп, майға пісірген ұлттық тағам (Қазақ əдеби тілінің
сөздігі. 3 том.). Ал енді оның мəдени коннататтық мағынасы – қазақтар үшін үлкен астың
бірі екендігі. Оған алдымен этимологиялық талдау жасау арқылы көз жеткізуге болады.
Бауырсақ сөзі қазақ, ноғай, қарақалпақ, татар, башқұрт, қырғыз (боорсоқ) кеңінен
қолданылады. Көрсетілген тілдерде ол қазір де тұмыста қолданылатын тағамның атауы.
Бұл атаудың морфосемантикалық құрылымы айқын деуге болады. Ғалымдар оның түбірі
Достарыңызбен бөлісу: |