Мұсылмандардың кипрді бағындыру
Кипр, Византия империясы қол астында болған тұста Араб түбегінде Ислам
Халифаттығы құрылды. Араб жарты аралын түгелдей бағындырған мұсылмандар көздерін
Жерорта теңізіне тікті. 632 жылы Əз. Əбубəкір Кипрдің Китион қаласын бағындырды.
Алайда мұсылмандардың Əскеритеңіз флоттары болмағандықтан бұл жеңіс уақытша
болатын 5, 10б. Мұсылмандардың кипр аралына Ислам дінін жеткізу мақсатындағы
екінші соғысы Халиф Əз. Оспан тұсында Сирия əкімі Мұғауия тарапынан жасалған. Əз.
Оспан Халифалығының алғашқы жылдары Мұғауияның кипрге қарсы теңіз соғысна қарсы
болды. Бірақ 64748 жылы (Хижра 27 ж) шығанақтардың əскери күшпен күшейтілмесі
жəне əйелінің де ере жүріуі, ұрысқа ешкімнің зорлықпен қатыстырылмауы шартымен
Мұғауияның өтінішіне Халиф рұқсат етті. Ерікті əскерлер арасында Əбу Зəрри Гифари,
Əбуд Дəрда, Убаде ибн Сарнит жəне жұбайы Үммү Харам Бинти Милхан сахабалар
болатын 6, 38б.
649 жылы Абдуллаһ ибн Қайыс басшылығында Сириядан Мұсылман Əскеритеңіз
күштері кипрді бағындыруға аттанды. Бұл қолбасшының Ислам тарихындағы ең бірінші
Адмирал болғандығы жайында түсінік қалыптасқан. Сондайақ Мысыр əкімі Абдуллаһ
ибн Əби Серхте Александрия портынан Кипрге қарсы əскерлерін бастап шықты. Екі əскер
Ларнака алдында бірігіп Мұғауияның басшылығында кипрліктерге Ислам дінін
қабылдауын немесе соғысуын талап етті. Кипрліктер мұсылман болудың орнына
соғысуды таңдады. Екі жақ арасындағы соғыс барысында мұсылмандар Константиния
қаласын жаулап алып аралдың басқа тораптарында да үстемдіктерін орнатты. Кипрліктер
мен мұсылмандар арасындағы келісім шарт негізінде осы уақытқа дейін Византияға төлеп
келген 7200 алтын мөлшерлі салықты ендігі жерде халифатқа да төлей бастады 4, 497б.
Бірақ кипрліктер келісімшарт негізінде төлеп келген салықты, Византияның
арандатуымен үш жылдан кейін тоқтатып тастады. Бұл мұсылмандардың кипрге қайта
жорыққа шығуына себепкер болды. 500 кемеден құралған мұсылман күштері кипрді
толықтай бағындырды. Мұсылмандар аралдың Лапитос горнизонына 12.000 мыңдық
467
əскер орналастырды жəне рухани ғибадаттарын орындау үшін арнайы мешіт салынды 7,
34б. Мұсылмандардың алғашқы жорығынан бастап кипр аралына 24 рет соғыс
жүргізгені баяндалады. Солардың кейбірі мысалыға 726 жылы Ислам флоты кипрге соққы
беріп салық төлеуге мəжбүрледі. Византияның 736 жылы жəне одан кейінгі жылдарда
Мысырға жасаған жойқын жорығына қарымта ретінде мұсылмандар 743 жылы кипрге
соғыс ашты. Сонымен қатар 747 ж. 1000 кемеден құралған мұсылман күштері мен
Византия теңіз флотының кипр торабында соғысқаны жазылған. Бұл соғыста
Византиялықтар грек сұйық өртін қолданып мұсылман теңіз күштерін жойып жіберіп 752
жылы Жерорта теңізіндегі үстемдікті тартып алған 4, 497б.
752827 жылдар Аббаси Халифатының Теңіз күштерінің əлсіз кезеңі болып
табылады. Басты себеп ретінде мұсылмандардың Византия мен Жерорта теңізінде
жүргізіп отырған саясатының бəсеңдеуі мен қатар Андалусия Əмəуи мемлекеті құрылғаны
болып табылады. Андалусия Теңізкүштері 773 жылы кипрге жорық ашып əкімін
тұтқынға алды. Бірақ Харун Рашид кезеңінде (786809 жж) Аббаси Əскеритеңіз күштері
қайта түлеп Шығыс Жерорта теңізінде 790 жылы Хумейд ибн Ма’юуп əлХамадани
басқаруында кипр мен крит аралдарына соққы берді. Əрі Анталия шығынағына жақын
жерде болған соғыста Византия Теңіз күштерінің қолбасшысын тұтқынға алған. 909 жылы
шииттік Фатима əулетінің негізі қалануымен Жерорта теңізіндегі күштердің арасалмағы
елеулі өзгерістерге ұшырады. Осылайша сунни теңіз күштеріне қарсы шииттік теңіз күші
пайда болды. Ұрымтал сəтті пайдаланған Византия, Андалусия Əмəуи мемлекетімен одақ
құрып күшін едəуір арттырды. 963 жылы Никифор ІІ. Фока Тарсус пен кипрге аттанып
965 жылы Тарсусты, 969 жылы Крит, Кипр жəне Киликуюді арабтардан тартып алды 8,
210б. Күшейген Византия Шығыс Жерорта теңізі мен Таяу Шығыстағы мұсылмандарға
соққы беріп уақытша болса да айтарлықтай əлсіретіп тастаған болатын.
Әз. Пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның (с.ә.у.) Кипр хақындағы көрегенділігі
Сахабалардан Үммүл Харам Пайғамбарымыздың (с.ə.у.) атасы Абдумуталипт
жағынан сүт əпкесі жəне Ислам дінін алғаш қабылдап құрметке ие болған əйел. Бірінші
күйеуінің Ислам дінін қабылдамағаны үшін онымен ажырасқан. Кейінрек Əз
Пайғамбарымыз Аңсар ақсақалдарынан Убаде ибн Самит пен некелестірген 9, 9б.
Пайғамбар туыстастарының бірі болғандықтан Пайғамбарымыз Мəдина қаласындағы
үйіне жиіжиі келіп тұрған. Бірде Пайғамбар сүт əпкесінің үйінде тамақтанып болған соң
бір сəтке мызғып, күлімдеп оянған. Сонда əпкесі не үшін күлімдегенін сұрағанда
Пайғамбарымыз; «түсімде үмметімнің базбіреулері теңіз үстінде патшаларға арналып
құрылған тақтар тəріздес кемелермен Аллаһ жолында ғазауат соғысына кетіп бара
жатқанын көрдім» – сол үшін күлімдедім деп жауап берген 6, 39б. Сонда Үммүл Харам
Уа Аллаһ елшісі дұға ет, менде сол ғазауатшылардан болайын деп өтінген. Пайғамбар да
Уа Аллаһ бұны да солардан ете гөр деп дұға жасаған екен. Айтқанындай Үммүл Харам
анамыз кипр ғазауат соғысына қатысып сонда алғашқы шəйіттердің қатарына кірген.
Мәмлүк мемлекетінің кипрді бағындыруы
Мəмлүктер 12501517 жж. аралығында Мысыр мен Сирияға өз биліктерін толық
жүргізген мемлекет. Сонымен қатар Мəмлүктерге Анатолияның шығыс жəне оңтүстік
жерлері де қараған 10,117б. Айюб əулетінің билігінің соңғы кезеңдері мен Мəмлүк
мемлекетін бастапқы жылдары өкінішке орай Ислам Диванүл үстүлінің (матростық өнер)
құлдыраған тұсы болып табылады. Исламның алғашқы жылдарында үстүллі (матрос) болу
қаһармандық болып есептелсе бұл тұста матрос болуы ұят болып саналған. Бұл жағдай
Мəмлүктердің төртінші сұлтаны əлМəлік əзЗаһир Рукн аддин Бейбарыстың таққа
468
шығуына (1260 ж.) дейін жалғасқан. Мəмлүк мемлекетінің кипрге қарсы алғашқы жорығы
Сұлтан Бейбарыс билігі кезінде басталды. 1270 жылы Бейбарыстың Əскеритеңіз флоты
кипрге аттанғанымен Лимасол жағалауларында дауылға тап болып жеңіске қол жеткізе
алмады 11, 82б.
Осыған қарамастан Сұлтан Бейбарыс күнінің көпшілік уақытын кеме жасайтын
айлақта өткізетін. Мысырлық тарихшы əлМакризидің желісне қарасақ Сицилиядан
келген елшілер Бейбарысты айлақтан тапқан жəне қолында құрал саймандары, кесілген
бөренелер арасында ұста жəне əмірлері мен бірге болғандығын жазып қалдырған 4, 500
б. 14221438 жж. Мəмлүк мемлекетінде билік жүргізген Сұлтан Барысбай кипрде
ұяланған Госпитальеры ордендігіне көзін тікті. Мемлекет ішіндегі ішкі саясатты бір жолға
қойып, кипрді бағындыруға тыңғылықты дайындыққа кірісті. Сонымен қатар 1423 жылы
екі мұсылман кемесін Думьятқа жақын маңда Франктардың қолына түсуі жəне Сұлтан
Барысбайдың Османлы Сұлтаны ІІ. Мұратқа жіберген сыйсияпат тасыған кемені Кипр
патшасы ІІ. Иоаннның (ЖанЯнус) тонауы, мұсылмандардың жазалау жорығына шығуына
себеп болған 1, 7б.
Барысбай 1424 пен 1425 жж. кипрге қарсы шолғыншылық жорықтарын
ұйымдастырды. Шешуші соққыны беру мақсатында 1426 Құрлық күштері
қолбасшылығына Əмір Тағрыбердіні, Əскеритеңіз күштері басына Əмір Айналды
тағайындады. 1426 жылдың маусым айында Мəмлүк Əскеритеңіз күштері Александрия
қаласынан Шығыс Жерорта теңізіне бағыт алды. Бұл жолғы жорық алдыңғы екі жорыққа
қарағанда əлдеқайда күшейтілген жəне тапсырмасы нақты болатын.
Əмір Тағрыберді Янусқа Сұлтан Барысбайдың билігін мойындауы хаһында хат
жолдады. Бірақ кипр билеушісі бұл ұсынысты қабылдамай ұрысқа дайындалды. Мəмлүк
Əскерикүштері аралға əскер түсірді. Жергілікті рыцарлар мен соғыста Мəмлүк күштері
жеңіске жетіп Лимасол қаласы толық бағындырылды. Янусты паналап үлгертпестен
мұсылман əскерлер қолға түсірді 12, 145б. Артынша Никосия бағындырылып кипр
жылдық салық төлеуге мəжбүр етілді. 1460 жылы аралдағы тақ таласы салдарынан 300
Мəмлүк əскері кипрге жөнелтілді. Кипр бұдан кейін де Мəмлүк мемлекетінің құлауына
дейін салық төлеуін жалғастырған.
Кипрдегі алғашқы шәйіттер мен Ислам ескерткіштері
Ақынның «Басқан жеріңді жəй топырақ деп өтпе, таны, ойлан сол топырақ астында
жатқан қаншама кебінсіз тəнді» деп жырлағынындай кипр, мұсылман қанының төгіліп,
жанының шəйіттік дəрежеге ұласқанын біздерге ұққызғандай. Арап тарихшылары Шейх
əлМакин мен Əбул Феданың жеткізгеніне сүйенсек кипрді алғаш Əз. Оспан дəуірінде
бағындырылғанын толықтыра түсуде. Ислам тарихының алғашқы Əскеритеңіз соғысында
шəйіт болғандар арасында ханым сахабада бар. Сондықтан бұл ғазауат соғысы Ислам
тарихының рухани тұрғысынан аса маңызды болып табылады. Ислам Əскеритеңіз
күштері теңізден құрлыққа əскер шығарып Үммү Харам Бинти Милханды түйеге (атқа)
мінгізеді. Генуэлықтар мен соғыс барысында түйе үстінде тепетеңдігін сақтай алмай құлап
шəйіт болады. Осылайша Ислам тарихының теңіз соғысында ең алғашқы шəйіт ханым
сахаба аталады. Сол жерге жерленіп, қабірінің басына мавзалей салынған.
Кипрдегі басқа да шəйіт болған сахабалар арасында Искеле ауылында басына
мавзалей тұрғызылған Тураби ата жəне бір топ сахаба Қырықтықтар, солтүстік жағалауда
орын алған Əз. Омар мавзалейлері болып табылады. Қазіргі таңда Хала Сұлтан мавзалейі
Оңтүстік Рум Кипр Республикасы территориясында қалып қойған. Солтүстікте орын алған
Əз. Омар мешіт мавзалейінің тарихы қызық. Əскеритеңіз қолбасшысы болған Омар, алты
469
жауынгерімен қазіргі Киренияның 6 шақырым шығысында орналасқан мүйісті бекініс
ретінде қолданған. Осы жерде шəйіт болған соң бастарына Əз. Омар Мавзалей
тұрғызылған. Бірақ бұл сахабаның Халиф Əз. Омар мен шатастырмауымыз керек.
Бұлардың тек аттары ғана бірдей болмаса екеуі басқабасқа адамдар.
Қорытынды
Жоғарыда да баяндап өткеніміздей кипр аралының саяси һəм рухани тарихы
соқтықпалы деп толық атауға болады жəне аралдың халқы тарихтың сан қатпарлы ешбір
дəуірінде толық тəуелсіз мемлекет ретінде көзімізге елестете алмаймыз. Сондықтан
кипрдің тек мына халыққа ғана тəн жер деп көрсетудің өзі қиынырақ. Гректердің ежелден
мекендеген өз отаны деп дауруғына жол жоқ сияқты. Себебі көрсетілген тарихи
жылдардың көпшілігінде аралдың мұсылмандарға да отан болғандығы көрініп тұр.
Тағысы осы соғыстар барысында мұсылмандардың Əскеритеңіз күштерінде қолданған
титулдар; Мысалы; «Əмірүлма» сөзі Европалықтарға «Адмирал» ретінде өткен.
Тарихи оқиғалар желісінің арқауында, байқағанымыз сөз етіліп отырылған обьектке
бір жақты баға беру əсте болмайды. Мұнда мұсылман немесе християндық тұрғыдан баға
берер болсақ өрескел бұрмалаушылыққа ұрынамыз. Себебі кипр немесе Шығыс Жерорта
теңізі геостратегиялық тұрғысынан əу бастан маңызды болғандықтан, осы аймаққа өз
билігін орнатқысы келген барша мемлекеттер кипрді уысында ұстап отыруға ұмтылған.
Кипр, баз біреулердің көрсеткеніндей соғысқа тек руханият себеп болмаған. Барлық
уақытта ұрысқа аралдың географиялық орналасуы басты нысан болғандығын айтуға
толық негіз бар. Сондықтан арал қолданқолға ауысып отырғандықтан сол жерлерде билік
құрған барша халықтардың қасиетті орталықтар бар сияқты мұсылмандардың да өздеріне
тиісті рухани орталықтары бар. Біздің соңғы сөз орнына айтарымыз кипр аралы тарихына
діни немесе халық тұрғысынан емес адами тұрғыдан əділ баға беріліп, барша азаматтарға
ортақ өмір сүретін ортаға айналуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Dinora Zhumatayeva, Kıbrıs Sorunu ve Kıbrıs Barısh Harekatı’nın SSCB Kamuoyuna
Yankıları, Basılmamış Doktora Tezi, Ankara 2013. – 454 s.
2 Emin Onuş, “Kültür ve Edebiyat Zemininde Kıbrıs’a İslami Bir Bakış”, Turkish Studies,
Volume9/6 Spring, Ankara 2014.pp. – 807 – 826.
3 Bahriye Uçok, İslam Tarihi Emeviler – Abbasiler, Sevinç Matbaası, Ankara 1968.– 208 s.
4 Nebi Bozkurt, “Bahriye”, cilt: 4, Türkiye Diyanet Vakfı İslam Araştırmaları Merkezi
Yayınları,İstanbul 1991. pp. – 495 – 501.
5 H. Fikret Alasya, Tarihte Kıbrıs,Kıbrıs Türk Kültür Derneği Genel Merkezi, Ankara 1988.–
208 s.
6 Hüseyin Algül, “Osmanlılar Devrinde Kıbrıs Seferinin Manevi Cephesi ve Ebussuud
Efendi^nin Seferlerle İlgili Fetvası”, Uludağ Ünüversitesi İlahiyet Fakültesi Dergisi, Sayı 2, Cilt
2, Bursa 1987. pp. – 37 – 42.
7 Talip Atalay, Geçmişten Günümüze Kıbrıs İdari Yapılanma Ve Din Eğitimi, Mehir Vakfı
Yayınları, Konya 2003. – 230 s.
8 СМ.Перевалов
http://vremennik.biz/sites/all/files/009_%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B5
%D0%B2%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D0%B2_0.pdf
9 Ural Gökhan, Hazreti Ömer Türbesi (Tekkesi) Kıbrıs Mektupları, Pamuk Yayıncılık ve
Matbaacılık, Girne 2004. – 48 s.
470
10 Mesut Ağır, Kürşat Solak, “Memlûk Devleti’nin Doğu Akdeniz’deki Önemli Siyasî
Faaliyetleri”,Çanakkale AraştırmalarıTürk Yıllığı Yıl: 11, Bahar 2013, Sayı: 14.pp. – 107 – 130.
11 Eşref Buharalı,“Kıbrıs’taİlk Türkler veya Kıbrıs’ın Memlük Hâkimiyetine Girişi”, Türk
DünyasıAraştırmaları, İstanbul 1995.– 95s.
12 Abdullah Mesut Ağır,“15. Yüzyılda Memlukların Doğu Akdeniz Siyaseti”, Balıkesir
ÜniversitesiSosyal Bilimler Enstitüsü Dergisi, Cilt 13, Sayı 23, Haziran 2010.
ƏОЖ 378
Ибрагимова М.Н.
1
, Нусупбаева С.А.
2
1
Оқытушы, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Алматы, Казақстан, е-mail:
ibragimova.meruert@mail.ru
2
Ағаоқытушы, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Алматы, Казақстан, е-mail:
N.Salta_82@mail.ru
ШЕТЕЛДІК ТЫҢДАУШЫЛАРҒА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДА
ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕСТЕЛЕР МЕН ТІРЕК-СЫЗБАЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Abstract. Efficient application of different methods at history lessons is examined in this
article.
Keywords: technology, innovation, tables, standschematic method.
ХХІ ғасыр озық жəне жаңа технологиялар ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда
білім жүйесінде де осы технологияларды заман талабына сай, кеңінен қолдану сапалы
білімге жетелейді. Əсіресе халықаралық деңгейдегі кредиттік жүйеге өткен жоғарғы оқу
орындарында білім алушыға инновациялық үрдісте білім берудің жаңа жолдарын ашары
сөзсіз. Ал «инновация» деген ұғымға қысқаша тоқталатын болсақ, бұл нақты қойылған
мақсатқа, ойға алынған жаңа нəтиже.
Инновация терминіне Қазақстан ғалымдары 2005 жылдары ең алғаш рет назар
аудара бастады. Инновация терминіне бірінші анықтама берген Немеребай Нұрахметов
болды. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі»
деген анықтаманы ұсынды.
Осы жылдардан бастап Қазақстан елінде əлеуметтікэкономиканың жанжақты
саласында инновация мəселесі талдана бастады.
Бұл мəселені педагогика саласында Н.А.Асанов., А.Қ.Мыңбаева, Н.Р.Юсуфбекова,
Ш.Т.Таубаева, С.Н.Лактионова, З.М.Садывақасова, Г.Д.Урастаева зерттеген.
«Инновация» деген ұғымды кейбір авторлар «жаңалық», «жаңа əдіс», «өзгеріс»,
«əдістеме», «жаңашылдық» деп атауға болатындығын атап көрсетеді[1, 133]. Демек
инновациялық технологияларды пайдалану дегеніміз тек қана жаңа əдіс ойлап табу деген
сөз емес, сонымен қатар бұрын қолданып келген əдістерге жаңаша түр беру немесе сол
əдіске өзгеріс енгізу болып табылады.
ҚазҰУдың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ерекшелігі –
мұнда шетелден келген қазақ диаспорасы өкілдері мен шетел азаматтары оқитындықтан
тарих сабағын оқытуда жаңаша əдістəсілдерді пайдалануды талап етеді. Мысалы,
шетелдік қазақ диаспорасы өкілдерінің негізгі бөлігі Қазақстан тарихынан мүлдем
бейхабар. Сонымен қатар өзіміздің Қазақстан азаматтарымен салыстырғанда олар еліміз
тарихының беттерін жаңадан ашады. Сондықтан оларға Қазақстан тарихын жеңіл əрі
471
түсінікті тілмен жəне неғұрлым көрнекі құралдарды қолдана отырып түсіндіру қажет.
Тыңдаушының есінде фактілерді, мерзімдерді, кезеңдерді бекіту тəсілдерінде слайдтар
түрінде жасалған кестелер, тірексызбалар маңызды рөл атқарады. Тыңдаушыларға тарихи
терминдерді, деректерді, кестелерді, тірексызбалар мен тақырыптарға қатысты суреттерді
проектор арқылы слайдтармен көрсету арқылы түсіндіру оқытушы мен тыңдаушының
уақытын үнемдейтіндігі белгілі. Сонымен қатар тыңдаушыға түсіну оңайға соғады жəне
ойөрісінің кеңеюіне, тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.
Мəселен ежелгі Қазақстан тарихыбойынша «Сақтар тарихы» тақырыбына тоқталатын болсақ,
мынадай төмендегідей тірексызбалар мен кестелерді қолданған өте тиімді.
1-тірек-сызба
1. Сақтардың жазба деректерде аталуы
2-тірек-сызба
2. Сақ тайпаларының қоныстануына қарай бөлінуі
3-тірек-сызба
3. Сақтардың қоғамда бөлінуі
Парсы патшаларының
тастағы сына жазбалары
Грекавторларының
шығармалары
Иран жазбалары
Онда сақтарды
«құдіретті еркектер» деп
атаған
Онда сақтарды
«азиялық скифтер» деп
атаған
Онда сақтарды
«жүйрік атты
турлар» деген
1. Шошақ бөрікті
сақтар (тиграхауда)
2. Сақпарадарайа
тайпалары
3. Сақхаумаварга
Жетісу, ТяньШань таулары,
Сырдария өзенінің ортаңғы
ағысы
Қара теңіздің солтүстігі, Арал
теңізінің бойы мен Сырдарияның
төменгі ағысы
Хаома сусынын жасаушылар.
Мұғраб аңғары
(Түркіменстан)
Орналасқан жерлері
Сақ қоғамы үш топтан тұрды:
472
Шетелдік тыңдаушыларды оқытуда біздің алдымыздағы басты міндет – пəндерді
оқытудың ең қолайлы амалтəсілдерін таңдап алу. Шетелден келген қандастарымызға
Қазақстан тарихын түсіндірудің түрлі тиімді əдістерін қолдана отырып сабақ түсіндіру
арқылы тыңдаушыны тоғыз айда кешенді тестілеуге дайындаймыз. Еліміздің тарихымен
енді ғана таныса бастаған тыңдаушыларды аз уақыт ішінде тестілеуге дайындау оңайға
соқпайтыны белгілі. Дегенмен осындай түрлі əдістерді қолдану тыңдаушының тез арада
тарихты меңгеруіне жол ашады деген сенімдеміз. Сабақ барысында кестелерді
қолданудың да маңыздылына тоқталатын болсақ, мұнда тақырып жайлы негізгі ақпар
беріледі.
1-кесте.
Сақтардың саяси тарихы бойынша хронологиялық кесте
Уақыты
Оқиға
Салдары
Б.з.б. 530
жылы
сақтар жеріне парсы
əскерлерінің басшысы
Кир басып кіреді
Бұл кезде сақтардың билеушісі патшайым
Томирис( б.з.б. 570520 жж.) болды. Оның
баласы Спаргапис анасына айтпай, Кир əскеріне
бірінші болып соққы бермекші болады. Алайда
Кирдің
арбауына
түсіп
қалып
тəжірибесіздігінен қаза табады. Оны естіген
Томирис ашуға булығып Кирге қарсы өзі
шығып, парсы əскерлерін жеңеді. Кирдің басын
шауып, қан толы торсыққа салады
б.з.б. 519
518
жылдары
парсылардың патшасы
Дарий Іқайта шабуыл
жасайды
Дарий І Скунха атты көсем бастаған сақ
əскерлерін жеңіп, Сырдариядан бері өтеді.
Сонда олардың алдынан сақтардың Шырақ
есімді малшысы шығып, оларды алдап,
адастырып, сусыз шөлге алып барады. Дарий
көптеген əскерінен айырылып, Персияға кетуге
мəжбүр болады
Б.з.б. 490
жылы
Марафон шайқасында
парсылар мен сақтар
бірігіп, гректерге қарсы
соғысады
Парсылар мен сақтар одағы бұл шайқаста
жеңіледі
Абыздар
Жауынгерлер
Малшылар мен егіншілер
ақ түсті киім киді
қызыл жəне сары
қызыл киім киді
Сары мен көк түсті
киім киген
ерекше баскиім киді,
қолында тостағаны
болды
үндіиран тілінде
«арбада тұрғандар»
деп аталған
парсы деректерінде
«сегіз аяқтылар» деп
аталған
473
Б.з.б.
4
ғасырда
Александр
Македонскийбастаған
грек əскерлері Орта
Азияға басып кіріп,
Сырдария өңіріне қарай
аттанады
Оларға қарсы Спитаменатты сақ жауынгері үш
жыл партизандық соғыс жүргізеді. Соңында
гректер артқа қайтуға мəжбүр болады. Сақтарға
жасалған осы жорығында Македонский
Сырдария бойына Александрия Эсхата (Шеткі
Александрия)деген қала салғызады
Достарыңызбен бөлісу: |