Алимжанова А.Ш.
Филос.ғ.к., профессор, Т.Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясы,
Алматы, Қазақстан, e-mail:
asha.001@mail.ru
БАТЫСТАНДЫРУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ӘЛЕМІ
Abstract. This report deals with ethnoculture of Turk people in the context of dialogue
between the Eart and the West. The comparavistic analysis of response of different ethnocultures
to westernization is given and the idea of careful atlitute to cultural heritage is indelined as basic
trait of maturity of the national idea. Critical analysic of negative trends related to cultural
luritage of Turk people is given.
Key words: Westernization, East and West, culture, civilization
Рəмізі белсенді фауыстық адам болған, Батыс өз эспансиясын, артта қалған
халықтарды отарлау саясатынан басқа, сол кезде əрекет етіп тұрған шығысазиялық
(Жапония, Қытай ), оңтүстіказиялық (Үндістан) жəне жетекші елі Осман империясы
болған исламдық жəне православиялық (Ресей) өркениеттерінде үстемдік жүргізуге
бағыттады. Тек қана ХХ ғасырда Батыспен қатар əлемдік мəселелерді шешуге қатысқан
КСРО, Қытай, Үндістан, ислам елдері тарихи сахнаға шықты. Бекерденбекер С.
Хантингтон қазіргі сегіз суперөркениеттер туралы айтып тұрған жоқ. Əлем көпқырлы,
көпжақты бола бастады. Бірақ осы кезден вестернизацияның қарқыны бəсеңсіді деп айту
да қиын. Кеңес Одағы тарқап кеткеннен кейін батыстандыруды жүзеге асырушыға АҚШ
айналды жəне ол жаһандану үрдістері кеңмəтінінде болып жатты.
Вестернизация процесіне батыстық емес өркениеттердің берген жауаптарын А.
Тойнби өзінің атақты «Тарихты түсіну» еңбегінде феноменологиялық тұрғыдан
қарастырады. Ең алдымен А. Тойнби ілімі бойынша өркениеттер қарымқатынасында
сыртқы пролетериаттың (əсер етуі көрші халықтардың) рөлі өркениет динамикасының əр
кезеңінде əр түрлі болады. Сонымен қатар дүниежүзілік діндер экспансиясын да ескеру
керек. «Қашан, дейді А. Тойнби, екі немесе одан да көп өркениеттер бірбіріне əсер
еткенде, олардың қуаттылығы əр түрлі болып келеді. Агрессияшыл өркениет экспансия
объектісінің өзіне тең емес екендігін сезінеді» [1, 587 б.]. Батыс өркениеті өзінің басқа
мəдениеттерге қарсы бағытталған қиратушы əрекетін туземдіктерді (бір мағынасында
«нағыз адам емес») мəдениет пен өркениетке жеткіземіз дегенді желеу етеді.
Жапонияның вестернизацияға берген жауабы өнеге тұтарлық. ХҮІ ғ. басында,
қашан Шығыс Азияда алғашқы батыс кемелері келе бастағанда, жапондық билеушілір
436
еуропалықтардың отаршыл пиғылын аңғарып, батыстық ықпалдың алдына тосқауыл қоя
білді. 1587 жылғы заң бойынша, Жапония аумағында христиандық миссионерлік əрекетке
тыйым салынды, португалдықтарға Жапонияда қалуына, ал жапондықтардың еуропалық
елдерге шығуына рұхсат берілмеді. Кейін Токугава режимі, медицинадан басқа,
голландықтар жүргізген барлық ғылыми зерттеулерді шектеді. Батыстың технологиялық
басымдылығы қаншама тартымды болғанымен, жапондықтардың көз алдында Батыстың
мұсылман жəне православтық əлемді жаулап алуы мысал болып тұрды. Бірақ Токугава
режимі 1853 жылғы революциядан кейін құлағаннан соң, жаңа жапондық элита
вестернизацияға жол ашты, оның мұндағы мақсаты Батысқа мойынсұну емес, ал батыстық
технологиямен қаруланып, əлемде үстемдік жүргізу болды. 1868 жылғы реформалар да
215 жылғы тұйық дамудың шектілігін аңғарудан да туындады [1, 594 б.].
Егер Жапонияда вестернизация төменнен жоғары қарай бағытталса, онда Қытайда
бұл процесс 1839 жылы «апиын соғыстарынан» кейін, билеуші топтың белсенділігімен
басталды. ХІХ ғ. аяғынан бастап, Қытайдағы секулярлық қозғалыс батыс протестанттық
миссиялардың ықпалымен жүрді. Гоминьданның негізін қалаушы Сунь Ятсен
протестанттық священниктің баласы болды, оның əйелі де протестанттың отбасынан
шықты. Бірақ Жапония вестернизациядан əскери артықшылықтарға жеткізген құрал тапса,
Қытайдағы мəнісінде Батысқа қарсы бағытталған коммунистік қозғалыс оның
технологиялық жедел дамуына кедергі болды. Өйткені ХХ ғасырдағы коммунистік
қозғалыстың орталығы батыстанып үлгермеген Ресей болды. Қытайдағы
вестернизацияның жаңа тарихы Дэн Сяопин реформаларынан басталды.
Енді қазақ мəдениетімен тағдырлас Түркияда жүргізілген батыстандыру процесінің
кейбір ерекшеліктеріне тоқтайық. Православтықхристиандық өркениеттің біршама
бөлігін өзіне бағындырғанымен, Батыспен текетіресте османдықтар қауқарсыз болып
шықты. Осман империясы əскері 1683 жылы Вена түбінде жеңілгеннен кейін, дейді А.
Тойнби, əлемде Батысқа қарсы тұра алатын күш қалмағандай болды [1, 561 б.]. Венаны
қоршаудан соң қорғанысқа көшкен, түріктер өз жауы Батыс Еуропадан қару сұрауға
мəжбүр болды жəне батыстық кейбір құндылықтарға жол ашты.
Мемлекеттік қызметке енді грек ұлтының өкілдері алына бастады, оларды Батыспен
дипломатиялық қарымқатынасқа дайындады, бірақ қаншама олар оттомандық тəрбие
алғанымен, ойларының түбінде өз Отанының азаттығы тұрды. Осман армиясы еуропалық
үлгіде қайта құрыла бастады, бұл міндетті түрде Батыспен танысқан офицерлердің
арасында реформалық қозғалыс тудырды. Танзимат пен жас түрікшілдер қозғалысы
дəстүрлі османдық қоғамды шайқалтып жіберді.
АбдулХамид сұлтан ұсынған, османдық əскери машинаны аздап батыстандыру
бағдарламасы өзін ақтамады, ол тасқын бөгенін ашқандай болды. Батыстандыру толқыны
артынан бүкіл Оттоман империясын либералды ойлы əскери офицермен тасқындатып
жіберді.
Бұл істі қисынына дейін жеткізген Кемал Ататүрік қазір Түркияны өркениетті елдер
қатарына қосты. Осыдан мынадай бір қорытынды шығаруға болады: батыстандыру тек
қоғамның бір саласын ғана қамтымай, оны тұтас өзгертуді өзіне мақсат етіп қояды.
Технологиялық басымдылық оның құндылықтарын дамушы елдерге күшпен тануға
мүмкіндік береді. Себебі дамушы елдердің элитасы мен мамандары батыс
технологиясымен бірге батыстық ойлау тəсілін де қабылдайды.
Дін мен саясат мұсылман елдерінде тығыз қабаттасып кеткен. Кемал Ататүрік бұл
мəселеде де көрегендік танытты. Мұсылмандық мемлекеттің басшысы болып, оларға
437
ислам бөлініп кеткен, бір үлкен сектаның басшысы халиф немесе сол халифтен өкілеттілік
алған, жиі ретте басқаруда тиесілі орнын алады. Алайда, өткен ғасырларда бұл
инвеститураның көбінесе тек формальды болғанын, жəне де, қашан халиф күшінен
айырылғанда, ол өзінен мықтыларға қарсы келмегенін де, атап өткен дұрыс, бірақ
Бағдадтық Аббасидтердің құлдырауынан Ұлы Осман империясының пайда болуына
дейінгі дейінгі кезеңде, мұсылмандық елдерде кез келген үлкен революцияға жəне жаңа
мұсылман мемлекеттің құрылуына бар жерде дерлік жаңа діни схизма жолбасшы болады
жəне оны заңдандырды.
Түркиядағы “Танзимат” жəне Ресейдегі миллəтшілдік пен жəдидшілдік идеялары
ықпалымен дамыған діниреформистік ағым исламға түбегейлі өзгерістер енгізді жəне ол
кейін Кемал Ататүрік реформаларында іске асты. Жəдидшілдік атауын қазақ тіліне
“жаңару, елдікті сақтау үшін жаңа бағытты ұстау” деп аударуға болады.
Бұл бағыт түркі топырағында жаңа мағынадағы «мұсылманшыл адамды»
қалыптастыруға ұмтылды. Кемал Ататүрік реформаларының ықпалымен Қазақстанда да
“Түрікшілдік бағыт” (М. Шоқай, М. Жұмабаев, Т. Рысқұлов, М. Ходжаев т.т.)
қалыптасты. Бұл бағыттың өкілдері түркілік өркениет тұтастығы контекстінде қазақ
адамын қалыптастыруға шақырды. Бұл типтің басты ерекшеліктеріне тарихи сананы
түркілік тұтастық идеясы негізінде жаңғырту, тəңіршілдік, Батыс пен Шығыстан даралану,
қазақ халқы түріктің қара шаңырағының иегері деп мойындау, т.т. жатады.
Алайда бұрынғы Кеңес Одағында түркі халықтары Түркиядағы сияқты Ататүрік
жолына түсуге мүмкіндіктері болмады. Социалистік қоғамдағы трансформациялар
негіздері мен батыстандыру деңгейі Қазақстанда түгіл Ресейдің өзінде жеткіліксіз
қарастырылған. Көпшілік еңбектер капиталистік қоғам жəне социалистік жүйелердегі
жатсыну мəселесіне жəне коллектившілдік принципін қайта қарауға арналған. Қазақстан
философтарының едəуірі социалистік қоғамдағы əлеуметтік мəдениетті бұрынғы маркстік
методология тұрғысынан сынаумен шектеледі.
Сол себепті қазақтың Кеңес Одағы кезіндегі батыстандыру формалары мен
төлтумалықтың арақатынасын тікелей қарастырудан бұрын тоталитарлық қоғамның
əлеуметтену негіздеріне қысқаша тоқталып өтейік. Біріншіден, адамзат тарихындағы
барлық қоғамдарды қауымдасу негіздері бойынша екі түрге (ынтымақтастықтың келісімді
тəртібі жəне күш көрсетуге сүйенетін тəртіп) бөлуге болады. Егер біріншісін –
тұлғаорталықтық қоғам десек, екіншісі – жүйеорталықтық əлеуметтік құрылымға жатады.
екіншісіне жасандылық тəн, сондықтан оны “құрылыс” (үлгі бойынша жасалған) деп
атайды. Осы жүйеорталықтық əлеуметтік қауымдасудың қисынды шегіне жеткен түрін
тоталитаризм деп атайды. Фашистік тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаушылардың
бірі Б. Муссолини оған мынадай сипаттама береді: “Бəрі мемлекет үшін, мемлекеттен өзге
жəне қарсы ештеңе болмауы керек”. Тталитаризмнің Ресей большевиктері жүзеге асырған
сталинистік партиямемлекет үлгісі жеке адам түгіл бүкіл қоғамнан жатсынған жəне
қоғамды басып тастаған. Осы қайшылықтарды көре білген Кемал Ататүрік Кеңес Одағы
тарап кетеді деген батыл болжам жасады жəне оның іске асқанына бəріміз куəгерміз.
"Еуропашылдық" белгілі мөлшерде ұзақ уақыт бойы мақтан, жетістік болды. Ол
кездегі ұлт интеллигенциясының ішінен тым батысшыл болып, материализм,
марксизмдерді де қостап кеткендері кездесіп отырды, əсіресе дінге, төл дəстүрге
байланысты үстірт пікір айту да орын алды. Оның сол кездегі арғыдан келе жатқан
потенциалы, шын мағынасын ажырату керек еді. Жалпы, сол кездегі ұлт элитасы
еуропалықтардың өздеріне ұқсап кетіп, экстраверттік мінез танытып (яғни, мына дүние
438
мəселелеріне беріліп), саясатшыл, ұлтшыл болды. Ұлтшылдық идеологиясы Еуропа
мəдениетінен туындап, ХІХ ғасыр, капитализм индустриалдық қоғамның айнымас бір
сипаты еді. Шығыс таза, дүния ұлтшылдықты бұдан бұрын білмеген, себебі, дін,
конфессионалдық санасезім, империялық конфессионалдық сана оны тепетеңдікте ұстап
отырған. Жалпы сол кездегі зиялылар төл руханияттан кейде ауытқып кетіп отырған.
Одан түбегейлі қол үзу кеңес дəстүрінде марксизм арқылы болды. Əрине, бұл да заман
талабы еді. Дəуір ерекшелігі осы сатыдан да (рационализм, саудаөнеркəсіпті игеру,
əлеуметтік, мемлекеттік қайта құрылу, т.б.) өту керек еді. Қазаққа тəжірибе жинап, қалай
болғанда да бұл жол жалпыадамзаттық құндылықтарға үйретті. Бұрынғы жыраулар
Абайдың "Бүкіл адамзатты сүй" дегенін, Шəкəрімнің барлық діндердің түбі бір ақиқат
деген теориялық тұжырымын айта алған жоқ.
Көптеген батыс ойшылдары əлемнің тұтастануын Батыс қоғамының жеңісі ретінде
қабылдайды. Мысалы, заманымыздың белгілі ойшылы К. Поппер еркін демократияның
елдері, Батыстың ашық қоғамы жеңді дейді. Тоталитарлық қоғамдар бар болғанын
ешқашан, ешкімнен жасырмаған, орасан зор ішкі күштердің əсерінен құлады. Алдымен
өзінің қалдықтарының астына біріңғай Кеңес империясының темір жұдырыған көміп, өте
топтасқан жəне мызғымастай болған шығыс еуропалық диктатура жойылды [2, 527 б.].
Өздерін "ізгі еуропалықтармыз" деп есептейтіндер, Ф. Ницше айтқандай, ұлттық
толқулардың, патриоттық зарығудың жəне кезкелген басқа да сезімнің оғаш асып
толықсуының сəттерінде қалады. «Қазір еуропалықтың айрықша белгісін одан іздейтінді,
біз "өркениет" немесе "адамдану" немесе "прогресс" деп атайық; осыны жай ғана,
жамандамайақ жəне мақтамайақ, саяси формуланың көмегімен Еуропаның
демократиялық қозғалысы деп атайық: ол барған сайын қозғалысқа енетін, орасан зор
философиялық үдеріс жүзеге асатындығын, осындай формулалар оларға көрсететін,
барлық моральдық жəне саяси маңдайшалардың артында олар ғасырлар бойы өз
хаттарын жан мен тəнде сызатын, кезкелген белгілі бір ортадан олардың өсімтал
тəуелсіздігімен, климаттық жəне сословиелік байланысты нəсілдерді оларда
құрастыратын, сол жағдайлардан барған сайын өсімтал азаттық алуынан шығатын,
еуропалықтардың арасындағы ұқсастықтың арта түсу үдерісі, мəнісінде ұлттылықтан
тыс, адамның көшпелілік түрі, физиологиялық тұрғыдан айтқанда, типтік ерекшелейтін
белгі ретінде өнер мен бейімделу күшінің ең жоғарысына ие болып, ол біртіндеп
көтерілуде" [3, 112 б.].
Еуроцентристік масаттану, дейді Ф. Ницше, рессентимент құбылысын тудырады.
Атап айтқанда ressentіment рухының өзінен аморальдылықтың жаңалы түрлері (жек
көрудің, көре алмаушылықтың, қаскөйліктің, күдікшіліктің, кекшілдіктің пайдасына)
артып келеді. Əділеттілік қайда қолданылатын, қайда сақталып тұратын, барлық жерде,
күштілеу биліктің өш алу сезімінің (ressentіment) төмен тұрғандардың, əлсіздердің
арасында (бұл топтар немесе жеке тұлғалар бола ма) мағынасыз зəрін шашып тұрғанын
тоқтатуға құралдар іздестіретіндігі байқалады [3, 79 б.].
Түрік халықтарының арасынан алға шыққан Кемал Ататүрік сияқты тұлғалар
ассимиляцияға, отаршылдыққа қарсы шықты, өз ұлтының мəдениетін, ділін, тілін қорғап
(соны дəлелдеп, дүниеге паш етіп, танытып) күреске шықты. Алайда олар осы тарихи
мəдени қақтығыста өзінөзі тану үшін, өз мінін біліп, арын оятып, ұлтты түзету үшін
пайдаланды. Мəдениеттануда өркениеттер бірбірін "жекпежекке" шақырады деген
көзқарас бар. Ескіні жоқтап, замана талабына сай ісқимыл жасамай, өзгеден үйренуге
талпынбай, құр ұлттық "менін" (яғни ұлттық нəпсісін) дəріптей беру – ол мəденирухани
439
тоқырауға, "жекпежектен" қашып, өз үңгіріне барып тығылу, тарихи тағдырын өз қолына
алып жігерленбеген; өзінөзі “қамшылап” дамытпаған ұлттың болашағы жоқ.
Ұлттық мəдениеттің трансформацияға ұшырау кезеңінде дара тұлғалардың ролі
(көсемдер, данышпандар) күрт өседі. Олар əуелі өз менталитетін жетілдіріп, сосын
халыққа үндеу салады. Алайда, əдетте консервативтік топтар оларға қарсы да шығып
жатады. Халық (тобыр) жаңа өмір салтын жақтаған адамдарға кейде күдікпен қарайды.
Мəселе – осындай шешуші арпалыс кезеңде халық өзіне шын жол көрсететін тұлғаларды
тани білуінде, қастерлеуінде, соларға құлақ асуында. Сонда ұлт өтпелі кезеңнен сүрінбей
өтіп, мұратына жетпек.
Бірақ ХХ ғасырдың ішінде БатысШығыс қарымқатынасында үлкен өзгерістер
болды, Батыстың өзі күрделі эволюция үстінде еді. Батыс Шығыс руханиятының
даналығын тани бастады, ғалымдары буддизм, үнді философиясын зерттеп, Батыс
суфизмді өзіне "ашты". Өз философиясын байытты. Жоғарыда айтылған К. Юнг, т.б.
дүниеге көзқарас батыс рационализмінен терең болу керек екенін мойындады жəне
материализм, дінсіздік, техноцизмді, беймəдени "демократиялық" болмыстың ("көпшілік
мəдениеті") зиянын өздері өздеріне əшкереледі. Əрине, ойшылдардың Бұл тұжырымдары
нақты саясатқа əзірге шейін үлкен əсер ете алмай отыр. Дінді, этиканы мойындау, əлемдік
интеграцияны рухани жағынан толықтырып, шынайы "жүректер интеграциясына"
айналдыру, əр бір ұлттық қайталанбас келбетін сыйлау, "жанын" түсінуге тырысу, сол
арқылы шынайы бауырмалдыққа жету – міне Батыс пен Шығыс ойшылдарының, жалпы
прогрессивтік ниеттегі адамдардың келген қорытындысы. Қандай халық болмасын, жалпы
бүкіл адамзат ендігі жерде этикаға, руханиятқа бет бұрмаса, адамды түземесе – жер бетіне
үлкен қасірет жақын екені енді анық сезіледі.
Осының барлығын ескере отырып біз мынаны айтуымыз керек: "американдану",
"еуропалану" да біздің жол емес, ескішіл, фанатик болып, қайтып келмес көшпенділікті
аңсау да орынсыз. Біз екі бұрынғы рухани элитаның екі буынының да тəжірибесін,
тəсілдерін ұштастырып қолдануымыз қажет. Тура ХІХ ғасырдың рационалист
ағартушылары сияқты ойлауымыз жөнсіз. Олардан гөрі біз дəстүршілміз, руханилығымыз,
мұсылмандығымыз, шығыстығымыз олардан күшті. Жаппай вестеризация, рухани азу
ықпалы күрт өскен жағдайда (өкінішке орай, бізде Батыстың биік мəдениетін,
философиясын емес, азғындық жағын насихаттау басым), оған төтеп беру үшін руханият,
өз дəстүріміз бізге қорған. Сөйтіп қана ұлтты дағдарыстан алып шыға алады зиялылары,
басшылары.
Ендеше, ХХІ ғ. ұлттық мəдени трансформация кері жылжу емес, біреуді қайталау да
емес, жаңа жағдайда творчестволық ізденіс (мүмкін техногендік батыс Өркениетіне
альтернатива ретінде рухани сипаттағы "еуразиялық" Өркениет құру идеясы – егерде оны
біз дұрыс түсіндіріп, айқындай алсақ) біздің бүкіл аймақтық мəдени, əлеумет, саяси
трансформация процестеріне үлкен өзгеріс, ілгері басу, гүлдену əкелер.
Рухани кеңістікті құрайтын элементтер көп. Солардың ішіндегі оның мəнін терең де
ауқымды анықтайтындар бұл ұлттық философия мен əдебиет; мəдениет пен оның түрлері,
рухани қазынанның басқа да елементтері осы екі үлкен тұғырлардың айналасында өрбиді,
дамып отырады. Олардың даму деңгейі, қоғамдық өмірге тигізетін əсері жəне қоғамдық
сананы белгілеудегі алатын орны ерекше. Дамыған елдердің тəжірибесі осы ойды
айғақтап отыр, оған көптеген мысалдар келтіруге болады.
Қазір Батыс елдері үлкен дағдарыста, деп мойындайды кейбір батыс ойшылдары.
"Қазіргі кезде бала туу деңгейі ең аз жиырма ұлттың он сегізі – еуропалықтар.
440
Еуропадағы бала туудың орташа деңгейі соңғы кездері 1,4 адамға дейін түсіп кетті. Ал
халықтың тым болмаса, қазіргі санын сақтап қалу үшін, бұл деңгейдің шамасы 2,1 болу
керек. Нəтижесінде Еуропа құруға қарқынды түрде бет алып, еуропалықтар «жоғала
бастаған түрге» айналып барады. Бұл турасындағы болжамдар да өте көңілсіз. 2000 жыл
мен 2050 жылдар аралығында жер бетіндегі халықтың саны 3,5 миллиардқа өсетін
көрінеді. Алайда бұл өсім тек Азия, Африка жəне Латын Америкасы елдерінің есебінен
болады. Осы жүзжылдықта Құдай көрген бейнеті мен қиындығының өтеуіне
қытайлықтарға, мұсылмандар мен латынамерикалықтарға қарасатын шығар. Сонымен
қатар əлемнің билеушісі болу мүмкіндігі де осы халықтарға туып тұрған секілді. Ал 100
миллион еуропалық жер бетінен өзіненөзі жоғалып кетеді. 1960 жылы еуропалық
нəсілділер əлем халқының ширегін құраса, 2000 жылы алтыдан бірін, ал 2050 жылдарға
таман бұлар бар болғаны оннан бірін құрайды. Батыс кеміп барады. Өйткені, Батыстың
халқы өздерін көбейтуді тоқтатып, шапшаң азайып барады. Дəл осы секілді көрініс
Құрама Штаттардан да байқалады. Бұған қоса, 1969 жылы Ричард Никсон президенттік
ант қабылдағанда, Құрама Штаттарда 9 миллион иммигрант болған. Ал кіші Буш таққа
отырған уақыт ішінде мұндай америкалықтардың саны 30 миллионға артқан [4].
Кесімділік пен аяқталғандыққа шешім шығармайақ, қазіргі «вестернизацияның»
мынадай қиындықтарын атап өтейік:
руханилық пен материалдықтың арасындағы ажыратылу;
эскапистік жəне дүниетанымдық ұстанымдардың араласып кетуі;
нонконформизм, конформизм мен девианттық қылықтың өрістеуі;
рационалдықты шектеу, тылсым сана қабаттарымен манипуляциялар жүргізу,
жалғыздық, үрей, шарасыздық сенімдерінің өрістеуі;
стандартты қарапайымдалған тіршілік ету баламаларын жасанды ұсыну.
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Тойнби А. Постижение истории. – М.: Политиздат, 1990. – 731 с.
2 Поппер К. Ашық қоғам жəне оның жаулары. – Алматы: Раритет, 2005. 544 б.
3 Ницше Ф. Жақсылық пен жамандықтың арғы жағынан // Сочинения. – Минск: Беларусь,
1992. – 335 б.
4 Бюкенен П. Дж. Батыстың ажалы //Жас қазақ. – 2006. № 30. 4 тамыз.
441
ƏОЖ 37.013
Алгожаева Н.С.
1
, Ертисова С.Б.
2
, АубекероваМ.Б.
3
1
п.ғ.к., доцент əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Казақстан
e-mail:
nalgozhaeva@mail.ru
,
2
педагогика жəне психология магистрі, оқытушы əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті, Алматы, Казақстан, e-mail:
saltalek@mail.ru
,
3
əлеуметтік жұмыс мамандығының магистранты əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті, Алматы, Казақстан, e-mail:
samik_09@mail.ru
ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУЛАР-БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ
БІРІ
Abstract. In the given article the authors dwell on the issue of wide range of social
disorders, nowadays occurring in society. They study and give explanations to the terms such as
“social disorder”, “deviant behavior”. By analyzing the numerous studies of domestic and
foreign scientists, revealing main causes and effects, the authors offer their own solutions to the
issue.
Key words: society, social disorders, deviant behavior, psychic, and social deprivation.
Жалпы алғанда ауытқушылық, даму, əрекет барысында белгілі бір норма,
ережелерді бұзу салдарынан туындайтын əрекеттер жиынтығы.
Д.Уолш: «əлеуметтік ауытқушылық бұл көп деңгейде жазылып берілген дəреже,
яғни бұл объективті көрініс емес, тек субъективті белгі» [1], – деп көрсетті. Дж.Смелзер
девиантты мінезқұлықты изоляцияға, емделуге, абақтыға қамалуына жəне басқада құқық
бұзудың жазалауларына əкелетін топтық нормадан ауытқу деп санады [2]. Ал,
В.И.Добреньков жəне А.Н.Кравченко «қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын əрбір
жағымсыз мінезқұлық» [3] , – дейді.
Айта кететін жайт, шетел əлеуметтанушыларының қолданысы бойынша девиантты
деп қоғамда қабылданған болмашы нəрседен бастап, күрделіге жеткізетін əлеуметтік
нормаларды бұзу жатқызылады. Тар мағынада алатын болсақ, қылмыстық кодекске
əкелмейтін болмашы іс əрекеттер.
Девиантты мінезқұлық деп əлеуметтік нормадан ауытқу, оны қоғамда қабылданған
нормаға қарамақайшы əрекет жүйесі ретінде түсінуге болады. Психикалық əрекетіне
өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінезқұлық формасы болып
табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық процестерге əсер етеді.
Девиантты мінезқұлық əртүрлі формада көрінгеніне қарамастан, олардың
барлығы бірбірімен тығыз байланысты. Ішімдік ішу, есірткі қолдану, агрессивті мінез
құлық тағы басқалар бір тұтастықты көрсетеді. Жасөспірімдердің девиантты мінез
құлқының біреуін қолдануы оның басқа заттарды қолдануға деген мүмкіндіктерін
жоғарылата түседі.
Қандайда бір ісəрекеттің бағалануы оны қандайда бір нормамен салыстыру іске
асады. Девиантты мінез –құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мəдениеттік
немесе жалпы қабылданған нормадан ауытқу əрекетінің жүйесі.
Девиантты мінезқұлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық
денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір əлеуметтікмəдени
442
нормаларды, əсіресе, құқықтық норманы бұзатын антиəлеуметтік ісəрекет, дейді
М.Кле[4].
Девиантты мінезқұлық ұғымы шетел əлеуметтанушыларындағы Э.Дюркгеймнің
əлеуметтік ұйымдастыра алмаушылық теориясының дамуымен кең етек алды, онда ол
девиантты мінезқұлықты жалпы қоғамда қабылданған нормалармен келіспейтін
мінезқұлық, деп түсіндіреді.
Девиантты мінезқұлық категориясының мазмұнын үш аспектіге бөліп
қарастыруға болады: біріншіден, кең мағынада девиантты мінезқұлық деп əрбір ауытқу –
соның ішінде нормадан прогрессивті ауытқу да жатады. Екіншіден, дəстүр бойынша
мінезқұлықты əлеуметтік ашудың көрінісі ретінде жанама ісəрекет түсініледі.
Үшіншіден, тар мағынада, девиантты мінезқұлықты құқықтық жазалауға əкелмейтін іс
əрекет деп түсіндіреді.
Баланың тұлға ретінде қалыптасуына өмірінде «Атаана – бала» қатынас жүйесіне
түспеуі əсер етеді. Мінезінде қырсықтық, бірбеткейлік сияқты қасиеттер ерте көріне
бастайды. Бұл əртүрлі «депривация» ретінде сипатталады.
Ағылшын психологы Р.Бернс «ана депривациясы» мəселесін талдай келе: жеке
адамның тұйық, сезімсіз агрессивті Мен – тұжырымдамасының жағымсыз дамуы баланың
атаанаға немесе ата ана рөліндегі адамға бауыр басуын қалыптастырудағы
сəтсіздіктерден пайда болады (интернатты бітіргенннен кейін қайда барамын? не
істеймін? т.б. мазасыз ойлар), содан кейін ол жағымсыз «Мен» тұжырымдамасының
негізін жасайды.
Бұл өз кезегінде адамдармен қарым қатынастағы шиеленістің пайда болуына
жəне индивидтің толық қабылдауына дейін апарады. Эриксонның көзқарасы бойынша,
балада мұндай жағдайда қоршаған ортаға деген негізгі сезім қалыптаспайды.
Ал, ағылшын зерттеушісі Л.Ярроу балалар үйінде тəрбиеленушілердің даму
жағдайының 4 түрін анықтайды.
1. Аналық депривация – баланың биологиялық жағынан анасымен байланыстың
жоқтығы.
2. Сенсорлық депривация – балада əсерлердің əртүрлілігі жəне қабылдау
айқындығының кенеттен төмендеуі; Депривацияның осы түрінің айқын көрінісі балалар
үйінде тəрбиеленетін балаларда ерекше байқалады. Депривацияның келесі бұл түрі
заттық ортаның болмауы жəне сезім мүшелерінің қоздырғыштарының жетіспеуі.
3. Әлеуметтік депривация – баланың басқа адамдармен қарымқатынасының
азаюы.
4. Эмоциялық депривация-қоршаған ортамен қарымқатынаста эмоцияның əлсіз
көрінуі[5].
Жасөспірім барлық уақытын жалғыздықта өткізеді, тіпті, кейде басқалардан
бөлектеніп тамақ ішеді, аянышты əуенді тыңдау арқылы ойға шомып, қиялға беріледі.
Ішкі жан дүниесінің мазасыздығына күйзеліп, олардың орнын бір нəрсемен толтырғысы
келеді. Осыған байланысты олардың қарымқатынасқа қажеттілігі ұлғаяды. Өздерінің
көңілкүйлерін, бос уақыттарын «еш нəрсесі жоқтық, оқшаулану, зерігу», деп жазады.
Олар назардан тыс қалған кезде, өз күштеріне сенімсіздігін сезінген уақытта өздерін
жалғызбын деп есептейді, ешкімге сенбей қоршаған ортадан жақсы нəрсе күтпейді жəне
де олардың достық қатынастарын тəртіпке келтіру қиын, себебі жабырқаңқылық
сезімдерді, үрейлерді байқауға бейім келеді.
443
Мұндай ұзаққа созылған жағымсыз эмоциялық күй, жалғыздық олардың жүйкелік,
психикалық бұзылуларға, органикалық ауруларға (гипертония, асқазан жарасы т.б.)
əкеледі. Тұлғалық бұзылулар ең алдымен, жасөспірімдерде ауру синдромдарын жəне
қорқыныштарын тудырады, осылайша олар ерте психикалық жарақат алуына əкеп
соқтырады.
Сонымен депривация – психология мен медицинада кең қолданылатын ұғым. Бұл
ұғым ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан, қазақша мағынасы: өмірлік
қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі немесе жойылуы.
Бала толыққанды дамуы үшін ең алдымен махаббатқа деген қажеттілігі
қанағаттандырылуы қажет. Кейбіреулер оны туылғаннан бастап пайда болатын қажеттілік
десе, енді басқалары өмір сүру барысында қалыптасатын қажеттілік деп есептейді.
Осы қажеттіліктің қанағаттандырылмауы тұлға дамуының бұзылысына жəне
эмоциялық депривацияның пайда болуына əкеп соғады. Депривация сонымен қатар тек
жетім балалар үйінде тəрбиеленетін балаларда ғана емес, отбасында тəрбиеленіп жатқан
балаларда да байқалады. Отбасында анасы болмаған немесе баласына қажетті эмоциялық
көңіл бөлмеген жағдайда аналық депривация туындайды. Психикалық депривация,
депривациялық жағдайда туындайтын ерекше психикалық күймен сипатталады. Аталған
психикалық жағдай мінезқұлықтың өзгеруінен байқалады. Депривация механизмі
баланың сыртқы орта адамдарымен қарымқатынасының шектелуімен, баланың негізгі
психикалық қажеттіліктерінің жеткіліксіз қанағаттандырылуымен байланысты. Сонымен,
психикалық депривация өмірлік жағдай нəтижесінде туындайтын нақты психикалық
көңіл күй. Мұндай жағдай баланың негізгі қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға
қолайлы мүмкіндіктері болмаған кезде туындайды.
Қоғамдағы жат қылықтардың көптеп тарауы өкінішке орай, балалық жəне
жасөспірімдік кезеңненақ басталады. Мұны əлеуметтанушылардың, дəрігерлердің,
педагогтардың зерттеулері дəлелдеп отыр.
Жасөспірімдер мен жастардың жат қылықтарға əуестенуінің негізгі себебі:
білімінің төмендігі, мəдениет деңгейінің жеткіліксіздігі, ең бастысы, қызығушылықтың
шектеулілігі, қоғамдық пайдалы іске деген ниеттің жоқ болуы.
Ішімдікке салынуының басты себебі – тəрбиенің дұрыс болмауы, балалар мен
жастардың бос уақытын қалай өткізетініне атааналар тарапынан бақылаудың жоқтығы ,
ортаның қолайсыздығы деп те айтуға болады.
В.М.Мясичев, Н.А.Коновалов девиантты мінезқұлықты жасөспірімдердің пайда
болу себептерін үш топқа бөлген:
1. Əлеуметтікпедагогикалық жағдайлар мен қоғамға орталары ұйытқы болған;
2. Жүйке психикалық жайкүйлерінің нашарлауынан туындаған ;
3. Заңға бағынбаған қылмыскер, қатігез, жауапсыз, қаңғыбас балалардың ықпалы
əсер еткен .
Л.В.Занков, М.С.Певзнер, В.Ф.Шмидт баланы девиантты мінезқұлықты
жасөспірімдердің қатарына қосатын: отбасы, мектеп жəне көше жолдастары, яғни
қоршаған ортасы болса, дұрыс жолға түсіретін мүмкіндіктер: оның алдын алу, оқутəрбие
жағдайында қоғамдық жұмыстарға тарту, оңды қасиеттерін сұрыптап алып, соның
негізінде өзіндік сенімін арттырып, өзінөзі тəрбиелеуге тарту немесе қылмыстық
əрекеттер дəрежесіне орай арнаулы тəрбие мекемелеріне бөлуді жатқызған .
Қазіргі кездегі саны күннен күнге көбейіп бара жатқан девиантты мінез құлықты
жасөспірімдер қайдан пайда болады? Бізді ойландыратын да осы сұрақ. Дүние есігін жаңа
444
ашқан сəбилер əуел бастан «девиантты» немесе «девиантты емес» болып бөлінбейді. Бұл
қалай? Бұған жауапты алыстан іздеудің қажеті бола қоймас. Дұрысын айтқанда, мұны
əрбір ата ананың өзінен іздегені дұрыс .
Қоғамда өмір сүрудің алғашқы əліппесін қоршаған айналаға қарым – қатынас
тəжірибесінен адам отбасынан үйренеді. Халықтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілерсің» деген мəтелі тегіннентегін айтылмаса керек .
Жасөспірімдердің бірден девиантты бола салмағанын зерттеу нəтижелері де
көрсетіп отыр. Ол өмірде əке шеше мейірімі, қамқорлығы дегеннің не екенін білмей өсуі,
не болмаса оның нағыз достары да болмауы мүмкін. Содан да нашар ортаның ықпалына
түсіп, төбелес жанжалға үйірсек болып, бұзақыларға қосылуы ықтимал .
Осы орайда нақты деректерге жүгінер болсақ , қалада жайсыз отбасының яғни ,
«қиын» ата ананың көбеюі девиантты мінез құлықты жасөспірімдер санының арта
түсуіне əкеліп отырғаны анық .
Девиантты мінез құлықтың пайда болуына отбасындағы үш түрлі жағдай əсер
ететіні белгілі. Олар: əке шешесінің теріс үлгісі , ата ананың біреуінің болмауы, үй
ішіндегі еңсені басатын ауыр жағдай – отбасында өнебойы болып тұратын ұрыс, жанжал.
Өкінішке орай отбасының теріс қылықтарын атап көрсету оңай, түзеу қиын.
Сонымен девиантты мінезқұлықты жасөспірімдерді педагогикалық мінездемелері
жағынан төрт топқа бөлеміз.
Бірінші топқа жататын девиантты мінезқұлықты жасөспірімдердің мінез
құлқында дөрекілік, қатігездік, мейірімсіздік, үлкенкішіні сыйламау сияқты əдет
дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс тұрыстары мен іс əрекеттеріне
баға бере алмайды. Бірақ өз мінез құлқын түзетуге талаптанады.
Екінші топқа жататындар адамгершілік қадір қасиеттерді төмендей бастаған,
əлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік
қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық зомбылық жасау, темекі мен есірткі
қолдану, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты əдеттерге икемдене бастаған.
Бұл топқа тəртібі нашарлаған, құқық тəртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ
бұл балалар əлі бұзыла қоймаған, өз жүрістұрыстарын түзетуге мүмкүндік қабілеті бар,
тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.
Үшінші топқа өз мінез құлықтарын басқара алмай, өзінөзі тəрбиелеуге
бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез құлықтары
қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын
кəмелетке жасы толмаған қылмыскерлер. Бұл топқа қатігездік, зорлықзомбылық
көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік жəне наша тарту істеріне əбден машықтанған
жасөспірімдер енеді.
Төртінші топқа жүйке ауруларына (невроз, кісіні мезі қылатын əдет) шалдыға
бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагогтар мен дəрігерлер
тарапынан дербес қарым қатынас, ілтипат, сый құрмет, жылы лебіз қажет. Енді
девиантты мінез құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объективті жəне
субъективті факторларға назар аударайық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына
əлеуметтік орта мен күнделікті жағдай себеп болады деп дəлелдеген.
Əлеуметтік жағдай негізінде (қоғамдағы экономикалық қарымқатынас, қоғамдық
сана, тап жəне ұлттар қатынасы т.б) жеке адамдардың қалыптасуына объективтік
мүмкіндік туғызып, жастардың əлеуметтік белгілерді сақтап, құқық тəртібін бұзуға жол
бермейді. Ал, жасөспірімдердің заң нормаларын мойындамауы, қоғамдық орындарда
445
тəртіп сақтамауы, үлкенкішіні сыйламауы сияқты қылықтар ұжымда, топта, отбасында,
жоражолдастарының арасында т.б шағын ортада ғана қалыптасады. Өйткені баланың
алғашқы қадамы отбасында, мектепте, жоражолдастары мен ата анасының арасында
жасалады.
Нақтылай айтқанда, жасөспірімдердің бойында девиантты мінезқұлықтың пайда
болуына бірденбір себеп болатын жəне жағымсыз жағдай туғызатын отбасы тəрбиесі.
Оның бастылары біріншіден, баланың күнделікті жүрістұрыстарын қадағаламау, оның
көзінше арақ шарап ішу, даужанжал, ұрыс керіс туғызу. Екіншіден, тəрбиенің көзі –
баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң мұқтажын қамтамасыз ету деп санау. Үшіншіден,
жастайынан баланың еңбектену дағдыларын қалыптастырмау, оқушының жандүниесіне
көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу жəне жаңа адамның отбасына мүше болып енуі де
түрткі болады. Төртінші себеп – атааналардың бір топтары адамгершілік талаптардың
мəнмағынасын түсінгенімен, оларды күнделікті өмірде нық ұстамай, екіжүзділік
көрсетіп, сөз бен істердің арасында алшақтық туады. Олар балаларына мораль талаптарын
сақтауды міндеттегенімен өздері бұған немқұрайды қарайды. Кейбір атааналар олардың
туғантуыстары қызмет бабын пайдаланып, заң нормаларын сақтамаса, кейбіреулері ала
жіптен аттап қылмыстық əрекеттермен айналысады. Мұндай қылықтарды көретін
жасөспірімдер сол шағын ортаның салт санасын қабылдайды. Бесінші себеп – кейбір
атааналардың өмірлік бағдарламасында ала беру, жинау, мансапқорлық, менмендік
пиғылдар орын алып, адамдарды ақылпарасатына қарай емес, «байлығына»,
«қажеттілігіне» қарай сый құрмет көрсету баршылық. Осындай ортадан шыққан
балалардың ұрлық, тонау, жəбірлік, зорлық зомбылық жасауға бейім екенін байқауға
болады. Алтыншы себеп – балаларын шектен тыс мəпелеу, еркелету, ерекше жақсы көру,
тұрмыстық еңбекке қатыстырмай «ақ саусақтылыққа» дағдыландыру, алдарындағы
қиындықтарды жеңуге баулымау, еңбек, əдет дағдыларын қалыптастырмау. Өмірге
икемсіз балалар қоғамға жат қылықтарға, темекіге, ішімдікке, есірткіге, ұрлыққа икемделе
бастайды.
Белгілі психолог К.Бютнердің айтуы бойынша, осындай ойындар, бейнекинолар,
теледидарлар девиантты мінез құлықтың негізгі себебі болады дейді.
Девиантты мінезқұлыққа өзінөзі бағалау деңгейі төмен балалар бейім
келетіндігіне байланысты, балалардың өз ортасынан бөлініп, шеттеп жүруіне де себеп,
болады. Өз ортасында өзін толық сезіне алмаған баланың мектепке деген қызығушылығы
төмендеп, өз қызығушылығын қанағаттандыру үшін телекиноларға əуестеніп, содан
көрген теріс қылықтарды бойына сіңіреді. Сонымен қатар далалардың девиантты болуына
атаана да əсер етеді. Егер атаана балаларының қызығушылығын қанағаттандырмаса, ол
өз қажеттілігін басқа нəрсеге бағыттайды. Осыған байланысты мақсаты қанағаттанбаған
жағдайда іштей пайда болған ашу ызаның эмоционалдық қалпы өшпенділікке, жек
көрушілікке, кектену сияқты жағымсыз эмоционалды қалыпқа айналады [6].
Сол сияқты қазіргі экономикалық жағдайымызда балалардың жастайынан
нашақорлық, жезөкшелікпен айналысуы жəне бұлар жайында көптеген фильмдердің,
хабарлардың көрсетілуі балаларды жас кезінен еліктіріп, оларды құрбықұрдастарынан
бөліп, осындай жүрістұрысқа бейім топтың адамдарымен араласуына кедергісіз жол
ашады. Сондықтан бала санасының дұрыс қалыптасып, психикасының дамуын жетілдіру
үшін бала санасын улайтын мұндай хабарлардың көрсетілуіне əлеуметтік, қоғамдық
тұрғыдан шектеулер қойылуы керек. Сонымен қатар педагог, психолог, атаана,
əлеуметтік педагог бірлесе жұмыс атқарулары тиіс, яғни баланың сабақтан бос уақытын
446
тиімді пайдалануға атаанасымен бірлесе отырып, мектептен тыс көптеген қызықты
жұмыстар жүргізе алады.
Сонымен қатар, педагог олармен байланыс орнату, диалог құру, кедергілерді
анықту, психологиялық педагогикалық қолдау көрсету сияқты бірнеше кезеңдерден
тұратын шараларды жүзеге асырғаны абзал. Кешенді көмек көрсету негізіндегі мəселені
шешу өзара ықпалдастықтың қарымқатынас технологиясы педагог мінезқұлқының
келесі техникасын ұсынады:
Əңгімелесушіге қызығушылық білдір, оның бетіне қарауға жəне тыңдауға үйрен;
ойындағысының барлығын айтқыз, тыныштықты сақтай біл, оқушының жай
күйімен мəселесін түсінуге тырыс;
өз көңілінді білдіре біл;
керекті ақпаратты алу жəне барлығын түсінуге бағытталған сұрақтарды қоя біл;
əңгімелесушіңді өз мəселесін түсінуге, оған шешімін табуға бағытта. Үйретіп
жəне кеңес бер ме, бірақ оның өзіндік шешім табушылығын оят. Баламен əңгіменің
мұндай тəсілі сынып жетекшісіне де ұсынылады. Оның негізінде адамға өзінөзі дамытуға
талпынушы тұлға ретіндегі көзқарас, ал оқушыға дамушы, оларға көмек көрсете алатын
адам ретіндегі көзқарас жатыр. Яғни, бала тəрбиесінде ұсақтүйектің болмайтындығы, кез
келген өзгешелікке, кемшіліктерге мəн беру керек деп тұжырым жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |