Аралық/қорытынды аттестаттау сұрақтарының бағалаудың нақты критерийлері



бет14/28
Дата22.12.2023
өлшемі239,06 Kb.
#142525
түріПротокол
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
1 терапия.

10. Созылмалы гломерулонефрит
Созылмалы гломерулонефрит - қайталамалы және тұрақты гематурия мен жекеленген протеинурия, нефротикалық және созылмалы нефритикалық синдромдармен өтетін аурулар тобы.Нефротикалық синдром ауыр протеинуриямен (>3,5г/тәул.), гипоальбуминемиямен (сарысу альбумині <25г/л), гиперлипидемиямен және жіктермен көрінеді.Созылмалы нефритикалық синдром өзіне протеинурия (<2,5г/тәул. ), гематурия (акантоциттер >5%), аздаған ісіктер немесе ұзақ уақыт жалғасқан артериальды гипертензияны қосады.
Жіктелуі:
Клиникалық:А) Оқшауланған несеп синдромы- қайталамалы және тұрақты гематурия. Протеинурия мен немесе протеинуриясыз
- оқшауланған протеинурия
В) Нефротикалық синдром
С) Нефритикалық синдром
Бүйрек қызметінің жағдайы бойынша
Созылмалы бүйрек ауруының
І-кезең- ШФЖ (шумақша сүзу жылдамдығы ≥90л/мин);
ІІ-кезең- ШФЖ -89-60л/мин.
ІІІ-кезең-ШФЗ- 59-30л/мин.
IV-кезең-ШФЗ-29-15 мл/мин.
V-кезең- ШФЗ-15 мл/мин. Аз
Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:
1. Жалпы қан талдауы: Hb,Эр, MCV,NCH, лейкоцитарлы формула, Тр, ЭТЖ, фрагменттелген эритроциттер.
2. Протеинурия+гематурияға тест жолақтар
3. Зәр тұнбасының микроскопиясы: зәр эритроциттерінің морфологиялық зерттеуі (аконтоциттер), липидурия (“мальталық крест”), эритроцитарлы цилиндр.
4. Несеп ақуыздарының электрофорезі: альфа-2 макроглобулин, Ig-G, трансферрин,альбумин,альфа-1-микроглобулин, ретинол-байланыстырушы протеин, бета-2-микроглобулин.
5. Протеин/креатининді, альбумин/креатининді коэффициент (тәуліктік протеинурия аналогы)
6. Креатинин, несепнәр, K, Na,Ca,P, холестерин, қан сарысуындағы қантты анықтау.
7. Қандағы жалпы ақуызды, альбуминді; қанда С-реактивті ақуызды, (сандық) анықтау.
8. Іш қуысының, бүйректің УДЗ
9. Кокрофт-Голт бойынша ШФЖ есептеу (Epi-GFR)
Шағымдар және анамнез:
Артериалды гипертензиямен және/немесе протеинурия жоғарылауы, ісінулер, диурез төмендеуі, бүйрек жетіспеушілігі болуы мүмкін.
Анамнезінде маңызы бар: күндік инсоляция (күнге күю), тері бөртпелерінің аяқ астынан пайда болып, жоғалуы, эритемалар, артралгиялар, шаштың түсуі, синуситтер, қанды бөліністер мен риниттер, жиі пневмониялар, бронхиальды демікпе, ЖРВИ және фарингит көрінісіндегі макрогематурия жағдайлары, отбасының басқа мүшелерінде гематурия болуы, этиологиясы анықталмаған қызба жағдайлары, вирусты гепатиттерге оң серология, қосымша аурулары: ревматоидты артрит, созылмалы инфекция ошақтары [мысалы: остеомиелит]. Нақтыланған дәрі-дәрмекті анамнез және зиянды әдеттері: ААФи, алтын препараттары, героин. Әйелдерде – үйреншікті түсік.
Физикальды зерттеулер:Ісінулердің бар/жоғын және айқындылық дәрежесін анықтау (аздаған жиектелген, қуыстыққа және анасаркаға дейін), бөртпелерді анықтау, буындық синдром, күнделікті салмағын өлшеу, қабылдаған сұйықтық көлемі (ішке және паррентеральді) және нсеппен шыққаны. Инфекция ошақтарын анықтау.
Зертханалық зерттеулер:Эритроциттерді міндетті морфологиялық зерттеумен несеп талдауы, липидурия көріністері (“мальталық айқыш”), фрагменттелген эритроциттерді анықтаумен және тромбоциттарды санаумен толық қан талдауы, альбумин деңгейі, жалпы ақуыз, холестерин, несепнәр, креатинин, калий, натрий, кальций,фосфор электролиттері, қандағы қант деңгейі. Несеп ақуыздарының электрофорезі және протеинурия түрін (селективті,селективті емес, өзектік ). С3, С4, С50, С3-н С-3 нефритикалық фактор, С-реактивті ақуыз (сандық өлшеу) анықтау. ВГ- В,С, Д, Е маркерлеріне ИФА. ЖҚЖ күдік болған кезде: антинуклеарлы антиденелер (ANА), екі серіппелі ДНҚ-на антиденелер (anti-ds-DNA). Антифосфолипидті синдромға күдіктенгенде: кардиолипинге антиденелер, антифосфолипидті антиденелер, Вассерман реакциясы. Васкулиттерге күдіктенгенде: миелопероксидазаға антинейтрофильді, цитоплазматикалық антиденелер (pANCA), конвертазаға (сANCA). Қызбасы бар науқастарда: прокальцитонин, ИЛ-18 септикалық асқынуларды жоққа шығару үшін зертеу.
Аспаптық зерттеулер:Іш қуысының және бүйрек УДЗ. Васкулиттерге күдіктенгенде: маңдай, гаймор қуыстарының, көз ұясы аймағының, кеуде сегментінің КТ. Стационарда – бүйректің тері арқылы пункционды биопсиясы әрі қарай морфологиялық зерттеулермен (сәулелік, иммунофлюресцентті және электронды микроскопия) морфологиялық диагноз коюмен
Дәрі –дәрмексіз емдеуҚайталанушы және тұрақты гематурия және/немесе 1,0г/тәулігіне аз оқшауланған протеинурия кезінде
Амбулаториялық:
- Теңгерімделген диета, ақуызды сәйкес енгізу (1,5-2г/кг), жасына байланысты калораж;
- Натрийдің тәуліктік қажеттілігі <2г/тәулігіне/есепте натрий хлориді <5г/тәулігіне ас тұзы;
- Мөлшерленген физикалық белсенділік 30 минуттан аптасына 5 рет
- Темекі шегуден бас тарту
- Алкоголь ерлерге күніге 2 мөлшерден көп емес, әйелдерде 1 мөлшерден көп емес
- Көзделген ДСИ 20-30
- Протеинурия деңгейі жоғарылаған кезде >1,0г/тәулігіне және/немесе АГ қосылған жағдайда, бүйректің диагностикалық биопсиясын алу үшін және диагнозды верификациялау үшін госпитальдау көрсетілген
Нефротикалық және созылмалы нефритикалық синдромдарда
Амбулаториялық:
- Теңгерілген диета, ақуызды адекватты енгізу (1,5-2г/кг), жасына байланысты калораж;
- Натрийдің тәуліктік қажеттілігі <2г/тәулігіне/есепте натрий хлориді <5г/тәулігіне ас тұзы;
- Мөлшерленген физикалық белсенділік 30 минуттан аптасына 5 рет
- Темекі шегуден бас тарту
- Алкогольден бас тарту
- Көзделген ДСИ 20-30
- Тест жолақтармен протеиурия деңгейінің мониторингі 1-2 аптада 1 рет, әрдайым АҚ өлшеу
- Протеинурия жоғарылаған жағдайда (қайталамалы) протеин/ креатининді коэффицентті анықтау (тәуліктік протеинурияны есептеу үшін және иммуносупрессивті емді түзету)
- Жүргізіліп жатқан иммуносупрессивті терапияға төзімділік кезінде, стационар жағдайында бүйрек биопсиясын қайталау.
Стационарда диагностикалық биопсия және морфологиялық диагнозды қою және амбулаториялық жағдайда жалғастыруды қажет ететін патогенетикалық ем басталады.
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Протеинуриясымен немесе протеинуриясыз 1г/тәу дейін персистирленетін гломерулярлы гематуриясы болғанда антигипертензивті препараттар ретінде ААФи тобынан немесе БРА [1] нефропротективті терапия қолданылады.
Гломерулонефриттің морфологиялық түріне байланысты созылмалы гломерулонефриттің (нефротикалық синдром, созылмалы нефритикалық синдром) патогенетикалық емі ерекшелінеді, сондықтан бүйрек биопсиясын жасағаннан соң, морфологиялық диагнозды верификациялаған соң тағайындалып және амбулаториялық жағдайда жалғастырылғаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет