Аралық/қорытынды аттестаттау сұрақтарының бағалаудың нақты критерийлері



бет17/28
Дата22.12.2023
өлшемі239,06 Kb.
#142525
түріПротокол
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
1 терапия.

18. Жүрек өткізгіштігінің бұзылысы.
Жүрек блокадасы жүректің өткізгіш жүйесінің анатомиялык немесе функциональдык закымдануына байланысты ол арқылы импульсті өткізудің бұзылуы.Этиологиясы. Жүрек блокадасынын барлык себептерін функциональдык, органикалық және ятрогендік себептерге болуге болады.Функциональдық блокадалар кезбе нерв тонусы күшейтетін ауруларда және спортсмендерде байқалады.Жүрек блокадасының ең жиі органикалык себептеріне жататындар: ЖИА (миокард инфарктісі, инфарктіден кейінгі кардиосклероз, миокардтың өткінші ишемиясы), миокардиттер, кардиомиопатиялар, ревматизм, жүректін туа болған және жүре пайда болған акаулары, гиперто- ния ауруы және т.б.Ятрогендік блокадалар дигиталистік интоксикацияда, хинидиннің, В-адреноблокаторлар-дын, верапамилдің жэне баска антиаритмиялық дәрілердің дозасы асып кеткенде кездеседі.
Классификациясы. Орнына карай:
1) Синоатриальдык блокада
2) Жүрекшеішілік блокада
3) Атриовентрикулярлық блокада 4) Қарыншаішілік блокада
5) Синус түйінінің дисфункциясы (автоматизм мен откізгіштіктің кұрама бұзылысы)
Даму барысына карай: өткінші блокада, тұракты блокада
Ауыртпалығына қарай:
І дәрежелі блокада өткізу уақыты ұзарады, бірак импульстер өткізіледі;
ІІ дәрежелі блокада импульстің кейбірі өткізілмейді; ІІІ дәрежелі блокада ешкандай импульс өткізгіш жүйесінің бір бөлімінен екінші бөлімгеөткізілмейді.
Блокаданың І және ІІ дәрежесі толық емес блокада, ал ІІ дәрежесі толық блокада деп аталады.
Синоатриальды блокада
Синоатриальды блокада (САБ) синоатриальдық түйінде пайда болган импульстің жүрекшелерге баяу өтуі немесе өтуінің токтауы.Басты себептері: жүректің органикалык аурулары (МИ, СЖИА, миокардиттер, жүрек акау- лары), дигиталис және хинидин препараттарымен улану, В-адреноблокаторлардың, кальций антагонистерінің дозасының асып кетуі және ваготонияның ауыр түрі. САБ-н 3 дәрежесін бөледі:ЭКГ бойыншна САБ-ң ІІ дәрежесін анықтауға болады, онда импульс мезгіл-мезгіл жүрекшежетпейді. ЭКГ-да болатын белгілер:1. Ритм синустік, бірақ ырғақтыемес: мезгіл-мезгіл кейбір цикл түсіп калып отырады. 2. Блокададан тыс РР аралығымен салыстырғанда блокада кезіндегі РР аралығы екі еceұзарган (кейде мұндай ұзарған 3-4 ретке жетеді).
3. Ұзак үзілістен кейін РР аралығының біртіндеп кыскаруы.
Ұзак үзілістер кезінде баяу шығып кету комплекстері мен ырғақтарының болуы.
4 САБ ІІІ дәрежесінің диагнозын электрофизиологиялық зерттеулердің нәтижесіне карап қояды;
онда импульс синоатриал түйінінен жүрекшеге өтпейді. Емі . Синус түйінінің әлсіздігі синдромын қараңыз.
Жүрекшеішілік блокада
Жүрекшеішілік блокада жүрекшелердің өткізгіш жүйесінің бойымен электр импульсіөтуінің бүзылуы.
Басты себептері - жүрекшелер закымданатын органикалык аурулар мен дәрімен улану. Да- мудың басты механизмі импульстің Бахман будасы бойымен өтуінің баяулауы немесе тоқтауы. Журекшеішілік блокаданың 3 дәрежесін ажыратады.
ЭКГ-лық белгілері: Блокаданың І дәрежесінде болатын ЭКГ-белгілер: тіркемелерінде Р тісшесі ұзақтығының тұрақты ұлғаюы;1. Аяк-кол2 . Р тісшесінін жарықшақтануы немесе Р тісшесінде ұсақ тісшелердің пайда болуы (тұрақсызбелгі)ІІ дәрежесінің ЭКГ-белгілері:
1. Аяк-кол тіркемелерінде Р тісшесінің біртіндеп ұзаруы және жарыкшақтануы;
2. Ѵ тіркемесінде Р тістесінің сол жақ жүрекшеге тиісті фазасының мезгіл-мезгіл жойылып кетуі.
Блокаданың ІІ дәрежесі өте сирек кездеседі.Емі. Негізгі ауруды емдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет