Амебиаз (дизентерияляқ амеба) 2. Амебиаз
Амебиаз - дизентериялық амебадеп те аталады. Бұл Entamoeba тобындағы кез-келген амебалар қоздыратын ауру. Амебиаз - бұл клиникалық белгілері айқын көрінетін немесе көрінбейтін болып бөлінеді (БДСҰ, 1997). Амебиаз симптомсыз, жеңіл немесе ауыр болуы мүмкін. Симптомдары іштің ауыруы, диарея немесе қан мен шырыш араласқан диарея болуы мүмкін. Асқынуларға қабыну және тоқ ішектің ойық жарасы, тіндердің өлуі немесе перфорация, бұл перитонитке әкелуі мүмкін. Зардап шеккен адамдар қан жоғалтуға байланысты анемия дамиды.
Латынша атауы- Entamoeba histolytica - дизентериялық амеба
Ауру - дизентериялық амеба (амебиаз)
Иесі: Адам
Резервуарлық иесі: Адам – резервуарлық жалғыз иесі. Инвазия әдетте аурудың созылмалы формасы бар науқастан немесе ауру белгісі жоқ циста тасымалдаушылары арқылы беріледі
Инвазия көзі- дизентериялық амебамен ауыратын адам
Инвазиялық сатысы: цисталар
Аурудың жұғу жолдары: ауыз-нәжістік
Аурудың берілу факторлары:адам ағзасына лас қол арқылы, жуылмаған көкөніс мен жемістер арқылы, қайнатылмаған су арқылы енеді
Адам ағзасында тоғышарлық ететін жері:тоқ ішек
Адам ағзасында өмір сүру ұзақтығы: ауру жұққан адамда аурудың белгілері байқалмай, көптеген жылдар бойы циста тасымалдаушысы болып табылады
Тарихы: Ф.А. Леш (1840 - 1903) ауру қоздырушысын дизентериямен ауыратын науқастан тапты және оны Amoeba coli деген атпен сипаттады. Ол бірінші болып науқастың нәжісін тәжірибелікы түрде иттерге жұқтыру арқылы амебаиаздың патогенділігін дәлелдеді. 1890 жылы (William Osler) дизентерияны жас жігіттен байқады, ол кейінірек бауырдың абсцессінен өлімге ұшырады. Амебамен туындаған ауру дизентериялық амеба (Councilman a Lafleur, 1891) немесе амебиаз (Musgrave, 1906) деп аталды
2. Амебиаз
Паразиттік амебалардың жіктелуі