24. Ахмет Ясауидің тілге қызметін талдаңыз Ясылық Ахметтiң алғаш түркi тiлiнде дәрiс беруi, хикметтер жырлауы арабша-парсыша түсiнбейтiн түркi халықтары үшiн заманында туған қажеттiлiк болса керек. Себебi, Орта ғасырлық ғалымдар мен білімділер арабшапарсыша сөйлеген, еңбектерiн арабша-парсыша жазған деп жоғарыда баяндалған болатын. Тiптi Ясауидiң заманында немесе одан сәл-ақ бұрын түркi халықтары құрған Селжұқ империясы өмiр сүрдi. Бiрақ аталмыш мемлекет түркiлердiң құрған мемлекетi бола тұра бұл империяның мемлекеттiк тiлi түркi тiлi емес, парсы тiлi болды. Аталған империяда парсы тiлiнiң ықпалы соншалық сұлтандардың есiмдерi де парсыша болған. Бiр халықты өзге халықтан ерекшелендiретiн бiрiншi кезекте – тiл. Осыған орай, Селжұқ сұлтандары - Алыпарслан мен оның ұлы Мәлікшахтың уәзірі - Низамү-л-Мүлктің ұлты парсы болатын. Ол өз атымен аталатын Низамийе медресесін ашқан. Бұл медресе сол замандағы қазіргі университет тәрiздi білім беретін білім ошағы болған. Ал осы медресе халықтың көзін ашатын оқу-ағарту қызметін парсы тілінде жүргізді.
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. «Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады» деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариғаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Яссауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті.
Оның «Диуани хикмет» еңбегі – діни сопылық әдебиет ескерткіші ғана емес, олар көне түркі тілдес ескерткіштердің бірі болып табылады және көптеген түркітанушылардың пікірінше қарахандық әдебиет дәстүріне жатады. Олардың өлеңдерінің бастауы түрік көшпенділерінің шамандық өлеңдерінде де болады. Оның өлеңдерінің тілінде қыпшақ элементтері бар. Атақты «Диуани Хикмет» - түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы, олар ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа таралды, халықты адалдыққа, әділдікке, мейірімділікке және шыдамдылыққа шақырды.
Осылайша, Яссауи сопылығының бірінші ерекшелігі - халықтығы немесе түркі тілдес халықтарға үндеуі. Бұдан оның екінші ерекшелігі– түркі тілінде тарату шығады. Яссауи алғаш рет ислам әлемінде түркі тілін зікір салуға пайдаланады, дегенмен исламның басты ережелері, бұрынғыдай араб тілінде жеткізіледі. Жеке алғанда, Яссауи туған халқына ана тілінде айту үшін өзінің «Хикметтерін» жазады. Өз кезегінде нақ осы жағдай Түркістан ареалында яссауилықтың атағын қамтамасыз етті. Түрік әдеби тілі және философиялық терминология Яссауиден (және Жүсіп Баласағұн) басталады. Оның үстіне, Яссауи тілінің аналитикасында шеттен алуға ғана емес, сондай-ақ, жеке түрік лексемаларын когнитивті байытуға да көңіл бөлді. Мысалы, қарапайым сөзбен айтқанда «ата» мағынасындағы «ата» сөзі енді рухани тәлімгер, шейх дегенді білдіре бастады. Сонымен Сүлеймен Бақырғани халық арасында «Хәкім ата» ретінде белгілі. Егер Қорқытты аңыздарда жай ғана Қорқыт деп емес, Қорқыт ата деп атаса, біз соңғысында тек данышпан немесе музыкантты ғана емес, белгілі бір сопылық мағынаның басшы деп білеміз