25. Ясауи іліміндегі діни төзімділікке мысал келтіріңіз Жер бетiндегi адамзат баласы бірдей етіп жаратылған кемел жаратылыс екендiгi жоғарыда баяндалған, бiрақ құдiреттi құдай адамзатқа сенiм еркiндiгiн берген. Сондықтан қазіргі жер бетіндегі адамдар әртүрлі нәрселерге сенеді, олардың бірі - мұсылман, бірі - христиан, бірі - буддист, тiптi бiрi құдайға сенбейдi. Ал біздің міндетіміз - адамдардың ар-намысына, азаматтық хұқығына қол сұқпау, оларды дініне қарай бөлмеу, алаламау және кемсітпеу, керісінше адам баласы кемелденiп жаратылған жаратылыс болғаны үшін сыйлауға, құрметтеуге мiндеттiмiз. Ал ол кәпір ме, мүшірік пе, мұсылман ба сол құл мен Аллаћ арасындағы өзара мәселесі. Міне бұл «дiни төзiмдiлiкке» жатады. Құран Кәрімде: «дінде зорлық жоқ» - дегенi сияқты әрбiр сенiм иесiне ақыл-кеңес берумен шектелу мiндеттелген.
Ахмет Ясауи де исламдағы дiни төзiмдiлiктi жақсы ұққан сопы. Оның пікірі бойынша жақсы мұсылман адам, бүкіл адам баласыныңкез келген қырынан ең кемелi болуы тиiс. Оның көзқарасы бойынша кәміл мұсылман адам ұлы Аллаћтың барлығына, бірлігіне иман етіп қана қоймай, барлық адамды бақытты қылатын турашыл, кемел, үлгі болатындай адам болуы керек. Дiни төзiмдiлiк әдiстi ұтымды қолданған кемеңгер бабамыз қандай нәсілде, қандай дінде, қандай ұлтта болса да барлығына Жаратушыныңпендесi ретінде қараған, тiптi дiни төзiмдiлiктi Мұхаммед пайғамбардың сүннетi деп бiлген.
Сүннет екен кәпір де болса берме зарар, Көңілі қатты тіл азардан құдай безер. Алла атынан ондай құлға тозақ даяр, Бұл сөзді даналардан естіп айттым міне. Ахмет Ясауидің Пақырнамасындағы шариғат мақамдарының жетіншісі - «ғылым үйрену».
Құл Қожа Ахмет ғалымдарға қызмет істе, Ғалымдардың сөзін естіп амал істе. Амал істеп, Хақ жолына жаныңды бер, Адамды туралықтан айырып, азғындық жолға түсіретін жаман жолдың бірі - дүниеге қызығу, бірі нәпсінің жетегінде кету.
Адам жүрегіне Аллаћқа деген махаббатты емес, дүниеге деген махаббатты орнықтырса, ол адам - азғын адам. Себебі, дүние рахатына ұмтылған адамнан түрлі қылмыстар мен күнәларды кездестіруге болады және оның ахиреттегі өмірі жәћәннам болмақ.
Дүние үшін қам жеме, Хақтан өзгені айтпа, Кісі малын жеме, қыл көпірден тұтар-а-деп, дүние рахатына қызыққан азғындарды былай суреттейді:
Дүние менікі дегендер – малға иманын сатқандар. Құзғын құстай нәжіске белшесінен батқандар, Молда-мүфти атанып – арамнан мал тапқандар, Ақты қара қылғандар тамұқта ертең жанады. Ал нәпсіге құл болып, азғын жолға түскен залымдардың мойнына шайтан мініп, азғындықүстінен азғындай беретіні анық.
Басыңдағы нәпсіні қусаң баққалар,
Жолдан азсаң, абыройың тапталар.
Ерттеп мініп шайтан малғұн шаттанар,
Нәпсіңді теп, нәпсіңді деп пәтшағар. (31-х)
Ясауи тариқаты 12 ғасырда Мауераннахр, Түркістан, Ферғана, яғни казіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Тәжікстан аумақтарына таралды. Осы жерлерде Ясауидің ілімі мен рухани құндылықтарын жалғастырушылар өзіндік із қалдырды. Сондай-ақ түркі мәдениеті негізінде құрылған барлық тариқатгар осы тариқат негізінде калыптасты. Мұны Нақшбандийа мен Кубраийа (Нажмаддин Кубра) силсиласында Қожа Ахмет Ясауи шәкірттерінің кезігуінен көруге болады.