Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле


Мирату-л Қулуб шығармасы туралы түсіндіріңіз



бет4/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
8. Мирату-л Қулуб шығармасы туралы түсіндіріңіз
«Мират ул-Қулуб», «Көңілдің айнасы» – 14 ғасырда шағатай тілінде жазылған Қожа Ахмет Иасауи рисаласы. Ол Швецияның Упсала қаласы кітапханасының қолжазба қорында сақтаулы (472). Көлемі 534 беттен тұратын кітапты Қ.А. Иасауи шәкірті сопы Мұхаммед Данышменди жинақтаған. «Мират ул-Қулуб» Қожа Ахмет Иасауидың сопылық ой-тұжырымдарын жариялау мақсатында жазылған. Еңбекте Нәжмеддин Кубра мен Мұхаммед Данышмендидің өз ойлары да ұшырасады. Туынды шариғат, тариқат және хақиқат атты үш бөлімнен тұрады. 1-бөлімде ислами сопылық ахлақ, 2-бөлімде тариқат әдебі, 3-бөлімде мағрифатуллах (Алланы тану) туралы әңгімеленеді. Еңбекте сопылық ілімнің өзегі саналатын «көңіл көзін ашу» мен «рухани жетілу» басты мәселе ретінде қаралған, дүниетаным сатылары Иасауидың сопылық философиясын тұжырымдауға негіз болады. «Нұр-и мұхамадия», «умм-ул аруах» танымдары, рухани жоғарылау мен дәрежелік өсу басқыштары айқындалып, кемелдікке жету қағидалары түсіндірілген.
9-сұрақ
Ясауи хикметтерінің мән-мазмұны туралы түсіндіріңіз
Қ.А. Ясауи - бүкіл түркі халықтарының атасы, XII ғасырда көне түркі тілінде жазылған " Диуани хикмет" кітабының авторы. Қ.А.Ясауи Исламға шақыруын, насихаттарын хикмет атымен уағыздаған. Бұл таңдау болса керек. Өйткені Құран Кәрімнің Нахл сүресінің 125 аятында: "Адамдарды Раббыңның жолына хикмет (даналық және көркем үгіт) арқылы шақыр" деп бұйырылған. Хикметтің мағынасын ашатын болсақ даналық, туралық, кәміл ақылдылық, ой пікір, білімділік, өнер дегенді білдіреді. Одан басқа хикмет халал (адал) және харамды (арам) білу, білімді амал жасау мағыналарына келеді.
Өзінің хикметтері арқылы жеті принципін жеткізген:
1 Аллаһқа деген махаббат
2 Ықылас пен шынайылық
3 Адамға деген сүйіспеншілік
4 Кішіпейілділік
5 Әйел мен еркек теңдігі
6 Еңбекті бағалау
7 Ілім мәселесі
"Диуани хикмет" (Даналык кітабы) оғыз-қыпшақ тілінде өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған әдеби туынды. Хикмет тілі дін Исламнан хабары бар жанға жеңіл. Хикметтерді тереңірек үңіліп, мән бере оқыған адам Ясауи жырларының қыпшақ тіліне өте жақын екендігін аңғарады. Сондықтан, Қ.А.Ясауи шығармалары бүкіл түркі халықтарына ортақ рухани мұра. Ақынның шамамен 143 хикметі бар. "Диуани хикметтің" алғы сөзінде жалпы мұсылман дінінің негізгі қағидаларын, шарттарын, парыздарын байыппен баяндайды. Мұндағы ой-тұжырымдар төмендегі жүйелерден тұрады: тәубашылдық, ғибадатшылдық, махаббат, сабырлылық, шүкіршілік, ризашылдық, захидшілік (анықтық), ғаріптік. Мұнда сүйіспеншілік сияқты мәселелері арнайы сөз болады. "Диуани хикмет" адамзатты имандылыққа, бауырмалдыққа, сүйіспеншілік пен ізгілікке тәрбиелеуді мақсат ете отырып жазылған шығарма.
Ақын "Диуани хикмет" еңбегінде адамзатқа ақыл, өсиет айта отырып үлгі, өнеге көрсетуте шақырған.
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ сыпайы болғын,
Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғын.
Махшар күні тәңірге жақын болғын,
Менменсіген халықтан қаштым міне.
Бұл хикметінде ақын адамдардың бір-біріне деген бауырмалдығын, мейірімділігін, сүйіспеншілігін насихаттайды.
Қ.А.Ясауи өзінің "Диуани хикмет" шығармасында Аллаһқа сүйіспеншілік мәселесіне ерекше мән берген. Осы әлемдегі өмірдің түйіні-Аллаһқа құлшылық ету, тәубеге келу, құдай жолына жанын пида ету секілді парыз міндеттерді суреттеп қана қоймай, оны іске асырудың нақты жолдарына да арнайы тоқталады. Аллаһ адамды махаббат сезімінен жаратқан. Мұсылмандық Аллаһты сүюден басталады және жалғасады. Сол себепті Қожа Ахмет:
Иман жоқ сүймегенде, жаны да жоқ,
Болмайды Расул сөзін танып әлек,-
дейді. Ақын өз өмірінен қорытынды шығарып, былай дейді:
Бар дүние менікі деген сұлтандарға,
Ғалам малын сансыз жиып айдағандарға.
Өмірі сауық-сайран құрғандарға,
Өлім неше бір опа өылмайды деп
Осындай дүние-мүлік үшін жанын жалдап, арамдық, сұмдық, зұлымдыққа барған кісілерді аяусыз әшкерелейді. Оларды тәубеге келтіріп, иманды ету үшін ақын ең алдымен өз басындағы міндеттерді тізбелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет