Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле


- сұрақ Мұхаммед пайғамбар с.а.а және Ахмет Ясауи арасындағы рухани байланысты түсіндіріңіз



бет5/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Яссауитану 2 деңгей

10- сұрақ
Мұхаммед пайғамбар с.а.а және Ахмет Ясауи арасындағы рухани байланысты түсіндіріңіз
Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстан аумағында таралуына сүбелі үлес қосқан шоқтығы биік тұлғалардың бірі - Қожа Ахмет Ясауи. Өйткені оның еңбектері мен даналық хикметтерінің маңызы күні бүгінге дейін төмендеген емес.
Қожа Ахмет фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығыс әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды.
Қожа Ахмет Ясауидің өз хикметтеріне Алла Тағаланың пенделеріне деген кеңшілігі мен олардың жасаған күнәларын кешудегі қайырымдылығы арқау етілген. Соған жету үшін негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат. «Шариғат» — ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы «тарихат» — сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, «хақихат» — құдаймен бірігу оған жақындау, «мағрифат»— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше «Шариғатсыз», «Тарихатсыз» «Мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес.
Қожа Ахмет Ясауидің айтуынша, әр іске төзімділік, шүкірлік етіп Құдайға жалбарыну, одан шапағат күту, дүние-мүлік, байлық үшін жанын жалдап, өтірік-өсекке ұрынбау тәрізді мәселелер күнәдан арылудың басты талаптары делінеді.
Ахмет Ясауи өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада өткізеді. Сопы «алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнә» деп өзіне тоқтам жасайды.
Қожа Ахмет Ясауиге байланысты аңыз әңгімелер көп солардың бірі
Пайғамбарымыз миғаражға (көкке) шығып бара жатып, үш адамның ұрқын (жанын) көріп таңданып:
Бұл сәулетті ұрықтар кім болады? — деп жанындағы Жебірейілден сұрапты-мыс. Жебірейіл бұл сіздің үмбеттеріңіз: 1) Имам ағызам, 2) Ғаусыл ағызам (Қожай пауадын) 3) Қожа Ахмет Ясауилер депті-міс. Қожа Ахметке тапсырғайсың деп, пайғамбарымыз өлерінде Арыстан деген сақабасына бір құрма беріп кетіпті (…). Арыстан бес жүз пәлен жыл жасап, сол құрманы Әзіретке тапсырыпты (…).
Ж.Аймауытов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет