28 Жеті түрлі нәпсі деңгейін тізіп жазыңыз, түсіндіріңіз Сопылықтың ең төменгі дәрежесі “нәпсі әммаре (әмір етуші)ден” адам рухани дәрежеде биіктей отырып, “кәмиле нәпсі” сипатына, яғни сопылықтағы ең жоғарғы рухани дәрежеге жоғарылай алады. Бірақ бұл дәрежеге жететін сопылар өте сирек. Өйткені, бұл дәрежеге жетемін деп мақсат қойған сопы сопылықтың қиын да шерлі, соқпақты жолдарынан өтуі керек және бұл өте ауыр жол.
Сопылардың түсіндіруі бойынша жамандыққа баруға бұйырушы нәпсі “әммаре нәпсі (әмір етуші нәпсі)” деп аталады, бұл нәпсі дәрежелерінің ең төменгі сатысындағы - дүниеге құмартқан нәпсі. Нәпсі әммареде менменшілдік, құмарлық, надандық, зұлымдық, шәһуетке тұтқындық сияқты жамандықтарға бейім сипаттар кездеседі. Бұл нәпсіні иеленген адамды “азғын адам” деп айтуға болады. Міне, сопылық жол аталған нәпсімен күресуді ұсынады. Азғындаған бұл нәпсімен күресуді “үлкен күрес” деп атайды. Адамның “ләууаме нәпсі” деп аталатын екінші дәрежеге жоғарылаған нәпсісі істеген жамандықтарының жаман екендігін біледі. Осыған байланысты ол өзін қинайды, жамандықтарды істегісі келмейді, бірақ, сәті түскенде жамандық істерге бас ұрады. Бұл нәпсіде біршама жақсы сипаттар да кездеседі. Ләууаме нәпсіде сүйіспеншілік ұшқыны байқалып, хазіреті Пайғамбардан өнеге ала бастайды. Бірақ жамандыққа бармауға тырысқанмен, әммаре нәпсінің кейбір сипаттары кездеседі.
Үшінші дәрежедегі нәпсі “мүлхиме нәпсі” деп аталады және жақсылыққа бір табан жақындаған нәпсі. Бұл нәпсі өзінің сауапты-күнәлі істерін Аллаһтың жәрдемімен біледі. Сол себепті басқа нәрседен қарағанда Аллаһқа жақын тұрады. Рухтар әлеміне бет бұрған нәпсі ғашықтар халінде ілім үйренуді қалайды, жомарт, қанағатшыл, сабырлы келеді. Нәпсі мүлхиме кешірімді болады, нәпсiмен күрес барысында басынан қиыншылықтарды кешіреді. Әлемнің құпиясына таң қалып, барлығын тастап, оны жаратқан Хаққа жақындауға тырысады.
Барлық жақсы сипаттарды өзіне жинақтаған төртінші дәрежедегі нәпсі “Мұтмаинне нәпсі” деп аталады. Бұл дәрежедегі нәпсі шер мен қиналуларын қойып, жүрегі орнына түседі. Бұл дәрежедегі нәпсіні иеленген адамның жүрегі кәміл иманмен толығады. Нәпсі мұтмаинне шариғаттың кейбір сырларын үйренедi, жомарттық, туралық, жылы жүзділік, ақ көңілділік сияқты жақсы мінезбен мінезденеді. Бұл нәпсіні бойына жинақтаған адам кемшіліксіз, қатесіз шариғат әмірлерін толық орындайды. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың асыл мінезімен мінезденіп, солай өмір сүруге тырысады және одан рахат табады.
Барлық жағдайда толысқан дәрежеге жеткен нәпсіні “разийе нәпсі” деп атайды. Бұл нәпсі адами сипаттардан да жоғарылаған нәпсі болып есептеледі. Разийе нәпсіні иеленген адамның мінезі ең жақсы мінез болып табылады, діни әмірлер мен тыйымдарды толық орындайды. Бұл адамның халық арасында абыройы жоғары болады, барлығы оны құрметтейді. Бұл дәрежедегі нәпсіде Аллаһтың әрекеттері, есімдері мен сипаттарының көрінісі кейде байқалып отырады.
Ұлы Аллаһтың ырза болғанына байланысты алтыншы дәрежеге жоғарылаған нәпсі “нәпсі мәрзийе” деген атауды иеленген. Адамдық құмарлықтардан мүлден бас тартқан және тек жақсы мінезбен мінезденген бұл нәпсі біреудің кемшіліктерін кешіретін, жақсы ойлы, қолы ашық, адамдарды тек Аллаһ үшін сүйетін терең ойлы болып келеді. Мәрзийе нәпсіні иемденген адам ғайыптың кейбір сырларын Аллаһтың рұқсатымен үйренеді және Мұхаммед пайғамбардың құдси хадисінде Аллаћ Тағала: “Оның көретін көзі, еститін құлағы, ұстайтын қолы, жүретін аяғы және сөйлейтін тілі мен боламын. Ол мен арқылы көреді, мен арқылы естиді, мен арқылы ұстайды, мен арқылы жүреді және мен арқылы сөйлейді”, - деген хадисі осыған айтылса керек.
Сопылардың пікірінше ілім екі түрлі болып келеді. Бірі оқу, үйрену арқылы қол жеткізуге болатын ақли, нақли ілімдер, мұны “заһири ілімдер” деп атайды. Ал екіншісі риязет, тақуалықтың нәтижесінде Аллаһтың құлына силаған уаһби ілімі, бұл “батыни ілім” деп те аталады.
Сопылық жол бойынша заһир ілім - шариғат ілімі, батыни ілім - хақиқат ілімі. Шариғат ілімін адам оқу, үйрену арқылы меңгере алса, хақиқат ілімін меңгеру Аллаһтың һидайет, лүтуфына (қайрымдылығына) байланысты. Бірақ Аллаһтың шариғат ілімін меңгермеген адамға батыни ілімді беруі мүмкін емес.
Сопылардың пікірінше жүрекпен сезінетін (батыни ләдүнни) ілімді меңгерген құлдың
ғайыптан (көрінбейтін әлем) хабары болады. Ғайыптан хабар алушылар да кәміл нәпсіні бойына жинақтаған сопы болып есептеледі. Кәміл нәпсіге қол жеткiзген сопы ғайыпты өздерінің адамдық тұлғасымен емес, адамдық тұлғадан өтіп, Хақтың сипаттарын иемдене отырып біледі. Сондықтан олар өздерімен емес, Хақпен бірге, Аллаһ арқылы көреді. Аллаһтың арқылы көргеніне байланысты олар үшiн ұзақтық, жақындық - бір. Міне мұны “керемет” (көзді ашып жұмғанша ұшып бару, су бетінде өз аяғымен жүре беру, жалаң аяқ шоқ басу т.б.) деп аталады. Ал керемет Аллаһтың рұқсатымен әулиелердің қолынан ғана келеді. Ал “әулиелер” деп “кәміл нәпсіні” иеленген адамды атайды.
Аммара нафс- қанағатсыз, тойымсыз нәпсі. Ол ешқандай өқралдар мен ережелергебас имей, тек тән ләззаты мен қажеттілігін қанағаттандыру үшін тырсатын жамандықтар көзі. Қара кш.
Лауума нупсі- жеңі, нәзік перделермен жабылған нәпсі, жамандық істеген, бірақ одан өзі жерінп, өкініш сезнетін рухты айтады.
Мулhима нәпсі- нұр мен қараңғылық аралас жан, жамандықты қаламайтын, шабыттанған жан.
Мутмаинна нәпсі-қараңғылыққа қарағанда нұры басым, тоқтаған, биіктеген, рухты айтады.
Разиа-нұрлы, қараңғылықтан азғана белгісі бар жан, тағдырға разы, жоғары дәрежедегі рух.
Марзиа-өзіне дән риза болған рух. Бұл жанды нұр барған сайын күшейте түседі.
Сафиа –бүкіл қараңғылық, перделері жойылып тек қана нұр жайнаған жан. Нұрланған рух. Сопылықтың ең негізгі мұраты-адамныңрухын тәрбиелеу арқылы оны адамдық сана мен санатқа көтері. Рухты жаттықтыру риязат, нәпсімен күресу-мұжахада, мұратпен үндесу-рабыта, терең ой-тафаккур, Алланы жиі еске алу- тазаккур, сұхбат т.с.с. әдістер қолданылады.